Қорытынды Ахмет Ясауи Бұқара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
«Диуани Хикметте» негізінен төрт нəрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. «Шариғат» – ислам дінінің заңдары мен əдет-ғұрыптарының жинағы, «тарихат» – сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, «хақихат» – құдаймен бірігу оған жақындау, «мағрифат» – дін жолын танып, оқыпбілу. Ахмет Ясауидің пікірінше, «шариғатсыз», «тарихатсыз», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес:
... Ути ғұмырым шариғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатқа баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатқа өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатқа бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы өте көп əрі шын беріле айтады, ол бұл шын мəніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол «надан», «түк білмейтін», «жалған сүюші», «жалған сопы» деп есептеді. «Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын», – деп, бар жандүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, «егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ», – дейді. Ахмет Ясауи арқылы сопылық түркітілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Пайдаланылған әдебиеттер Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. – Алматы, 2006. – 3 б.
Идрис Шах. Суфизм. 1-басылым. – М., 1994. – 446 б.
Əуезов М. Суфизм в Иране и Центральной Азии // Материалы
международной конференции (2-3 мая 2006 г.). – Алматы, 2007. – 4 б.
Байтенова Н.Ж. жəне т.б. Қазақстандағы діндер. – Алматы, 2009. – 238б.