Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасы
Кіріспе Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Мұсылмандар үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла Тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шыкты, соның бірін айтсақ Қожа Ахмет Йассауи.
Тақырыптың өзектілігі :
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне иман ұялатқан Ахмет Йасауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Йасауи ілімінің маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз жөн.
Теологтардың пайымдауынша, сопылық — не нәрсені де әділдік, ұят және сұлулық өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық — этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс. Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім — тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика — эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған.