Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»


Дәрі-дәрмектік өсімдіктердің химиялық құрамы



бет3/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Дәрі-дәрмектік өсімдіктердің химиялық құрамы.
Зат алмасудың нәтижесінде дәрілік қсімдіктердің вегетативтік және генеративтік күрделі химиялық заттар (биологиялық активті заттар) синтезделеді, бұл заттарды фармакогнозияда үшке бөледі:
А) әсер етуші биологиялық активті заттар (действующие);
Б) қосымша (ілеспелі) заттар;
В) балласты заттар;
Осылардың ішінде адам организміне емдік қасиеті бары әсер етуші (действующие) немесе биолоигялық активті заттар; фарамакологияды осы емдік қасиеті бар заттарды-активті заттар деп атайды. Бұл активті заттар өсімдіктердің құрамында аз ғана мөлшерде ғана болады, бірақ әсері күшті болады.
Қосымша (жалғаспалы) заттар деп, қалайда негізгі қосылыстың (басты терапиялық әсері бар қосылыс) әсерін өзгертетін заттарды айтады. Мысалы, олар әсер ететін заттың сорғыштығын жоғарылатады., яғни олардың сіңірілуіне әсер етеді, демек организмге сіңірілетін терапиялық әсері бар активті заттың пайдалы әсерін күшейтіп, оның зиянды әсерін азайтады.
Кейбір жағдайларда керісінше, зиянды әсер етуі мүмкін, ол уақытта бұл қосымша заттарды бөліп тастау керек. Табиғи дәрілік заттардың құрамында осындай қосымша (жалғаспалы) заттардың болуы, олардың синтетикалық жолмен алынған дәрілік заттардан ерекше айырмашылығы бар.
Ал, балласты заттардың маңызын өзінің атынан түсінуге болады: балласт деген «артық жүк» деген сөз, яғни бұл заттардың зияны болмаса да, емдеуге пайдасы жоқ. Бұлар өсімдік денесінің негізгі салмағын (массасын) немесе негізгі бөлімін құрайды. Бәрінен бұрын бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің қаңқасын құрайтын клетчатка. Ол суда да, спиртте де, басқа еріткіштерде де ерімейді, сондықтан дәріге айналмайды.
Өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары 19 ғасырда ашыла бастады. 1806 жылы Сертюрнер деген ғалым апиыннан (көкнәр өсімдігінен) таза алкалоид морфинді бөліп алды да, оның «ұйқы» келтіретін немесе «ұйықтатқыш» әсерін дәлелдеді. Бұдан басқа осы 19 ғасырдың орта кезінде Ю. Либих, Ф. Велер деген ғалымдар биологиялық активті зат-гликозидті ашты.
Қазіргі уақытта алкалоидтар мен қатар гликозидтер дәрі-дәрмектік өсімдіктердің құрамындағы маңызды әсер ететін белсенді заттар болып есептеледі. Бұдан әрі қарай өсімдіктерден басқа биолоигялық активті заттар: сапониндер, илік заттар, смола т.б. табылды. Қазіргі уақытта ертеден бері қолданылы келе жатқан өсімдіктердің құрамынан біртіндеп фармакологиялық басқа белсенді заттар табылып жатыр. Биологиялық активті заттарға шолуды олардың ішінде кең тарап, ауруларды емдеуге маңызы үлкен алкалоидтардан бастаған жөн.
1. Алкалоидтар негізінен тек гүлді өсімдіктерде болады, ал өсімдіктердің басқа топтарында: балдырларда, саңырауқұлақтарда, мүктерде т.б. олар сирек кездеседі. Өсімдіктердің құрамында алкалоидтардың мөлшері үлкен емес, өсімдіктердің қүрғақ салмағының 2-3 % -ті ғана. Бұл заттар жыл мезгіліне және өсімдіктердің даму фазасына байланысты бір өсімдіктің құрамында әртүрлі мөлшерде кездеседі.
Әдетте бұл бұл заттар жас өсімдіктерде аз кездеседі, содан кейін олардың мөлшері бірте-бірте көбейіп, гүлдену қарсаңында өзінің шыңына жетеді де, бірте-бірте азая бастайды. Бірақ бұл заңдылықтың бірқатар ауытқушылықтары бар. Әртүрлі климаттық жағдайларда өсетін бір түрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың құрамы әртүрлі болады. Көпшілік жағдайда алкалоидты өсімдіктің құрамында алкалоидтардың бір тобы пайда болады және олардың химиялық құрылысы мен фармакологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы: апиынның (опиум) шырынында 26 түрлі алкалоид кездеседі,бірақ олардың ішіндегі басымы – морфин мен наркотин .Кейбір алкалоидты өсімдіктер өте улы келеді. Өсімдік уларының ішіндегі ең қауіптісі – садақтың оғының ұшына жағатын «стрельный яд» -«у» «кураре».Ол алколоидтты өсімдіктер экстрактыларының қоспасы болып табылады. Алкалоидтты өсімдіктерден шамалы мөлшерде алынған улы заттар дәрі болып есептеледі және бұлар медицинада ертеден бері қолданылып, пайдаланылуда.
Алкалоиттардан маңызы кем емес гликозидтер деген де белсенді заттар бар. Гликозидтер алколоидтарға қарағанда Өсімдіктерде кең таралған және бұлардың өсімдіктердің өздерінің тіршілігі үшін (өсіп, даму барысында) үлкен маңызы бар. Олар өсімдіктегі заттар өзгерісінің көптеген химиялық процестерінің ерекше реттегіштерінің қызметін атқарады. Олардың ащы және күйдіргіш дәмі өсімдіктерді малдардың жеуінен сақтайды (яғни олар қоғаныштық қызмет атқарады).
Гликозидтер-табиғатта әртүрлі қантсыз заттармен тұрақсыз байланысқан белгілі бір қанттан тұратын күрделі зат. Гликозидтің қантсыз бөлігі-агликон деп аталады. Гликозидтер суда ферменттердің әсерінен «қант» пен «агликонға» тез ажрайды. Емдік қасиет қанттарда емес, агликондарда да бар және агликондар суда нашар ериді. Бұл жерде қанттар «қосымша» немесе ілеспелі заттар тәрізді әсер етеді.
Гликозидтердің классификациясын әдетте олардың «агликондарының» химиялық құрамы бойынша жүргізіледі, ал агликондардың өзі өсімдіктерде әртүрлі. Іс жүзінде гликозидтердің мынадай топтарын ажыратады: жүрек гликозидтері, антрогликозидтер (ішті айдайтын), сапониндер, ащы заттар, нитрил гликозидтер (синил қышқылын бөліп шығаратын), флаваноидтық гликозидтер және басқалар.
Әртүрлі өсімдіктерде кездесетін жүрек гликозидтерінің үлкен тобының маңызы зор. Өзінің клеткаларында жүрекке әсер ететін гликозидтер түзетін өсімдіктердің ішінен оймақгүл, інжугүл, жанаргүл, сарбас қурай, сарыбасшөп, жұт, кендір, строфантус комбе т.б.
Сапонинді өсімдіктер де медицинада әртүрлі мақсатқа пайдаланылады: қақырық түсіретін дәрі ретінде (корни истода, синюхи, первоцвета) осылар қолданылады; бұдан басқа несеп айдайтын, мысалы, бүйрек шәйі өсімдігі (почечный чай), кейбір сапонині бар өсімдіктер әлдендіргіш және қоздырғыш әсер етеді, мысалы: атақты қытайдың жень-шень тамыры. Одан басқа қанның қысымын жоғарылататын, құсық шақыратын, терлететін т.б. қасиеттері бар сапониндер де бар.
Адамға белгілі барлық дәрі-дәрмектік өсімдіктердің 2/3-сін алкалоидты және гликозидті өсімдіктер құрайды. Алкалоидтарға және гликозидтерге жатпайтын, емдік қасиеттері бар заттардың ішінен витаминдерді атауға болады. Бұл заттардан басқа өсімдіктерде флаваноидты гликозидттер кездеседі. «flavum»-сары деген мағынаны береді, бұлар фенолдық қосылыстарға жатады.
Флаваноидтар өсімдіктердің гүлінде, жапырағында болады, жапырақтағы хлорофиллдің жеңіп кетуі әсерінен жасыл түсті болады. Кейбір флаваноидты қосылыстар, атап айтқанда рутиннің әсері витамин «Р-ға» ұқсас болады, яғни бұны цитрин деп атайды, цитрин ұсақ қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, қанның ұюы (гематомаға айналудан сақтайды) және ішкі қанның құйылуынан сақтайды.
Бұлардан басқа өсімдіктерде медицинада үлкен маңызы бар белсенді зат-«кумарин» болады. Кумариннің иісі жас жиналған шөптің иісі сияқты аңқыған хош иісті болып келеді. Бұл затты 1820 жылы Оңтүстік Америкада мекендейтін «тонко» деген ағаш тектес өсімдіктің бойынан (бұршағынан) бөлініп алынған, Индияда бұл өсімдіктің аты-«кумарина». Атына сай, бұл хош иісті, түссіз кристалл тәрізді затты осылай атаған. Қазіргі кезде 150-ге тарта осындай табиғи қосылыстардың түрлері бар.
Осы топтардың ішінде фурокумариндерге жататын заттардың медицина үшін маңызы зор. Бұлардың кейбіреуі адам мен жануарлардың ультракүлгін сәулеге сезімталдығын арттырады, сондықтан осы қасиетіне байланысты мұны кейбір тері ауруларын емдеге пайдаланады. Фуракумариндердің басқа туындылары тамырларды кеңітеді, глистерге, саңырауқұлақтарға және басқа қарапайымдарға әсер етеді.
Дәрі-дәрмектік өсімдіктердің фармакологиялық-терапиялық әсерлері бойынша жіктелуі.

Дәрілік өсімдіктер фармакотерапевтік әсеріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Олар мыналар:



  • жүрек-қантамырлары жүйесінен жүрек ауруларына пайдаланылатындар (жанаргүл, ақбасқурай, талгүл т.б.);

қан тамырларын кеңейтетін (амми зубная, қара жемісті шетен, кіші қабыршөп, долана, диоскорея, қандалашөп, сасықшөп, раувольфия, Рихтер сораңы, ақшайыр, томағашөп);
қан тамырын тарылтатын (қылша);
орталық жүйке жүйесін қоздыратын және тыныштандыратын (Манчьжур аралиясы, тік қабыршөп, адыраспан, адамтамыр, ақтікен, камфорлық лавр, сермене, лаңса, семізот, элеутерококк);
антисептиктер (тасшөп, грек жаңғағы, киікоты, эвкалипт);
ішек-асқазан жүйесі, іш жүргізетін (алоэ, итшомырт, қаражеміс, зығырот, рауғаш), асқорытуды жақсартатын (иір, бәден, шерменгүл, қыша, толғақшөп, жалбыз, бақбақ, жусан, су бұрышы);
қан тоқтататын (арника, қандышөп, бөріқарақат, су бұрышы, каланхоэ, шәңгіш, қалақай, жүгері, мыңжапырақ, жұлдызгүл, жұмыршақ);
зат алмасу бұзылғанда (адамтамыр, теңіз орамжапырағы, бөлікті алқа, мия, қырықбуын, итошааған, мойыл, қаражидек);
тыныс алуды реттейтін (қандауыр тәрізді тентекмия);
седативті (аморфа, шүйіншөп, пассифлора, шұғылық, сасықшөп, стефания, құлмақ);
спазмолитикалық (меңдуана, сасық меңдуана, зиягүл, скополия);
өт айдайтын (бөріқарақат, салаубас, шоқсары, бүлдірген, жүгері, зығырот, тырнақгүл, түймешетен, алатікен, сарымсақ);
зәр шығару жолдарының ауруларына қолданылатындар (қайың, итбүлдірген, зығырот, арша, шашақты жусан, құс самалдық, қуаңдәрі, аюжидек, асқабақ, қырықбуын);
тер шығаратын (ырғай, жөке, түймедақ);
жөтелде пайдаланатын, қақырық түсіретін (жалбызтікен, бәден, қазанақ, андыз, мекет, сабыншөп, жолжелкен, көкшегүл, мия, қарағай, әптиек аскөгі, шегіргүл);
алкаголизмді емдеуге (баранец);
жұмсартатын (жалбызтікен, зығыр, шырғанақ, майтамыртүймедақ, итошаған);
теріні тітіркендіретін (қыша, камфора, итжүзім, қызыл бұрыш, рута, қарағай, дермене жусан);
тері ауруларына қолданылатындар (амми зубная, шырғанақ, ботташық, итошаған, аққурай);
құрт түсіретін (қырыққұлақ, түймешетен, асқабақ, дермене жусан, сарымақ);
микробқа қарсы (арника, грек жаңғағы, каланхоэ, сарытұңғиық, пияз, арша, қырмызыгүл, қарағай, торлы жуа, эвкалипт, сарымсақ);
ісікке қарсы (лапыз, кіші қабыршөп, тықыр жусан, ағашқұлақ, подофил).
Негізгі әдебиеттер:



  1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение. А, 1999.

  2. Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растания СССР, М.,Л., 1942.

  3. Ильин М.М. Общие вопросы изучения сырьевых растений // Методика полевого исследования сырьевых растений. М.,Л., 1948.

  4. Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. М.,Л., 1947.

  5. Растительное сырье СССР. Сборник монографии по отдельным группам полезных растений в двух томах. Изд. АН СССР, М.,Л., 1950-1957.

  6. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения, А., 2002.

  7. Егеубаева Р.А. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. А., 2002.

  8. Гаммерман А.Ф. и др. Лекарственные растения. М., 1985.

  9. Дикорастушие полезные растения СССР. М., 1976.

Қосымша әдебиеттер:

1. Адекенов С.М. Сесквитерпеновые лактоны растений Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1987.


2. Лекарственные растения Казахстана. Труды института ботаники. А., 1966-1975.
3. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. Алматы, 1994.
4. Михайлова В.П. Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение. А-1968.
5. Гемеджиева Н.Г. Краткий терминологический словарь по ботаническому ресурсоведению: Справочное пособие. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000
6. Максютина Н.П и другие. Растительные лекарственные средства. Киев «Здоровье» , 1985.
7. Гаммерман А.Ф. Курс Фармакогнозии. Из-во, Л-1967.
8. Хотин А,А и др. Эфирномасличные культуры. М, 1963.
9. Вульф Е.В. , Малеева О.Ф. Мировые ресурсы полезных растений. Л, 1969.
10. .Гаммерман А.Ф. Дикорастущие лекарственные растения СССР. М., 1976.
11. Муравьева Д.А. Фармакогнозия . М., 1991.
12. Энциклопедический словарь лекарственных , эфирно- масличных и ядовитых растений. М., 1951.
13. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. А., 1990.
14. Правила сбора и сушки лекарственных растений .Сборник инструкции ., М., 1985.
15. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение . М., 1974.
16. Задорожный А.М. и др. Справочник по лекарственным ратениям. М, 1992.
17. Крылова И. В. , Шретер А.И. Методика определения запасов лекарственных растений. М., 1971.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет