Әлеуметтік рөл Әлеуметтік жүйеде әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын мәртебесі немесе позициясына орай айқындайтын нормалар жиынтығы және бұл нормаларды іске асыратын мінез-құлықтың өзі әлеуметтік рөл деп аталады.
Рөлдік сипаттамада қоғам немесе кез келген әлеуметтік топ белгілі бір әлеуметтік позициялардың (қызметші, ғалым, кәсіпкер, мектеп оқушысы әскерилер және т.б.) жиынтығы түрінде ұсынылады. Қоғамда немесе әлеуметтік топта болатын адам бұл позициямен байланысты басқа адамдардың күтулеріне немесе «әлеуметтік тапсырысқа» бағынуға міндетті. Бұл «әлеуметтік тапсырысты» орындай отырып, адам әлеуметтік рөлді орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларының бірін (мысалы, жалқау немесе ынталы оқушы) жүзеге асырады [1].