Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу.
Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихына талдау.
1. «Инклюзивті білім беру» курсы бойынша глоссарий.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
2.Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу.
Психологиялық-педагогикалық проблема ретіндегі инклюзивті білім берудің тарихи-теориялық алғы шарттары
3.Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихына талдау.
Қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген мәселелер өз шешімін табуда. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Балабақшалардың тек 20 %-ы, мектептердің 60 %-ы, колледждердің 30 %-ы ғана инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Сапалы инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі жастағы балалардың бар-жоғы 28,2 %-ы және ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар мектеп оқушыларының 46,5 %-ы қамтылған. Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін мамандардың тапшылығы 64%-ды құрайтынын» мәлімдейді. Бұл дегені, біздің елде жүйенің толықтай енгізілуі үшін әлі де шешілуі қажетті мәселелердің баршылығы.
Инклюзивті білім беруді дамытуға серпін берген келесі екі оқиға 1960-1970 жылдары АҚШ-та болды. Біріншісі - нәсілдік теңдікті жақтайтын азаматтық құқықтар қозғалысының басталуы, екіншісі - 1975 жылы мүгедек балаларды "ең аз шектеулі ортада" оқыту талабын қамтитын мүгедек балаларды оқыту туралы Заңның қабылдануы. Үшінші оқиға 1994 жылы маусымда Испанияның Саламанка қаласында 92 Үкімет пен 25 халықаралық ұйымның өкілдері кездескен кезде болды.
«Инклюзивті білім беру» термині бізге Еуропадан келгені барлығымызға белгілі. Жалпы, инклюзивті білім беру дегеніміз не? Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңының 1-бабы, 21-4 тармақшасында инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс деп көрсетілген .