Соөж пән: Қазіргі Қазақстан тарихы Мамандық


Тарау. Тәуелсіз Қазақстан музыка өнерінің дамуы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі35,33 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ист Досым Г срс 8

Тарау. Тәуелсіз Қазақстан музыка өнерінің дамуы



Тәуелсіздік алғаннан кейін сана-сезім ғана емес, музыка индустриясы да түрлі толқынды өткеріп, жүйелі дамып отырды.
Кеңес заманынан бері танымал болған жарық жұлдыздар 90-жылдары да Қазақстан эстрадасын дамыта түсті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Нағима Есқалива сияқты соло-артистер, “Дос-Мұқасан”, “Яшлық” тәрізді музыкалық топтар болды. Өнерпаздар отандық кәсіби музыканың іргетасын қалады. Еуропа мен Азияға гастрольдік сапарларға шығып, халықаралық аренада қазақстандық музыканың танымалдығын арттырды.
90-жылдардың басында көп артист шығармашылығын фольклорлық музыкамен, қазақтың ұлттық ән-күйлерімен байланыстырып, оларға жаңа өң берді. Сахнаға 1994 жылы келген URKER тобы алғашқылардың бірі болып шығармашылығында патриотизмді насихаттады, мәдени құндылықтардың жаңғыруына үлес қосты.
Азия Дауысы” және “Жас Қанат”.90-жылдардың басында алғашқы халықаралық “Азия Дауысы” музыкалық фестивалі ең тартымды жоба атанды. Жыл сайын “Медеу” алаңына әлемнің түрлі елінен артистер жиналды. Фестиваль Бауыржан Исаев, Нұрлан Абдуллин тәрізді көптеген қазақстандық музыканттың шығармашылық жолының бастауы болды.
Қазіргі уақытта “Азия Дауысы” эстафетасын A Star of Asia фестивалі қабылдады. 2017 жылдан бері ол да “Медеу” алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Фестиваль ұлттық, этникалық, хип-хоп, поп-артистердің бір сахнада бас қосып, музыкалық мерекені тойлауына түрткі болып келеді.
90-жылдардың басында жыл сайын өткізілетін “Жас қанат” жастар байқауы да танымал жобаның бірі болды. Байқауға соло-артистер, ансамбльдер қатысты. Жоба қазақстандық эстрадаға “Аян” тобы”, Жанна Саттарова, Мәдина Сәдуақасова сияқты әншілердің жаңа толқынын алып келді.
Бойз-бэндтер.90-жылдардың соңында батыс трендтерінің ізін ала қазақстандық музыка индустриясы алғашқы бойз-бэндтерін жарыққа шығарды. Дәл осы кезде құрамында Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев және Қыдырәлі Болманов өнер көрсеткен, аты аңызға айналған “АБК” триосы, сол сияқты “Бублики”, “Алан” және “Дервиши” сияқты топтар құрылды. Көбі 2000-жылдардың басында тарқап кетті, олардың ішінде “Дервиши” ғана атағын сақтап, халықаралық сахналарда да өнерін көрсетуін жалғастырды.
SuperStar KZ. “Еуразия” арнасынан трансляцияланған SuperStar KZ музыкалық реалити-шоуы жас артистерге үлкен мүмкіндіктер ашты. Шоудың арқасында қазақстандықтар Қайрат Түнтеков, Әлішер Кәрімов, Алмас Кішкенбаев, Нұржан Керменбаев сияқты әншілерді таныды.
Той-бизнестің пайда болуы.2000-жылдардың ортасына қарай сахнада жаңа бағыттар мен жанрлар шығуын тоқтатты. Музыка индустриясы біртіндеп позициясынан айрыла бастады. Ал жаңа музыканттар бұрынғыдан да қызық нәрсені ойлап табуға әрекеттенді.
Интернеттің дамуы музыкадағы шекараны жойды: бұрындары музыка тек еліміздің ішінде қалса, қазіргі кезде әншілер тыңдарманын Қазақстаннан тыс, алыс аймақтан да таба алады.
Мысалы, әлеуметтік желілердің арқасында қазақстандық әнші Jah Khalib танымал болып кетті. Оның “Ты для меня”, “Твои сонные глаза” хиттері тек Қазақстанға емес, бүкіл ТМД-ға тарап, осы аймақтың музыка индустриясының дамуына үлесін қосты.
Жаңа заман артистері.Q-pop. Музыка дамуының ерекше кезеңі Q-pop немесе қазақ попының пайда болуымен басталады. Оңтүстік Кореядан келген шығыс музыкасының лебі бар қазақстандық Ninety One мен Renzo бойз-бэндтері сіңіріп, отандық музыканың қалыпты түсінігіне өзгеріс енгізді.
Әншілерімізді таны.Көптеген жас талант соңғы жылдары Қазақстанның беделін халықаралық сахнада көтеріп келеді. Олардың көшін Димаш Құдайберген мен жас әнші Данэля Төлешова бастап тұр. Димаш Қытайдағы I am a singer халықаралық музыкалық телешоудан соң, ал Данэлия Украинадағы “Голос.Дети” байқауынан кейін әлемге танылды.
Тәуелсіз фестивальдер. Қазақстанда жаңа бағытты, ерекше музыканы іздеген жас дарындар мен тыңдармандарды жинаған тәуелсіз музыкалық фестивальдердің саны артып келеді.
Соңғы үш жылда пайда болған Nomad Vibes, “Gakku Дауысы”, “Юность” фестивальдері тек отандық музыканттарды танымал етіп қоймай, тыңдарман үшін жаңа стильдерді ашып келеді. Нәтижесінде артист пен аудитория арасында ашық байланыс, диалог құрылды.
Осы шақ пен болашақ. Қазақстанда қазіргі уақытта да эстрада мен поп-музыка басқа бағыттарды басып озып, танымал жанр болуын жалғастырып келеді. Дегенмен заманауи музыка индустриясы дұрыс бағытта дамып жатыр. Тіпті, бірнеше жылдан кейін қазақ әуені басқа елдер үшін үлгі боларлық деңгейге дейін жетуі әбден мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет