Дәстүрлі оқыту орталары
|
Жаңаша оқыту орталары
|
Оқу үрдісі оқытушыға бағытталған
|
Оқу үрдісі оқушы\студентке бағытталған
|
Қабылдаудың тек бір ғана модальділігін белсендендіру
|
Қабылдаудың бірнеше
модальділігін белсендендіру
|
Жалпыға ортақ білім беру траекториясы
|
Жеке тұлғаның ерекше сұраныстарына арналған білім беру траекториясы
|
Оқулық және дәптермен жұмыс
|
Мультимедиа объектілермен жұмыс
|
Оқушы-студенттердің жеке жұмысы
|
Оқушы-студенттердің бірлескен жұмысы
|
Ақпарат беру
|
Ақпарат алмасу
|
Пассивті оқу
|
Іздену-зерттеушілік тұрғыдағы белсенді оқу
|
Фактілер мен теорияны меңгеруге негізделген оқу түрі
|
Сыни ойлауды және ойлаудың сан алуан түрлерін дамыту және дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету
|
Оқу үрдісінде пайда болатын жағдаяттарға постфактум әрекет жасау
|
Оқу үрдісінде пайда болатын жағдаяттарды болжау, (де-факто) алдын ала әрекет ете алу
|
Ақиқатпен байланысы жоқ жасанды жағдайлар
|
Аутентті жағдайлар, өмірмен байланысты нақты
жағдайларды талдау, талқылау
|
Мультимедиалық оқытуда ақпарат өте көрнекті түрде ұсынылады. Лексиканың аудармасыз семантикасын, яғни табиғи, натуралды әдісті оп-оңай жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар.
Тағы бір маңызды құрал ол: Интерактивті тақта (IWB). Интерактивті тақта – бұл компьютер мен проекторға қосылған үлкен интерактивті кешен болып табылады. Оқытушы мен тіл үйренуші оқушы я студент материалды көрсету компьютер арқылы басқарылады.
Мысалы, белгілі бір сөздің фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске асыруға болады және тағы сол сияқты толып жатқан оң мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары: сабақтағы уақыттың үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз ұсынылуы, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол жеткізе білу және т.с.с.
Әр жаңа технологияның артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болуы әбден заңды. Сондықтан интерактивті тақта қолданылып өтілетін сыныптарда көп жұмыс мұғалімге байланысты болғандықтан, жиі сынға ұшырауда. Демек, бұл да ғылыми-әдістемелік зерттеулерді қажет ететін тың бағыт.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар. Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық объектілердің бірлігінен, мысалы, мәтін, графика, бейне (video) анимация және дыбыстан тұрады. Қазақ тілінде презентациялар дайындағанда студенттер жоспарлау, жобалау және мультимедиалық өнімді жасау үрдісінде жаңа білім мен білікке ие болады. Мультимедиалық презентациялардың кейбіреулері, мәселен, Интернет сайт жасау, бейнефильмдер түсіру, фильмді монтаждау, гипермедиалық құрылымдар жасау, радио, телевизия бағдарламаларын қолдану, мультимедианы қолданып, презентациялар дайындау және тағы сол сияқты. Сөйтіп, трансляциялық оқытудан интерактивті оқытуға көшу мүмкіндігі өз-өзінен шешіледі деп ойлаймыз. Бірақ бұл ретте мотивацияның ролін де жоққа шығаруға болмайды.
Сонымен қатар маңыздылығы артып келе жатқан әрекет түрі – ол қашықтықтан оқыту әдістемесі. Мысалы, қашықтықтан бірлескен жобалық жұмыс жасау әрекетін алуға болады. Оны ағылшынша telecomputing деп атайды. Бұл оқыту үлгісі дүниежүзілік өрмек арқылы бір оқу орны мен басқа бір оқу орнының оқу байланысын іске асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Осы жұмыстың нәтижесінде
пікір алмасу;
тәжірибе алмасу;
ақпарат алмасу;
мәселелер шешу әдістерімен алмасу;
жеке және бірлескен жобалар нәтижелерімен алмасу
және тағы сол сияқты сан алуан амал-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады.
Әртүрлі қатысым құралдарын пайдалана отырып, студенттер мен ұстаздар сарапшылармен және өз қатарластарымен чат, электронды тақталар, электронды пошта араласа алады. Нақты реалды және виртуалды уақыт жағдайларында араласу қатысушыларға еш кедергісіз ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Әңгіме шегерілген уақытта да өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ойланып-толғануға уақыт болады, уақыт айырмашылықтарын өтеуге де болады.
Ішкі сана сырттан келіп түскен ақпаратты эмоцияға айналдырады. Осы «эмоциялық архивтің» негізінде аз ғана секундтің ішінде әрекет етудің қарапайым да шұғыл шешімдерін интуитивті түрде береді.
Осы дана, тиімді сезімдер тілі жүйесіне біраз уақыт ғалымдар сенбей келді. Берлиндік ғалым, психолог Герд Гигеренцер осы жайында былай дейді: «Біздің миымыз ғасырлар бойғы эволюцияның нәтижесінде азғантай ғана ақпараттан шапшаң әрі дұрыс шешімдер шығаруға үйренген». Шешім қабылдау қазақ тілі әдістемесінде рольдік ойындар арқылы жүзеге асатын және тіл үйрену үрдісін белсендендіруші стратегия болып табылатынына тәжірибеде көз жеткізілді.
Выготскийдің теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек. (Выготский, 1982, т 1, 115б). Ал қала жағдайындағы студенттер үшін қазақ тілді табиғи орта жоқтың қасы. Ал медиақұралдар тіл үйренушіні сол әлеуметтік және әдеби тілдік ортамен тиімді қамтамасыз ете алады деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |