№1. Білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру модельдері.
Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын).
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалып білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым – қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.