Соөж пән: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» Мамандық



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі28,86 Kb.
#86516
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1921-1922жж

2.2. Тарау. Аштықтың салдары
1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды. 1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды. Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті. 1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді. Халық арасында жұқпалы (эпидемиялық) аурулар кең етек жайды. Әсіресе, сүзек, тырысқақ, іш безгегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың арасында тез тарады. Үкімет орындары бастапқы кезде бұл жұқпалы ауруларды ауыздықтауға дәрмені жетпеді. Оған себеп, ауылды жерлерде арнайы дәрігерлік бөлімшелердің болмауы мен медициналық дәрі-дәрмектің жетіспеуі болды. 1921 жылдың тамызында Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясын арқылы қазақ жеріне ішкерілей еніп, Лепсі уезіне қарай жылжыды. Ашыққан босқындар уезге қарай оба ауруын ала келді. Оба ауруы Лепсі уезінің барлық ауылдарына тарап, Талдықорған уезіне де жетті. Бұл өлкеде аз уақыттың ішінде 2152 оба ауруына шалдығып, оның 1294 адамы өлген, бұл 55 %-ды көрсетеді. С. Меңдешевтің мәліметі бойынша 1922 ж. 1 қаңтарында Қазақ республикасындағы жалпы аштыққа ұшырағандардың саны 1 476 985-ке жеткен. Оның 927 593-і ересектер де, ал 158 392-і балалар болған. Панасыз балалардың саны күннен-күнге өсті. Балалар арасында жұқпалы аурулар тез тарады. Аштарға жәрдем көрсету комиссиясының тікелей басшылығымен балаларға арналып, 173 тамақтанатын пункттер ұйымдастырылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. С. Меңдешевтің мәлімдеуінше, 5 губерниядағы 225466 ашыққан балаларға арналып, 425 асхана ашылған.
Қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, М. Дулатовтар да ел күйзелісін көре біліп, аштықтан шығу жолдарын іздестірді. 1922 жылы 9 наурызда Семейде өткен ұлт зиялыларының жиналысына қатысып, «шаруасы күйзелген елді аштықтан қалай алып шығу керектігі» төңірегінде мәселе көтерді. Елдегі аштықты жойып, шаруашылық жағдайын қалпына келтіру үшін қаражатпен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрдыЖұқпалы тырысқақ, сүзек ауруларының халық араснда одан бетер асқынып, тарап кетпеуі үшін медициналық дәрі-дәрмек елдің ашыққан аймақтарына бөлініп, жөнелтілді. 1921-22 жылдардағы аштық демографиялық апат әкелді. Бұл турада М. Қозыбаев: «1921-22 жж. аштық қазақтарды демографиялық апатқа алып келді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өліп қалды. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ пайызы орныққан еді, дені ауылдарда болатын. Кейбір деректерге қарағанда, Орталық Қазақстанға төніп тұрған аштық апатын орталық басшылығы дер кезінде көріп, оған мән бере білмеген. Орталықтан келген азық-түлік жинаушы Ф.Э. Дзержинский отрядтары Түркістан өлкесін, Ақмола, Семей губернияларындағы еңбекшілердің қолындағы астықты артық деген желеумен күшпен алып кетті», - деп жазған еді. Бұл аштық жылдары қазақ халқы қырылды, бостандыққа ұшырады. Бұл күндері Түркия, Қытай, Монғолия, Ауған елдерінде тұратын ағайындардың ата-бабалары осы нәубет жылдарында босты. Қазақ халқы адамдай да, малдай да орны толмас шығынға ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет