ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті АҚ
СОӨЖ
ППиФ кафедрасы
Өткізген:Әділханова Е.Ә.
Оқу тобы:КяЛ-21-1
Қабылдаған:ППиФ кафедрасының
аға оқытушысы Мурзалиева А.Б
Жезқазған 2023
№1 СОӨЖ Сұрақ:Инклюзивті білім беруді заңнамалық қамтамасыз ету және халықаралық тәжірибе
Жауап:Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше білім қажеттігі бар инклюзивті ортамен қамтамасыз ету бағдары жоспарланды:2019 жылы психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі 137 бірліктен 220 бірлікке артады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар саны 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтілетін болады.Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилумдар жұмыс істейтін болады.
2017 жылдан бастап мектептегі білім беру сапасын арттыру және теңсіздікті азайту мақсатында “Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту” жобасы іске асырыла бастады.Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды,оның ішінде мектептердің материалдық –техникалық базасын жақсартуды,көп деңгейлі сараптау арқылы негізгі оқулықтардың сапасын арттыруды,орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуді көздейді.Қазіргі кезеңде барлық оқушылар үшін білім беру ресурстарының ашықтығы және оқыту технологияларына қолжетімдікті қамтамасыз ету білім порталдары мен желілік қауымдастықтар арқылы жүзеге асырылуда.Мысалы:KazEducationNet,Megamozg.kz,Edumart.kz,Edu.resurs.kz,Umnik.kz,Bilimland.kz,Eduteсh порталдары мен Назарбаев зияткерлік мектептері,Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы да басқа іргелі білім беру ұйымдарының желілік қауымдастықтарын атауға болады.
Инклюзивті қоғам орнату саясатын жүзеге асыру және оны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылуда.ХХ ғасырдың аяғында АҚШ,Ұлыбритания,Швеция,Германия,Скандинавиясынды әлемдік көптеген дамыған елдерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және дамыту мәселесі бойынша алдыңғы орында инклюзивті білім беру тұрды.Ол жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балалрдың оқуын жеңілдету үшін арнайы жағдай,көмек,қолдану,ұйымдастыруды қарастырады.Инклюзивті білім беру немесе Білім-баршаға бағдарламасы барлық балаларға мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында,техникалық-кәсіптік немесе жоғары оқу орындарында ұжым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаны БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап,бала құқықтары туралы конвецияға 2006 жылдың 13 желтоқсанда енгізді.
1994 жылы Испанияның Саламанка шаһарында мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім беру туралы дүниежүзілік конференция өтіп,оның нәтижесі ретінде инклюзивті білім тарихында Саламанка Декларациясы деген атаумен қалған шешім қабылданды.