Соөж пән: Қазіргі Қазақстан тарихы Мамандық



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі35,33 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ист Досым Г срс 8

2.2 Тарау. Театр өнері


 1980 – 90 жылы Қазақ театрының режиссерлері республикадағы орыс драма театрлары сахнасында бірқатар спектакльдерді қойды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтындағы театр мен кино өнері бөлімі ұлттық театр өнерінің тарихын һәм оның өзекті мәселелерін зерттеумен айналысады. Арнайы білім алған маман театртанушылар: Б.Құндақбаев, Қ.Мұхамеджанов, Л.И. Богатенкова, С.Д. Қабдиева, К.Ә. Нұрпейісов, У.К. Садықова, Ә.Т. Сығай, Н.Н. Шәукенбаева, Л.М. Громова, М.В. Иовлева, И.Ф. Ким Қазақстан театр өнерінің мәселелерін зерттеумен айналысты. 1962 жылы Алматы қаласында ерікті шығармашылық ұйым – Қазақ театр қоғамы (қазіргі ҚР Театр қайраткерлерінің одағы) ұйымдастырылды. Қазақ театыр өнері саласындағы таңдаулы туындыларға Күләш Байсейітова атынд. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы (1966 жылдан жыл сайын, ал 1971 жылдан бастап екі жылда бір рет) беріледі. 1980 жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында әміршіл-әкімшіл жүйенің көбесі сөгіле бастауы, ашық демократиялық қоғамның орнауы мен цензуралық қысымның жойылуы, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі нәтижесінде республика театрларының шығармашылық өміріне жаңа леп әкелді, театрлар ұжымдарының алдына соны міндеттер қойды. Театрлар жаңа қоғамдық өмір мен әлеуметтік көзқарас және мақсат-мұратқа сай репертуарлық қорын тың туындылармен кеңейтті. Ұлт өмірінің тарихи белестерін жаңаша бағамдау мәселесі қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармаларынан басты орын алып, ол Б.Әбілдаевтың “Айша бибі” (1986, режисер Ә.Құлданов пен М.Бекхожин, Жамбыл облысы драма театры), Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” (1988, режисер Р.Сейтметов, Қазақ жастар мен балалар театры; 1989, режисер Б.Омаров, Талдықорған драма театры), О.Бодықовтың “Қорқыт” (режисер Ш.Зұлқашев),Б.Қорқытовтың “Ақбөбек” (екеуі де 1988, режисер А.Сұлтанғалиев, Атырау облысттық драма театры), Әуезовтің “Түнгі сарыны” (1989, режисер Асылхан) мен “Хан Кене” (1992, режисер Қ.Жетпісбаев, екеуі де Талдықорған драма театрында), Н.Әбутәлиевтің “Өттің дүние” (1992, режисер Ә.С. Рақымов), Иран-Ғайыптың “Шыңғыс хан” (1994, режисер Б.Атабаев), М.Байсеркеұлының “Абылайханның ақырғы күндері” (1996, режисер Байсеркеұлы), Оразалиннің “Қилы кезең” (Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, режисер Рақымов), Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан” (1998, режисер Атабаев, бәрі де Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында), М.Байғұтов пен Ш.Орынбаевтың “Қарлығаш әулие – Төле би” (1993, режисер Құлданов, Шымкент облыстық драма театры), К.Н. Жұмабековтің “Қаз дауысты Қазыбек” (режисер Ә.Оразбеков, Қарағанды облыстық драма театры), О.Дастановтың “Әзірет сұлтан” (екеуі де 1998, режисер Мәмбетов, Қазақ жастар мен балалар театры), т.б. спектакльдерде өзінің көркем сахналық шешімін тапты. 20 ғасырдың 90-жылдары Ақмола, Павлодар, Арқалық, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Атырау, Түркістан қ-ларында жаңадан қазақ театрлары ұйымдастырылды. 1975 жылы Республикада орыс драма театры академиясы театр атағын алды.1976 жылы ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Қожамқұлов Социалисттік Еңбек Ері атанды, ал режисер Мәмбетовке КСРО халық арт. (2000), Халық қаһарманы атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылған (2000). Идеялық-көркемдік жағынан уақыт талабына сай сапалы репертуары бар, халыққа жүйелі түрде мәдени қызмет көрсетіп отыратын үздік ұжымдарға (1959 жылдан) халық театры атағы берілді. 1985 жылы Қазақстандағы әуесқой ұжымдардың жалпы саны 20 191 жетті, оның 184-і кезінде халық театры атағына ие болды. Қалың көпшілікке танымал халық театрлары қатарында Абай (бұрынғы Семей облысы), Таран (Қостанай облысы), Шаян халық театры (Оңтүстік Қазақстан облысы) болды. Қазақстанда кәсіби 35 театр, оның ішінде 9 қазақ драма театры – Ақтөбеде (1993), Алматыда (1926), Атырауда (1938), Тараз бен Қарағандыда (1936), Қызылордада 1960), Оралда (1991), Талдықорғанда (1975), Шымкентте (1934); 6 қазақ музыкалы драма театры – Арқалықта (1972 жылдан, 1988 жылы Жезқазғанға қоныс аударды), Жетісайда (1969), Көкшетауда (1995), Павлодарда (1990), Семейде (1934), Түркістанда (2002); 2 Балалар мен жас өспірімдер театры (1947 жылдан қазақ, ал 1945 жылдан орыс театры); Неміс драма театры (1980, Теміртау, қазір Алматы қаласында); 3 музыкалы комедия театры – орыс (1973, Қарағанды), ұйғыр (1934, Алматы) және корей (1968, Алматы); 5 қуыршақ театры – Алматыда (1935, қазақ және орыс труппалары), Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981) және Шымкентте (1983) жұмыс істеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет