Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Биология-география факультеті
Ботаника кафедрасы
Қали Алмагүл
Кыздарова Даметкен Канагатовна
«Фармакогнозия» пәні бойынша
Дәрістер курсы
білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»
Қарағанды 2022
Дәріс № 1 Тақырыбы: Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары.
Дәріс жоспары:
Фармакогнозия пәні, оның шығу тарихы, әдістері, мақсаты.
Фармакогнозияның зерттеу обьектілері.
Жабайы түрде өсетін пайдалы өсімдіктердің жіктелуі.
Дәрілік өсімдіктер және олардың фармакотерапевтік әсері бойынша жіктелуі.
Кіріспе.
Адамзат пайда болғаннан бастап алдымен өзін қоршаған тіршілікпен танысып, соның ішінде әртүрлі өсімдік топтарымен, әсіресе тамақтық, содан кейін дәрілік т.б. өсімдіктерді танып, өзінің қажетіне пайдалана бастады. Содықтан, бұл өсімдіктер ресурсы пәні, ботаника ілімінің тек бір саласы ғана емес, бұл ілім онымен даму барысымен де тығыз байланысты.
Былайша айтқанда, өсімдіктер ресурсы пәні іс жүзіндегі қажеттіліктің негізінен пайда болып, халық шаруашалығымен медицинаның мұқтаждығына қызмет етеді. Бұл ілім басқа ботаниканың салаларымен салыстырғанда, жаңадан пайда болған жас ілім.
Ол негізінен табиғатта кездесетін пайдалы жабайы өсімдіктердің түрлерін, олардың популяциясын, таралу ерекшелігін, пайдалану жолдарын, қорын, химиялық құрамын, сол сияқты пайдаланылып жүрген өсімдіктердің шикізат қорын анықтау ғана емес, басқа да жаңадан табылған пайдалы өсімдіктердің көзін табу мен айналысады.
Өсімдіктер қорын қоғамның материалдық және мәдени қажетіне пайдаланылатын табиғи байлықтың бір бөлігі деп түсіну керек. Осылардың қатарына өсімдіктер қоры да жатады. Жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етуде жасыл өсімдіктердің маңызы өте зор.
Біріншіден, пайдалы өсімдіктер қоршаған ортаның жағдайын жақсартады.
Екіншіден, пайдалы өсімдіктер адамның қоректік заты есептелсе, бұдан басқа мал шаруашылығында азықпен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады.
Сондықтан өсімдіктер қорын зерттеудің негізгі мақсаты-пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып және оларды қорғап, сақтаудың жолдарын зерттеп табу.
Пайдалы өсімдіктер деп, адамның өзінің мұқтаждығына, қажеттілігіне пайдаланылатын өсімдіктерді айтады. Осыған сәйкес күнделікті өмірде пайдалы өсімдіктер деген түсінік қолданылады. Пайдалы өсімдіктерге жабайы және мәдени өсімдіктер де жатады, яғни адамзатқа қандай да бір пайдасы бар өсімдіктердің бәрі жатады.
Пайдалы өсімдіктерге қолдан өсірілетін (бақшада, арнаулы учаскелерде) және өздігінен табиғатта өсетін өсімдіктер жатады, бұлар қоректік заттардың көзі болып есептеледі. Ботаникалық өсімдіктер қорының ең басты міндеттерінің бірі болып, өсімдіктер қорының географиялық таралуын есепке алу және оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау болып табылады.
Осының негізінде қана өсімдіктер қорын тек аймақтарға ғана бөлу емес, сондай-ақ, шикізат өңдейтін кәсіпорындарды дұрыс орналастыру мәселесі шешіледі (яғни, шикізат көзі болып есептелетін пайдалы өсімдіктердің өңіріне таяу жерлерге әртүрлі кәсіпорындар ұйымдастырылады).
Өкінішке орай осы уақытқа дейін кейбір аудандарда кең таралған жабайы тамақтық өсімдіктер (саңырауқұлақ, жаңғақтың түрлері, жеміс-жидектер) толық пайдаланылмай келеді.
Зерттеу дәрежесіне қарай жабайы пайдалы өсімдіктерді үш топқа бөлуге болады:
Тиімді (эффективные);
Келешегі бар (перспективные);
Потенциалды (потенциальные);
Тиімді пайдалы өсімдіктер тобына қазіргі уақытта пайдаланылып жүрген өсімдіктер жатады.
Перспективті пайдалы өсімдіктер тобына пайдалы екендігі анықталған, бірақ әртүрлі себеептермен (толық зерттеліп болмағандықтан, өсетін орынының жолға алыс болуының әсерінен және кейбір өсімдіктерді өңдеу технологиясының толық жетілдірмеуі т.б.) уақытта пайдалануға ұсынылмаған өсімдіктер жатады. Бірақ бұл өсімдіктер жоғарыда айтылған себептердің шешілмеуінен кейін, бірінші тиімді пайдаланылатын өсімдіктер тобына ауыстырылуы мүмкін.
Потенциалдық топқа кейбір пайдалы қасиеттері тәжірибе жүзінде анықталмаған, бірақ өнеркәсіптік сынақтан өтпеген өсімдіктер жатады. Сондықтан оларды іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі іс жүзінде анықталуы керек.
Өсімдіктер қоры ілімі–алғашқыда (Ильин, 1948) табиғи шаруашылық ботаникасы деп аталды, одан кейін шаруашылық ботаникасы (Боссэ, 1957) деп аталады. Бірақ 1961 жылы ғалым А. Федоров берген «Ботаникалық өсімдіктер қоры» деген ат кеңінен таралды, бұл пән қазірге дейін осылай аталады. А. Федоровтың ғылыми жұмыстарында «Ботаникалық өсімдіктер қорының» алдында тұрған негізгі міндеттері анықталған. Олар мыналар:
1. Жабайы өсімдіктердің ішінен пайдалыларын анықтап, олардың ішінен перспективті түрлерін пайдалануға жекелеп бөліп алу. Сонымен қатар ол өсімдіктерге өндірістің қоятын талаптарын ескерген жөн.
2. Жаңадан табылған өсімдікті жан-жақты зерттеу керек: бұл өсімдіктердің табиғаттағы өсіп, даму ерекшеліктерін, табиғи ортадағы өзгергіштік мүмкіндіктерін және т.б. ерекше пайдалы Пайдалы өсімдіктердің қасиеттерін терең, түбегейлі зерттеу.
3. Өсімдіктердің құрамындағы олардың пайдалы қасиеттерін анықтайтын заттардың саны мен сапасының өсу ортасының биологиялық-экологиялық жағдайларға тікелей байланыстылығын анықтау. Осы зерттеулердің нәтижесінде бұл өсімдіктерді пайдалану жолдары және әрі қарай зерттеу мүмкіндіктері анықталады.
4. Пайдалы өсімдіктердің өнімділігін, пайдалану тәртібін, жинау мезгілін, табиғаттағы қорын, таралу жолдарын (географиялық) анықтау. Міне осылар пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланудың ғылыми ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді.
5. Сирек кездесетін және пайдалы өсімдіктердің жаңа түрін жабайы түрден мәдени түрге айналдыру жолдарын және оларды мәдени түрде өсіргенде (тәжірибе учаскелерінде) жаңа ортаға бейімделу ерекшеліктерін, өсіп, дамуын, олардың өнімділігін т.б. табиғи жағдайлармен салыстырмалы түрде зерттеу.
Жабайы түрде өсетін пайдалы өсімдіктердің жіктелуі (пайдалану түріне қарай).
1. Нандық өсімдіктер:
а) астық тұқымдастардан–бидай, күріш, арпа, тары, сұлы, жүгері, қара бидай, Африкалық тары, жабайы күріш.
б) нандық-бірақ басқа тұқымдастардан мыналар: картофель, манока, қарамық, ямс, батат, канна, колоказия, нан ағаш, саго пальмасы.
2. Қанттық өсімдіктер: қант қызылшасы, қант қамысы, қант пальмасы, қант үйеңкісі (клен).
3. Инулинге бай өсімдіктер: тапинамбур, цикорий.
4. Белоққа бай өсімдіктер: соя, бұршақ, үрмебұршақ, нут, жасмық, чина (ноқат).
5. Майлық өсімдіктер (тамақтық және техникалық маңызы бар): кокос пальмасы, жер жаңғағы (масляной орех), майлық пальма, мақта, зәйтүн майшетен (маслина), соя, шемішке, күнжіт, зығыр, сора, мақсары (сафлор), рыжик, қыша (горчица), рапс, какао, көкнәр.
6. Майлық-дәрілік, техникалық өсімдіктер: үпілмәлік (клещевина), тунг, кротон.
7. Жеміс-жидектік өсімдіктер:
а) Қоңыржай климатты жерлердегі жемістер:
алма, алмұрт, айва, мушмула, қараөрік, ирга, шие, шабдалы, қожақат-сиыр бүлдірген (ежевика), қарақат, қой бүлдірген, таңқурай, тұшала (крыжовник), қызыл бұта (кизил),тұт, боз жиде (лох).
б) Тропика мен субтропиканың жемістері:
цитрустыларға жататындар: ананас, апельсин, мандарин, лимон, банан, манго, інжір, финика пальмасы, қауын ағаш, анар, құрма.
8. Жаңғақ жемісті өсімдіктер:
орман жаңғағы, грек жаңғағы, пекан, бадам (миндаль), фисташка, бразилия жаңғағы, каштан, кедр жаңғағы, пиниоли.
9. Көкөністік өсімдіктер:
орамжапырақ, қызылша, петрушка, пастернак, сельдерей, помидор, баклажан, бұрыш, пияз, сарымсақ, спаржа, артишок, чайот, бамия, асқабақ, қарбыз, қауын, қияр, шпинат, салат, шалқан, шалқам.
10. Тамақтың дәмін келтіретін өсімдіктер (пряности):
аскөк, тмин, кориандр, анис, чабер, майоран, эстрагон, хренғ қыша, лавр, қалампыр, жұпарағаш (мускатный орех), қара бұрыш, корица, шафран, ваниль, кардамон, зімбір.
11. Эфир майлық өсімдіктер:
Казаналықтық раушан, қазтамақ, лимон шөбі, лаванда, жасмин, сандал, қалампыр, корица, анис, кориандар, пачули, камфора, эвкалипт, жалбыз, шалфей.
12. Наркотикалық және жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартатын өсімдіктер:
темекі, шәй, кофе, какао, гуарана, катх, көкнәр, шәй бұтасы, индиялық сора, кокаин бұтасы.
13. Мал азықтық өсімдіктер:
Судан шөбі, могар, қарабас шалғын,қылтықсыз арпабас, еркек шөп, бидайық, тарғақ тарақ, сиыр жоңышқа, беде, жоңышқа, эспарцет, қызылша, мал азықтық сәбіз, турнепс, брюква, мал азықтық қарбыз, қауын, орамжапырақ.
14. Кейбір маңызды дәрі-дәрмектік өсімдіктер:
морфий алатын-көкнәр, валериана, сарбас шөп, шөре бота, женьшень, сәлбен, меңдуана, сасық меңдуана, истод, жанар гүл, түймедақ, шайқурай, шерменгүл, киікоты, інжугүл, түйежапырақты рауғаш, түймешетен, құм салаубас, мыңжапырақ, итошаған, қырмызыгүл, сүйелшөп, у қорғасын т.б.
15. Тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын өсімдіктер:
мақта, кенеп, зығыр, сора, рами, кротолярия, жұт, манильская пенка, қамыс, ши т.б.
16. Илік өсімдіктер:
Емен, қараған, шырша, тал, каштан, сумах, скумпия, таран, қайың, қарағай, ризофора.
17.Сүрек беретін, ағаш тектес өсімдіктер:
қарағай, шырша, бал қарағай, май қарағай, қайың, емен, шетен, араукария, секвоя, шамшат, терек, эвкалипт, ырғай, бамбук, платан, жаңғақ, қанды ағаш т.б.
18. Каучук, смола және камедий беретін өсімдіктер:
Гевея, гвайюла, сандарак ағашы, Перуан бальзамын беретін, толуан бальзамын беретін ағаштар, шығыс ликвидамбар ағашы, дракон ағашы, сумах лаконосы, мастика фисташкасы, канада бальзамын беретін ағаш, тау сағыз, көк сағыз т.б.
ІІІ. Өсімдіктер шикізатымен, ресурсын зерттеудің (оқудың) әдістері (методы изучения сырьевых растений и растительного сырья).
1. Ауызша сұрау (опросный метод)
Халық балгерлерінен, тәуіптерден, олардың тәжірибесіне сүйене отырып сұрау. Бұл әдіс көбінесе дәрі-дәрмектік өсімдіктерді зерттеу барысында пайдаланылады.
2. Химимялық әдістер.
Жиналған өсімдіктерге олардыңқұрамында қандай биологиялық активті заттардың бар екенін анықтау үшін әртүрлі химиялық анализдер (сандық, сапалық) жүргізіледі.
3.Таксономиялық әдіс.
Жиналған өсімдіктердің бір-бірімен филогенетикалық туыстық ұқсастығы бар ма, жоқ па (бұл бір туысқа жататын өсімдіктрдің түрлерінің және туыстарының арасында салыстырмалы түрде жүргізіледі. Мысалы: кей жағдайда бір тусқа жататын өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық активті заттардың түрі бірдей болады, ал сапасы әрине әртүрлі (мөлшері) болып келуі мүмкін. Мысалы: Волгалық жанаргүл және көктем жанаргүлі екеуінің құрамында гликозидтер болады т.б. Қазіргі кезде басқа да көптеген әдістер шығып жатыр, далалық жағдайда да бұл әдістерді қолданып, пайдалы өсімдіктерді зерттеуге болады. Олар: әртүрлі химиялық, анатомиялық, биологиялық, калориметрлік т.б. көптеген әдістер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Адекенов С.М. Сесквитерпеновые лактоны растений Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1987.
2. Лекарственные растения Казахстана. Труды института ботаники. А., 1966-1975.
3. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. Алматы, 1994.
4. Михайлова В.П. Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение. А-1968.
5. Гемеджиева Н.Г. Краткий терминологический словарь по ботаническому ресурсоведению: Справочное пособие. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000
6. Максютина Н.П и другие. Растительные лекарственные средства. Киев «Здоровье» , 1985.
7. Гаммерман А.Ф. Курс Фармакогнозии. Из-во, Л-1967.
8. Хотин А,А и др. Эфирномасличные культуры. М, 1963.
9. Вульф Е.В. , Малеева О.Ф. Мировые ресурсы полезных растений. Л, 1969.
10. .Гаммерман А.Ф. Дикорастущие лекарственные растения СССР. М., 1976.
11. Муравьева Д.А. Фармакогнозия . М., 1991.
12. Энциклопедический словарь лекарственных , эфирно- масличных и ядовитых растений. М., 1951.
13. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. А., 1990.
14. Правила сбора и сушки лекарственных растений .Сборник инструкции ., М., 1985.
15. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение . М., 1974.
16. Задорожный А.М. и др. Справочник по лекарственным ратениям. М, 1992.
17. Крылова И. В. , Шретер А.И. Методика определения запасов лекарственных растений. М., 1971.
Достарыңызбен бөлісу: |