Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»



бет6/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Жабайы жемістік өсімдіктер (Кавказдық)
Алмұрт туысының () 2 түрі бар: раушангүлділер тұқымдасының өкілі орман алмұрты (). Бұл түр Кавказда, Арменияда, Польша мен Батыс Кавказда кеңінен таралған.
Тал жапырақты алмұрт (). Түрдің ареалы шығыс Кавказ бен 000 жазықтығы мен таулы аймақтарын қамтиды.
Мамықжапырақты алма () Кавказда кеңінен таралған, оның 6 түрі бар, бірақ та шаруашылық маңызы бар раушангүлділер тұқымдасының өкілі алшаны () атауға болады.
Орман жүзімі (). Тамаққа жаңа піскен күйінде және шарап, мейіз дайындау үшін қолданылады.
Лабруска жүзімі () мәдени түрге айналдырылған америкалық сорт.
Анар. Биіктігі 4 м болып келетін аса биік емес ағаш немесе бұтатектес өсімдік. Шығыс Кавказда өседі. Жеміс қабығы қатты қабықшамен қапталған, қызыл түсті жалған жидек. Жеміс қабығының ащы тұнбасы малярия ауруын емдеуге қолданылатын хининді алмастырушы болып табылады. Сонымен қатар қабығында жібекті, жүнді, теріні бояуға арналған көптеген илік заттар болады.
Інжір немесе тұт тұқымдасының өкілі шарап жидегі. Биіктігі 8-10 м-ге жететін ірі ағаш тектес өсімдік. Жабайы түрде Қара теңіз жағалауының оңтүстік бөлігінде құмды төбелерде, жарларда және шығыс Кавказда өседі. Жемісінде 15-16%-ке дейін қант, ал құрғақ күйінде 52%-ке дейін болады.
Құрма () эбендер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 20-23 м-ге жететін тік өсетін ағаш тектес өсімдік. Жабайы түрде Батыс Кавказда өседі. Тамаққа жемістері құрғақ және шикідей күйінде де пайдаланыла береді.
Орта Азияның жабайы өсетін жемістік өсімдіктері
Орман алмұрты, Коржинский алмұрты, әртүрлі жапырақты алмұрт, Буассьеровский алмұрты, мамықжапырақты алма, магалебск шиесі, үй өрігі, орман өрігі, сары өрік, орман жүзімі, шарап жүзімі, інжір, анар, беже, құрма, қара бүлдірген. Бүлдірген аз таралған.
Таңқурай Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шаньда, Іле Алатауында кездеседі.
Алқызыл, ірі жемісті долана.
Орта Азияның барлық таулы аймағын Мейер саумалдығы алып жатыр.
Қызыл қарақат жазықтықтарда, Солтүстік Орта Азияның таулы жерлеріне: Қазақстандық Алтай, Көкшетау, Қарқаралы тауларына дейін созылып жатыр.
Солтүстікқазақстандық тас қарақат Мұгаджар тауларынан Семей ұсақ қыраттарына дейін таралған.
Тамақтық жаңғақжемісті өсімдіктер-олардың негізгі ерекше жеңіл сіңімділігі мен жоғары нәрлендіргіштігі олардың жемістеріндегі (жаңғақтарындағы) өнімдерге: 55-65% май, 6-34% ақуыздың болуына байланысты. ТМД-ның солтүстік орманды аймағынан бастап таралады.
Сібір самырсыны (майқарағай) қарағай тұқымдасының өкілі. Биіктігі 35 м-ге жететін ірі ағаш. Сазды жазықтарда, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде, сирек мүк батпақтарында ТМД-ның барлық орманды аймақтарында өседі. Әсіресе Батыс Сібірдің орманды жерлерінің солтүстік бөлігінде таралған.
Орманжаңғақ, шаттауық, шөмішбас () жіңішке майысқақ бұтақтары бар бұта тектес өсімдік. ТМД-ның Еуропа бөлігінің орманды жерлерінің Орта және Оңтүстік бөліктерінде, Қырымның және Кавказдың ормандарында өседі.
Аюжаңғақ () 25 м-ге дейін жететін, аса ірі бұта тектес немесе ағаш тектес өсімдік. Кавказ тауларының ортаңғы белдеуіндегі аралас ормандарда өседі.
Колхид аюжаңғағы-тек қана Батыс Кавказда Қаратеңіз жағалауларында кездеседі. Ұсақ жаңғақты бұта тектес өсімдік. Жаңғақтарының ядросы жеуге жарамды.
Грек жаңғағы-15-30 м болатын ірі ағаш тектес өсімдік. Батыс және Шығыс Кавказда барлық жерлерде кездеседі.
Манчьжур жаңғағы-Қиыр Шығыста және ТМД-нің шекараларында Манчжурияда таралған.
Бадам. Оның өкілдері Қиыр Шығыста болмайды, Орта Азияда кеңінен таралған. 3 түрі бар: кәдімгі бадам, Ледебур бадамы, Петунников бадамы.
Кәдімгі пісте Орта Азияның таулы жүйесінің оңтүстігінде таралған.
Кәдімгі талшын Бук тұқымдасының өкілі. Оңтүстік және Жерорта Батыс Еуропада, Балқанда және Алдыңғы Азияда кеңінен таралған. Жабайы түрде тек қана Батыс, Оңтүстік және Шығыс Кавказда кездеседі. Жаңғақтардың химиялық құрамында: ақуыз 7-9%, крахмал 65-70%, майлар 3-4% болады. Жаңа піскен жаңғақтарында су көп болғандықтан оларды сақтауда қиындық тудырады. Тамаққа талшын шикі, пісірілген және қуырылған күйде пайдаланылады. Кептірілген талшындардан ұн жасалады.
Жапырақты тамақтық өсімдіктер.
Түкті балдырған () Шатыргүлділер тұқымдасының өкілі. Кавказдың барлық орманды облыстарында өседі. Тамаққа өсімдіктің жұмсақ сабақтары пайдаланылады.
Тау самалдық () Қарамық тұқымдасының өкілі. Алтайдан бастап Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде және Кавказдың таулы облыстарында, Қазақстанда және Орта Азияда кездеседі. Құрамында қымыздық қышқылының болуына байланысты жапырақтары өте қышқыл болып келеді. Кавказда және Орта Азияда қымыздық орнына жасыл щилерді қайнатуға пайдаланылады.
Тәтті таусағыз. ТМД-ның Оңтүстік Еуропа бөліктерінде кездеседі. Қазақстанда және Орта Азияда өте жақын түр-айқын емес таусағызбен алмастырылады. Тамаққа құрамында инулин мен аспарагин заттары бар тамыры пайдаланылады.
Негізгі әдебиеттер:

1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение. А-1999..


2. Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растения СССР, М., Л., 1942.
3. Ильин М.М. Общие вопросы изучения сырьевых растений// Методика полевого исследования сырьевых растений. М.; Л.; 1948.
4. Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. М.; Л.; 1947.
5. Растительное сырье СССР. Сборник монографии по отдельным группам полезных растений в двух томах. Изд. АН СССР, М.-Л., 1950-1957.
6. Мухитдинов Н.М., Г.Н. Паршина, Лекарственные растения. А, 2002.
7. Егеубаева Р.А. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. А., 2002.
8. Гаммерман А.Ф. и др. Лекарственные растения М., 1985.
9. Дикорастущие полезные растения СССР. М., 1976.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет