1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм


Қазақ зерттеушілері модернизм туралы



бет2/11
Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#95186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
MIdterm ответ (1) (1)

2. Қазақ зерттеушілері модернизм туралы
Қазак әдебиеттану ғылымы да соңғы жылдары модернизм мен постмодернизмге айрықша назар аударып отыр. Модернизм мен постмодернимзнің қазақ әдебиетіндегі көріністері мен сипаттары жайында тұшымды пікірлер мен тұжырымды ойлар айтқан Б.Майтанов бұл ұғымдар туралы былай деп жазады: «Сәл ертерек дәуірге көз салсақ, модернизм мен постмодернизмге хас мәтін кұрамының байлығы мен әркелкілігі М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні»,«Жетім»,«Бүркіт аңшылығының суреттері»,Ж.Аймауытовтың «Елес» , М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», С.Сейфуллиннің «Біздің тұрмыс» шығармаларынни мол аңғарылады. Аталған туындылардағы интертекст, реминисценция, аллюзия көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік баяндаудан гөрі оны қабылдаушы субъектімен арақатынаста, жан-жакты танытуда зор нарративтік рөл атқарды. Модернистік прозада шарыктап дамыған сана ағымын суреттеу өнері М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мәтіндерінде салттық дәстүр есімдерін қалыптастырды. Поэзияда символизм мен импрессионализм көріністер, прозада экзистенциализм мен экспресионализм (фрейлшілдік сарын) эстетикасына тән белгілер күрделі дүниетанымдық, көркемдік ізденістерге мұрындық болғанын жоққа шығару қате».
1960-80 жылдардағы казақ прозасындағы модернизм сипаттарына әдебиеттанушы-ғалым Ж.Жарылғапов та назар аударған. Модернизм әдебиетінің ұстанар басты принциптерінің бірі көркем шығарма тінін сана ағымына орайластыру десек, мұндай сипат 1960-80 жылдардағы казақ прозасында анағұрлым басымдылыққа ие болды. Мұндай үдеріс әсіресе, Ә.Кекілбаев, Т.Әбдіков, О.Бөкей, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов, А.Нұрманов, М.Мағауиндердің стильдік бағдарына тән еді.
Филология ғылымдарының докторы, академик С.Қасқабасов постмодернизм туралы өз ойын былайша білдіреді. «Шынтуайтына келгенде модернизм дегеннің өзі – жаңа деген сөз. Постмодернизм – өндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Өйткені, олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз болсақ, классикалық реализмнен, классикалық әдебиеттен қол үзгеміз жоқ. Одан қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық қоғам құрылған жоқ. Ол үшін өндіріс өте мықты дамып, капитализмнің ең биік шыңына жетіп, бүкіл өмірдің бәрі индустриялануы керек, қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек. Сосын бүкіл қалалық өмір мен далалық өмір араласып, құжынап жатуы тиіс. Бірақ біз оған жеткен жоқпыз. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тұрып, постиндустриялық қоғамның өмірін суреттей алмаймыз. Алайда, постмодернистік тәсілді меңгеріп алған біздің кейбір қаламгерлердің ісі сыртқы көрініс қана. Кейіпкердің сандырақтауы, елес көруі, болмаса кейіпкердің басқа бір нәрсені ойлап, басқа бір әлемге шарлауы, осының бәрі шындап келгенде, өз әдебиетіміздің әсерінен шыққан нәрсе Постмодернизмнің сыртқы көрінісі қандай деген сауалға жауап беретін болсақ, ол – өмірдің бейнесінен алыстап кету, ойда жоқ нәрсені айту. Я болмаса, елес қуып, адамның екіге бөлінуі, екі ойлы болуы, сандырақтап бір нәрсені айтуы.»
«Қазіргі қазақ поэзиясына бұлқыныс, сілкініс керек. Поэзиямызды неғұрлым тезірек модернизациялауымыз керек. Қазақ поэзиясы, әсіресе, жас ақындарымыз әлемдік поэзияға жіті көзбен қарап, ескіні есте сақтауға қалдырып, модернизм жолына түсуі керек, жастар жаңаша жазуға ұмтылуы жөн. Бұл қолдан келмейтін нәрсе емес. Өзімізде бәрі бар. Сол бар нәрсені іске қосу керек. Поэзиямызды модернизациялағанда есте болатын ең маңызды проблема, жаппай науқаншылыққа жол бермей, өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, әсіресе өлеңдегі ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық ұғымымызды, ұлттық философиямызды берік ұстануымыз парыз. Жаңа өлеңдегі жаңа формаға, жаңа өлшемге, жаңа логикаға әр ақынөзінше бірте-бірте көшкені дұрыс болмақ. Әлем елдері поэзияның жаңа бағытына көшіп алса да, біздің қазақ поэзиясы ескі әләулаймен әлі келе жатыр.Біз әлі төрт жолы бір шумақтан тұратын ескі өлең құрылысынан шыға алған жоқпыз». - дейді ғалым Әубәкір Нілібаев.
«Модерндік, постмодерндік әдеби ағымға жататын көркем әдебиет туындылары қазақ әдебиетінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды даму жолына түскен. Өйткені модернистік туындылар цензурадан құтылған демократиялық қоғамда ғана дами алады. Осы тұрғыдан келгенде модернизм мен демократия бір-біріне тең ұғымдар... Модернизм мен постмодернизмді әдебиеттің даусыз фавориті деу дұрыс емес» (Серік Асылбекұлының Дүйсенәлі Әлімқанға берген сұхбатынан)
«Қой аласы сыртында, адам аласы ішінде демейме атам қазақ! Адам баласы тудырған өнердің түпкі ойын білмесең отпен ойнағадай боласың. Алаштың ұлы жазушысы Мұхтар Əуезовтың: "Өнердің өзін танығаның рас болса, төркінінің тегін алдымен таны" - деген сөзі бар. Тəуелсіздік алғаннан кейін, кеңес үкіметі қалыптастырған социолистік реализммен зерттеліп, бір жүйеге түспеген əдебетіміздің мол мұрасы, жаңа ХХI ғасырда әдебиетімізді əлемдік деңгейге шығара алмайды деп, - модернизм мен постмодернизм бағыттарына жармасып жатқан жайымыз. Кейбір ақын-жазушыларымыздың шығармаларының сыртқы формасына, мағынасының күңгірттігіне байланысты "постмодернист" - деп атап, дәстүрлі бағытта жазып жүрген қаламгерлерімізге қарағанда көңілімізді көп бөліп, ашығын айтқанда көтермелеп келеміз.... Біздің елімізге модерн Кеңес үкіметі арқылы ХХ ғасырда Алашордалықтар репрессияға ұшырағаннан кейін, алғашқы университеттердің ашылуымен келді. Кеңестік жүйе бекітіп берген оқу программасы атеистік қоғам құруға тырысты. Бірақ, модерндік көзқарас біздің дүниетанымызға жат болғандықтан, сенімімізден айырмады. Мектеп оқулықтарында "Дарвиннің теориясын" оқытса да, ғылымның барлық саласы Құдайды жоққа шығарса да ата дінімізден бастартқызып , Құдайдың құдіретіне деген сенімімізді көкірегімізден сөндіре алмады» Омарбек Нұрдаулет КазНУ түлегі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет