1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#95186
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
MIdterm ответ (1) (1)
MIdterm ответ (1) (1)



1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм
Модернизм ықпалы қазақ əдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Əуезов əңгімелерінде, Ш. Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармал арында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ əдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ə.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар. Модернизм (фр. Moderne – жаңа, қазіргі заманғы) – ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болған адамдардың рухани дағдарысын бейнелеуге негізделген көркемдікэстетикалық жүйе. Модернизмнің төменгі шегі реалистік мəдениет болса, жоғарғы шегі 1950 жылдары пайда болған постмодернизм болып саналады. Модернистік өнерді авангардтық өнермен шатастыруға болмайды, бірақ олардың ара-жігін ашып, ажыратып берудің өзі қиын. Модернистік өнердің түрлеріне символизм, экспрессионизм, акмеизм жатса, авангардтық өнер түрлеріне футуризм, сюрреализм, дадаизм кіреді. Модернизм мен авангардизмнің өнерде жаңа бір нəрсені жасауды басты мақсат етіп ұстағанымен, модернизм сол жаңаны көркемдік пішін арқылы жасауды мұрат тұтады. Кейбір кеңестік зерттеушілер модернизм мен позитивизмді бір дүниетаным ретінде қарастырады жəне коммунистік идеологияға сəйкес келе бермегендіктен, модернизмнің тек ұнамсыз жақтарын ғана қазбалап көрсетуге тырысқан. Сондықтан да олар модернизмді буржуазиялық қоғамдағы рухани дағдарыстың көрінісі, буржуазиялық жекелік жəне бұқаралық сананың қайшылықтарының жемісі деп бағалады. Бірақ сол модернистік пайымдаулардың социалистік қоғамда да өркен жайып, көрініс бере бастағанын өздері де бірден тап басып тани алмады. Кеңес зерттеушілері Н.Пастернак, М.Булгаков шығармаларының модернистік сипатын ХХ ғасырдың жетпіс, сексенінші жылдары ғана мойындай бастаса, ондай дəстүр біздің М.Əуезов(қаралы сұлуды айтсандар болад), Ж.Аймауытов(елесті) шығармаларының желісінде де бар екенін кезінде ғалым Б.Майтанов жазып қалдырған болатын.
Модернизмнің қарқынды дамуы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамдардың психологиялық ахуалы, ішкі күйінің сұмдық өз¬геруі¬мен байланысты екенін ескерер болсақ, қазақ модернистік пр¬засының негізі қалануына КСРО-ның күйреп, тоқсаныншы жыл¬дардағы тоқырау мен ой ер¬кіндігі әсер етті. Тағы, қалай бол¬ғанда да жаңаша жазғысы келетін қазақ қаламгерлеріне ғана емес, жалпы Жаһан жазармандарына Батыс Еуропа әдебиетінің ықпалы өте күшті болғаны белгілі. Белгілі бір ағымның әдеби кеңістікке ер¬кін еніп кетуі – заңдылық. Заң¬ды¬лық бола тұра жаһандану сияқты ба¬қылауға, басқаруға келмейтін табиғи түрде дамитын тенденция. Ол үрдісті ешкім тоқтата алмайды. Жалпы, ағым қаламгердің өз таң¬дауына байланысты. Сондықтан да өзгеше бағытты ұстанған жазушыларды жазғырмауымыз керек. Жер¬жүзілік әдебиетке Толстойдан кейін Кафканың, әлде Ги де Мо¬пас¬саннан кейін Павичтың келге¬нін¬дей, қай бағытты таңдау, тағы да қайталап айтамыз, қаламгердің өз еркі.
Модерн белгілері әдебиетімізде жетпісінші-сексенінші жылдары-ақ байқала бастады. Мына жалғанда өз орнын таппай жүрген, сергелдеңге түскен өте сезімтал кейіпкерлердің туа бастауы модернизм мен лирикалы-романтикалық нышандарының қосылу негізінде пайда болған-ды. Модернизм қатып-семген ұғым-түсініктерді бұзып, әдеби-мәдени кеңістікте көркемдік сананың жаңғырып, жаңаруына жол ашты.
Ал, қазақ әдебиетіндегі модернизмге келсек, ол біздің көркемсөз өнерімізде ХХІ ғасырда, бүгін ғана пайда болған жоқ. Қазақтың ең алғашқы модернистері – прозада Ж.Аймауытов пен М.Әуезов, поэзияда М.Жұмабаев пен Бегнияз Күлеевтер болатын. Мағжанның «Жер жүзін топан басса екен», «Мені де, өлім, әлдиле» деген жырлары модернизм емей немене? Мұнда ақын өмірдің ешқандай мағынасы жоқ екенін мойындайды, сондықтан, Еуропа модернистері секілді терең қайғыға шомады, болашақтан үміт сәулесін көре алмай торығады. Мұндай мистикалық сарындар өмірден тым ерте, қыршын кеткен Бернияздың өлеңдерінен де молынан табылады. Сондықтан, Б.Күлеев трагедиялық жағдайда өмірден қайтқанда ең алдымен оны жоқтап, қабырғасы қайысқан өнер иесі Мағжан болатын. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ, бұл өзімен рухтас жас ақынның қазасы жанына қатты батқан рухани туыс адамның шын жүректен шыққан мұңы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет