1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм


және 20 ғасырдың басындағы батыс өнеріндегі модернизм



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#95186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
MIdterm ответ (1) (1)

9. 19 және 20 ғасырдың басындағы батыс өнеріндегі модернизм
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр Батыс философиясы өзгеше пайымдалған көп бағыттарға толған кезең. ХІХ ғасырда пайда болған бағыттар қатарына марксизм бейклассикалық философияның иррационализм мен өмір философиясын жатқызамыз. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды жəне олардың тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері -- неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік жəне объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды.
Модернизм дəуірінің өнері. 20 ғ. бірінші жартысында еуропалық көркем мəдениет жаңа тарихи кезеңге енді. Өнеркəсіп пен экономикадағы елеулі өзгерістер, халықтың басым көпшілігінің өмірге араласуы, төңкерістер мен əлемдік соғыстар нəтижесінде өнерде ірі өзгерістер болды. Өткен заманның ұлы көркемдік стильдеріне бағыт берген идеалдар күйреді. Модернизм дəуірі деген уақыт келді.
Модернизм біртекті емес. Модерн термині сəулет өнері мен бейнелеу өнеріндегі символизм, импрессионизм, декоративизм сияқты стильдерді қамтитын белгілі бір бағытты белгілеу үшін де қолданылады. Бұл бірыңғай көркемдік стиль емес, стильдердің тобы. Модернизм дəуірінде өнерде біршама ұзақ тарихи кезең ішінде басқалардан үстем болатын ұлы стилдер заманы өткен еді. Бір стильдің басқа барлық стильден басым болуы өнерге жақын көпшіліктің біршама біртектілі болған жағдайда ғана мүмкін болды. Олар Ең жоғары топ, дворян қясы сауатты адамдардың санаулы тобы т.б. Қарапайым халық музейге де бармайды, кітап та сатып алмайды. Өнерді жасаушылар да, тұтынушылар да бір мəдениеттегі адамдар болды. Бірақ, олардың өнерге қарым-қатынасы əр түрлі еді: біреу үшін ол өмірдің мəні болса, басқалары үшін сауыққа айналды.Алайда мəдени дəстүрлі, білім, талғамдары ұқсас болды. 19 - ғасырдың аяғына қарай жағдай шұғыл өзгерді. Халықтың сауаттылығының өсуі (негізгі себебі өндірісті дамыту үшін күрделі техниканы басқара алатын мамандандырылған жұмысшылардың қажеттілі бұхара халықты сауаттандыру туғызғандығы) бұхараның өнерге енуіне жағдай жасады. Өнер əртүрлі субмəдениеттерге жататын, эстетикалық талаптар мен сұраныстары бар көпшіліктің əртүрлі топтарымен кезікті. 19 ғасырдағы көркем шығармалар тұтынушылардың белгілі бір тобына, мысалы, жоғары сауатты таңдаулылар мен бұхаралық аудиторияға, рух ақсүйектері мен шеберлерге, бай мен жарлыға, қала тұрғыны мен ауыл тұрғынына т.б. арнала бастады. Қарапайым адамдар үшін əдебиет пен кинокейіпкерлері графтар мен жарлы, бірақ ізгілікті қыздар емес, салт жігіттер мен билегіш қыздар бола бастады. Қыздардың жұмбақ жағдайда ұрлануы, қараңғы зынданнан қашу сюжетінің орнын қылмыскерлер мен тыңшылар туралы оқиғалар келді. Интеллектуалдар мен эстеттерге - өнер үшін өнер, ал көпшілікке - жақсылар мен жамандар туралы сюжеттер, біреулерге көп томды романдар, енді біреулерге кітапшалар мен комикстер ұсынылды. Бұл жағдайларда қоғамның көркемдік өмірі, тұтастығын жоғалтты. Өнер көп ағым мен бағытқа бөлшектенді, жарылды, көп түрлі алақұлалыққа айналды. Ортақ негізгі көркемдік стильдің болмауы - модернизмге тəн белгі. Модернизм түбегейлі көп стильді. Уақыт өткен сайын модернистік өнердің стильдер спектрі қорқынышты дəрежеге дейін ұлғайды. Əр жаңа бағыт бір белгі бағыттан бөлініп, оларды ығыстырып, батырмақ болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет