Соөж тақырыбы: «Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау»



Дата08.02.2022
өлшемі94,14 Kb.
#98115
Байланысты:
Секербек Айдина 13-СОӨЖ
Секербек Айдина 15-СОӨЖ, Секербек Айдина 15-СОӨЖ

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ





СОӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау»





Орындаған: Секербек Айдина
Факультеті: Химия(1курс 6топ)

Ядролық қарудан бас тарту мәселесі -барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада- Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді. 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,олардың саны әлем бойынша сынақтардық 4/1-ін құраған.Ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарыслыстан бірнеше есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.Ол-ядролық қарусыз әлем құру үшін жасалған еді.Дегенмен,ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелерде жоқ емес. Атом технологиялары мен материялдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтық «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай деген: «Ядролық қаруды таратпай режімін нығайту жөніндегі бастамаларыз- әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесімізӘлемде алғашқы болып Семей полигонын жауып және атом қаруынан бас тартып, біз жетекші ядролық державлардан (АҚШ,Қытай,Ресей,Ұлыбритания) қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық »,-дед тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев.


Ядролық қарусыз әлем үшін жасалған бірнеше нақты бастамалар мен қадамдар: Семей полигонын жабу, 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тыйым салды, 1994 жылы 14 ақпанда МАГАТЭ мүшесі болды, 1993 жыл 13 желтоқсан Ядролық қаруды таратпау туралы заңға қол қойды.
Интернеттегі әлеуметтік желілердің жариялымдарын талдау
Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Әлеуметтік желілердің ақпарат қоғамындағы рөлін көрсету үшін бірнеше статистикалық мәліметтерге тоқталсақ:

  • « Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адам­дардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеумет­тік желілерді пайдаланады;

  • «Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті;

  • АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан;

  • Егер «Facebook» мемлекет болғанда, халық саны бойынша үшінші орында тұрар еді. Себебі 800 миллион қолданушысы бар.

  • Компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгі­неді;

  • Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі қонақтарының саны Қазақстан халқынан да көп;

  • -«Facebook»-та тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде.

Бұл — жаңа серпіліс. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан.»
Әлеуметтік желілердің кең тарауына себепші психологиялық факторларды төмендегідей жіктеуге болады:
1. Арманын виртуалды түрде шын сияқты көрсете алу. Яғни шын өмірде өзі жете алмаған жетістіктерді, өзіне бұйырмаған дүниелерді виртуалды әлемде қолы жеткендей көрсете алу. Мысалы, өз түр-келбетіне қанағаттанбайтындар өз суреттерін қалағанынша сәндеп қояды, немесе өзге біреудің суретін енгізеді, өзіне ұнайтын көлікті өзінде бардай көрсетеді,т.б.
2. Қалаған адамыңмен тез араласып, тез араны үзе алу;
3. Өмірде айта алмайтын ойларыңды еркін жаза алу;
4. Жаңалыққа деген құштарлық. Жаңалық, ақпаратқа деген құштарлық адам баласында болатын дүние. Ал әлеуметтік желідегі миллиондар ара­сында болатын мыңдаған ақпарат оны қанағаттандыра алады;
5. Өзіңе керек сәттегі әңгіме; шын өмірде саған ойыңды бөлісуге, ішіңдегіні ашып әңгімелесуге қашанда ыңғай бола бермейді. Қол бос емес боп қалады, т.с.с. ал «әлеуметтік желіде» сөйлесу қажеттілігін қашанда қанағаттандыруға болады.
Қорытындылай келе, Қазақстан бүкіл әлем елдері үшін қарусыз әлемнің бастаушысы болып есептеледі. Себебі, ең алғаш ТМД елдері арасында ядролық қарудан бас тарты. Ядросыз әлем үшін жасаған нәтижелі бастамалары ел болашағы үшін маңызы зор. Қазақстан бастамалары бейбіт болашаққа жетелейді.
Әлеуметтік желілер қазіргі таңда кең таралған ақпарат құралдары болып есептеледі. Әулеметтік желілердегі оқырмандар саны мен жарияланымдар саны күн сайын артпаса, кему үстүнде емес. Әлеуметтік желілердің ішінді көп қолданысқа иелері: Instagram және Facebook. Осы әлеуметтік желілерді дұрыс немесе бұрыс жағынан қолдану әркімнің өз таңдауы .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет