- Сабақтың тақырыбы:
- Моншақтан каланхоэ гүлін тоқу
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: каланхоэ туралы мағлұматтар беру, гүлдер туралы білімдерін кеңейту, өлең тақпақтар арқылы тіл байлығын арттыру, моншақпен гүл тоқуға, бұйымды сәндеуге, әшекейлеуге үйрету;
- Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қолөнер жұмысына машықтандыру;
- Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, төзімділікке, жауапкершілікке, жасаған жұмысты әсем безендіруге, табиғатты қорғауға, сүйе білуге , күте білуге тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
- Әдіс – тәсілдері: деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
-
- Пәнаралық байланыс:
- бейнелеу, биология,қазақ әдебиеті,тарих
- Көрнекі құралдар: үй гүлдері, суреттер
- Керекті құрал-жабдықтар: моншақ, қайшы,лескі
Сабақтың барысы: - Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру кезеңі
-
- Гүлдер, гүлдер не түрлі,
- Құлпырды да жетілді.
- Барлық дала өртеніп,
- Бара жатқан секілді.
- Мұғалімнің сөзі:
- «Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Ол - гүл. Гүл - әдемілік өлшемнің шыңы. «Гүл — дүние көркі» десек те қателеспейміз. Гүл (латынша флос)- гүлді өсімдіктердік көбеюінің белгісі. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді.
- Сұрақ – жауап:
- - Гүл – ол өсімдік, қай табиғатқа жатады?
- Оқушылар: Гүлдер тірі табиғатқа жатады .
- - Балалар, гүлдер не үшін керек?
- Оқушылар: Гүлдер әдемілік үшін керек, гүлді туған күн иесіне, мерекеде, аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
- - Гүлдер қайда өседі?
- Оқушылар: Гүлдер далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
- - Дұрыс балалар, гүлдер екіге бөлінеді дала гүлдері және бөлме гүлдері
- - Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
- Оқушылар: Гүлдер жақсы өсу үшін топырақ, күннің көзі, су қажет.
- - Гүлді балшыққа отырғызуға бола ма?
- Оқушылар: Жоқ!
- - Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?
- Оқушылар:Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.
- - Тамыр не үшін керек?
- Оқушылар:Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
-
-
/Қыздарды екі топқа бөлу/ - /Қыздарды екі топқа бөлу/
- Мұғалімнің сөзі:
- Ұмытпай күнде,
- Су құямын гүлге
- Тұрады гүлім
- Құлпыртып түрін
- Сіздердің топтарыңыз «Үй гүлі»
Мұғалімнің сөзі келесі топқа: - Мұғалімнің сөзі келесі топқа:
- Әдемі гүлдер, гүлдер,
- Далада өскен гүлдер.
- Өседі ұқсап балаға,
- Сән береді далаға.
- -Сіздердің топтарыңыз «Дала гүлдері»
- - Бүгін біз сабағымызды қандай тақырыпта өтеміз деп ойлайсыздар ?
- Қыздардың жауабы:
- - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы“Гүлдер”
- -Иә дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
- “Гүлдер” оның ішіндегі «Каланхоэ гүлі» туралы
- Тақырыбы: Моншақтан каланхоэ тоқу
| | | | - 1.Каланхоэ туралы мағлұмат беру.
- 2.Гүлді моншақпен тоқуға үйрету.
- 3.Бұйымды сәндеуге, әшекейлеуге үйрету.
| - 1.Каланхоэ туралы мағлумат алу
- 2.Моншақпен гүл тоқып үйрену.
- 3.Тоқылған гүлді сәндеп, әшекейлеуді үйрену.
| | | - Олай болса, алдымен каланхоэ тарихына тоқталайықшы:
- ҚАЛЫҢҚОЙ (KALANCHOE КАЛАНХОЕ)– көпжылдық, жақсы гүлдейтін шөптесін өсімдік. Өсімдіктің емдік қасиеттеріне байланысты оны халық арасында «дәрігер», «өмір гүлі» деп те атайды. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды жоюмен бірге антивирустық пәрмені бар өсімдік. Таралған аймақтары – Оңтүстік Африканың, Оңтүстік Американың тропиктік аудандары, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай мен Ява аралдары. 200-ге жуық түрі белгілі. Ал оның 30-ға жуық түрі мен сұрпы үй жағдайында өсіріліп келеді. Өсімдіктің жапырақтары түріне қарай жалпақ, етті, жиектері ирек болып келеді. Гүлдері қоңырау, себет тәріздес, ұзындығы 30см гүлсабаққа шоғырланған. Дұрыс күтім жасалса, жыл бойы гүлдейді.
- а/ Моншақтан гүл тоқудың нұсқау картасымен түсіндірмелі жұмыстар жүргізу
- ә/ Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру
| - Моншақты алты-бестен тоқып, жапырағын жасаймыз. Жапырақ саны 7 болу керек.
| 2.Тоқылған 3 жапырақты біріктіреміз, ол астынғы ірі жапырақтар болады. 3.Үш ірі жапырақтын үстіне қоңыр түсті моншақ араласқан жапырақтарды орналастырып, гүлді пластик ыдысқа отырғызамыз. | - Гүлді өз еркімізбен сәндеп әшекелейміз.
| - Топтық жарыс:
- Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады:
- І топтың жұмбақтары:
- Үйi де жоқ,
- Күйi де жоқ.
- Бiрақ
- Жауыннан да,
- Дауылдан да
- Қымсынбайды.
- Ыстыққа да,
- Суыққа да
- Шын шыдайды
- Шешуiн айта ғой,
- Балалар бiлсiн жайды. (Өсiмдiктер)
- Қар астында қыстады,
- Ақпен бөркiн тастады. (Бәйшешек)
- Саздауыт жерде өседi,
- Қош иiсi аңқыған,
- Шипа өсiмдiк деседi. (Жалбыз)
-
- ІІ топтың жұмбақтары:
- Тасты тесiп, күресiп,
- Терең жайып тамырын.
- Ақ күлгiн шөп тұр өсiп,
- Қарсы ап дәйiм таң нұрын. (Тау гүлi)
- Тасты жапқан түк кiлем,
- Тамыры жоқ мүк кiлең. (Қына)
- Өзiне шап шақ,
- Киген қалпағы аппақ,
- Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
-
Мақал-мәтелден жарыс: - Мақал-мәтелден жарыс:
- 1.Арпа, бидай —ас екен, алтын, күміс —тас екен.
- 2.Жемісті ағаштың басы төмен.
- 3.Егінші жылда арманда, балықшы күнде арманда.
- 4.Не ексең, соны орарсың.
- 5.Күріш арқасында күрмек су ішер.
- 6.Екпей егін шықпас,үйренбей білім жұқпас.
- 7.Шегірткеден қорыққан егін екпес.
- 8.Егіндікті күз суар, күз суарсаң, жүз суар.
- 9.Диқан жауында тынады, балықшы дауылда тынады.
- 10.Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.
- 11.Мәуелі ағаш — майысқақ.
- 12.Қисық бұтаққа да, қызыл жиде бітеді.
- 13.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады
ІҮ.Қорытынды: | | - 1.Каланхоэ туралы мағлұмат алдық.
- 2.Гүлді моншақпен тоқып үйрендік.
- 4.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрендік.
| - Моншақпен басқада гүлдердің тоқып үйренгіміз келеді.
| - Дала гүлдері:
- Ұмытпай күнде,
- Су құямын гүлге
- Тұрады гүлім
- Құлпыртып түрін.
- -Ия, достар гүлді күтейік!
- Үй гүлдері:
- Үйде тұрып өсетін
- Әкеп гүлдің көшетін
- Топырақты салдымда
- Отырғыздым қалбырға.
- -Достар ауа таза болу үшін гүл өсірейік!
Каланхоэ Блоссфельда Каланхоэ Дегремона Каланхоэ Мангина Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |