Қазақ тілін оқыту әдістемесін модернизациялау ізденістерінен
Ерменбаева Л.
ҚМЭБИ (KIMEP) (Қазақстан)
Проблемы модернизации методики обучения казахскому языку. В этой работе делается попытка представить потенциальные производные из использования интернета и мультимедиа применения как образовательных ресурсов или как дополнительную помощь в обучении, или как материал для самоподготовки в свете он-лайн деятельности которая позволяет студентам автономно сконструировать значение и играть более активную роль в их учебном процессе (Chun & Plass 2000). Важность этого исследования определяется необходимостью создания теоретически и методически обусловленного, аргументированного мультимедиа материала в обучении казахскому языку, как второму и иностранному языку.
Problems of modernization methodic of teaching of the Kazakh language. This Paper attemts to present the potential derived from the usage of Internet and multimedia applications as educational resources applications as educational resources, either as additional teaching help or as self-access language material in the design of online activities which allow students to construct meaning autonomously and play a more active role in their learning process (Chun & Plass 2000). The urgency of our research is defined by necessity of creation theoretically and methodically proved, discursive multimedia of materials in teaching of the Kazakh language as Kazakh as the second and a foreign language.
Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаһандану процесі қазіргі білімге құштар жастарға арнап ағылшын тілін және басқа да халықаралық тілдерді оқыту және танымал ету үшін алуан түрлі оқу-әдістемелік өнімдерді бүкіл әлемге таратуда. Аудио және бейне материалдарға көпшіліктің қолдары жетерлік, ал Интернет сайттарының өзі көз сүріндірерлік екені белгілі. Бүкіл медиа (радио, телевизия, интернет, газет-жорналдар және т.б.) тіл үйретуге жұмылдырылған. Сан салалы білім беруге арналған теле және радио арналары тағы бар. Қазақстандағы жағдай басқаша.
Қазіргі кезде тіл үйрету саласында жаңа ақпараттық және қатысымдық технологияларды қолдану қажеттігі бүкіл әлемнің білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің бірі. Осыны ескере отырып, ЮНЕСКО-ның 1998 жылғы «Оқытушылар мен оқыту ісі шапшаң өзгермелі әлемде» атты баяндамасында және ЮНЕСКО-ның 2005 жылғы «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқытушыларды даярлау ісінде» тақырыбындағы баяндамасында дәстүрлі білім беру үрдісіне ақпараттық және қатысымдық технологияларды енгізудің мақсаттары мен оның салдары талданған. [10]
Жаңа технологиялардың пайда болуымен тілдерді оқыту әдістемесіндегі оқытушының ролі басым дәстүрлі дәрістік бағыттан студентке бағытталған интерактивті оқыту ортасын жасау қажеттігі туды делінген. (UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.19–20)
«Жаһандық біліктілік қоғамы» делінген баяндамада келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
• әлемдік қоғамдастық туғызған білім мөлшері әр 2-3 жыл сайын екі есе ұлғаяды;
• күн сайын әлемде 7000 ғылыми және техникалық мақалалар жарыққа шыға
• Жердің жасанды серіктері арқылы жеткізілетін ақпараттың екі апта ішіндегі мөлшері 19 миллион томды құрайды;
Индустриалды дамыған елдерде орта мектеп бітіретін оқушылар ата-әжелерінің өмір бойы алатын ақпаратын алып шығады деген түсінік бар.
Канада ұлттық мектептер кеңесі ассоциациясының жүргізген зерттеулерін алатын болсақ, келесі отыз жылдықта күтіліп отырған өзгерістер көлемі жағынан соңғы үш ғасырда болған өзгерістермен тең болады. (National School Board Association, 2002).
Осы сияқты құжаттарды басшылыққа ала отырып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде ең алдымен, осы саладағы оқытушылардың медиа сауаттылығы мен медиа біліктілігін дамыту мәселесі қолға алуды қажет етіп тұрғаны өз өзінен белгілі.
Қазақ тілі оқытушыларына бір факторды жақсы түсіну керек, ол – бір ғана медиамәтіннің медиа саласында сауаты жоқ адамнан гөрі белсенді және медиа сауаттылығы бар адамға берері мол екенін түсіну. Сондықтан қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың мультимедиа құралдарды тиімді қолдану әдістемелерін қалыптастыру мәселесі қазіргі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесін жалпы модернизациялауға апаратын бірден бір жол.
Адам баласы қашанда жаңа технологиялар диапазонын өздері мен дүниеден алған сезімдік әсерлері арасындағы дәнекер ретінде пайдаланып келгені белгілі. Статистиканың құрғақ сандары мен зерттеулердің нәтижесі сананың эмоционалды механизмдеріне тиіспейді. Ал біздің ішкі санамыз эмоционалды еместің бәрін маңызды емес деп білетіні белгілі болды.
Жазу, баспасөз, электронды пошта, радио, телевизия мен компьютер күнделікті өмірде қатысымды жақсартуға және тілдік қатысымның төрт психологиялық әрекеттерін (тыңдау, оқу, сөйлесу, жазу) дамытуда көмекші болып табылатыны да аян.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде және қазақ тілін шетел тілі ретінде оқыту әдістемесіндегі негізгі бағыт, ол - интерактивтілік. Бұл біздің қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз. Бұл әдетте, мазмұны хабардан тұратын іскерлік тілмен салыстырғанда, мақсатқа жету тілі болып табылады. Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.
Сонымен, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне болсын, ана тілін белгілі бір емтихандар алдында қайталап алу үшін, дайындалу үшін немесе жалпы өз біліми-танымдық деңгейін көтеру үшін және т.б. толып жатқан мәдени-ғылыми мұқтаждықтар үшін болсын, мультимедиа материалдар арқылы алатын білім аса тиімді әрі нәтижелі.
Мультимедиа форматындағы құралдар (аудио және бейнемәтіндер және т.с.с.) ерекше методологиялық үлгілерден және лингвистика мен әдістеме теорияларына сай тілді оқыту мақсаттарына байланысты сұрыпталып алынады. Қатысымдық біліктерді дамыту үшін сұрыпталып алынған материалдың мақсаттары анық болуы тиіс.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін алатын болсақ, осы тілде көркем фильмдерді қарап, сол тілдік ортаға еніп, тілді сіңіру жұмысы аса тиімді.
Көркем фильмдердің көрсетілім ұзақтығы орташа есеппен бір жарым сағатқа созылатындықтан, әрі өте үлкен тілдік материалды қабылдау қиынға соғатын болғандықтан, сабақта фильмді толық көру тиімді емес деп есептейміз. Студент я оқушы қажетті фильмді Интернет жүйесі арқылы да немесе арнайы тілдік лабораторияда сабақтан тыс уақытта өз бетімен көре алады. Ал оқытушы өз тарапынан сол көрілген ақпаратты студенттің коммуникативтік біліміне айналдыру үшін алуан түрлі тапсырмалар кешенін сауатты дайындай алуы тиіс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде компьютер тек қана студент-оқушының Интернет арқылы уақыт пен кеңістік шегінен шыға алуға мүмкіндік береді. Электрондық пошта, асинхронды қатысым, чат немесе синхронды қатысым жалпы тілдік қатысымның ең жоғары деңгейі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, компьютердің оқыту үрдісіндегі құндылығы: студент мәтінмен жұмыс істейді. Ал мәтін өз алдына тіл үйренушінің тілдік формаға деген назарын аударып, студенттің өзіне ыңғайлы, агрессивті емес ортаны таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа оқыту ортасын жасау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігін төмендегі салыстырма кестеден көруге болады: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа стратегиялары |
|
Достарыңызбен бөлісу: |