Современные тенденции развития иноязычного образования в высшей школе


Білім деңгейін анықтаудың тиімді аспектілері



бет183/229
Дата06.02.2022
өлшемі9,12 Mb.
#38185
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   229
Білім деңгейін анықтаудың тиімді аспектілері


Қамзаева К.С.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қазақстан)


В рассматриваются особенности одного из педагогических измерений и пути составления тестовых задач по технологии проф. В.А.Аванесова, основные аспекты в обучении казахского языка
The article considers the peacliarities of one of the pedagogical measures and ways of preporing tests on professor V.S.Avanesov's technology fased on aspects of teaching the leazahh language.

Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Педагогика ғылымының докторы, профессор В.С.Аванесовтің тыңдаушысы болып,арнайы сертификат алған оқытушылар тест тапсырмаларын пайдалану арқылы өзіндік табыстарға қол жеткіздік. Дәріс беру барысында аталмыш тәсілді меңгерген студенттер өздерінің сабақтарында (үздіксіз, мемлекеттік іс-тәжірибеде) тиімді қолдануда. Тест тапсырмаларын орындау барысында басты мақсат-міндеттер анықталады. Яғни, мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегі қағидалар мен нұсқауларды біліп алудан тұрады.



  1. Педагогикалық теория өлшемдерінің бастапқы ұғымы – педагогикалық тапсырмалар.

  2. Тест тапсырмаларын құрастырудағы түр – элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың ұстанымы.

  3. Тест тапсырмаларының түрлеріне қойылатын талаптар.

  4. Синтаксис бойынша тест тапсырмаларын жасау үлгілері.

«Педагогикалық тапсырма» рельевтеріне сұрақ, міндет,оқу проблемалары ұғымдары кіреді. Оны білім мен оқытудың интеллектуалды дамыту құралы деп анықтауға болады.
Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам, қоғам мемлекет игілігіндегі бір мақсаттағы үрдіс ретінде танылады. Сондай-ақ білімді өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі деп те анықтауға болады. Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік түр екі тапсырмадан тұрады. Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда, ал бақылау- білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы (ТТ) түр - элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың үлгілі принципі, ұстанымы (Аристотель). Сондай-ақ ол(түр) – тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын ұстаным анықтамасы (Кант).
Педагогикалық өлшемнің ұйытқысы 3 негізгі ұғымдардан тұрады:

Тест түріндегі Тест тапсырмалары Педагогикалық тест


Тест тапсырмаларын орналастыруда шығармашылықпен қарау (өнер) және түр мен мазмұнды жан-жақты біріктіру көзделеді. «Test» - «проба», «проверка»: мүмкіндіктерін тексеру, байқау мағынасында беріледі де, тест түріндегі тапсырмаларға қойылатын талаптарды білу көзделеді:
- ТТ мақсаты айқын болуы(қай сала бойынша ТТ жасалады: СИНТАКСИС).
- қысқалық;
- технологиялық (шеберлік, өнер, анық);
- айтылымның логикалық түрі;
- жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі);
- жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі;
- тапсырма элементтерінің орналасуының дұрыстығы;
- тәжірибеден өтушілер үшін нұсқаудың бірдейлігі;
- тапсырма мазмұны мен түрлері нұсқауларының нақтылығы.
ТТ- Қысқалық: Қажетті сөздерді жан-жақты таңдау (символ, график), максималды нақтылық, қайталау, түсініксіздік, сирек қолданылатын сөздерді (түсініксіз) қолданбау, шешім қабылдауда қиыншылықтарға кезіктірмеу. Технологиялық: аудиовизуалды құралдар көмегімен жүргізу: дәл, тез, үнемді, объективті, манитор экранында түрі мен мазмұны жақсы көрінуі тиіс. Айтылымның логикалық түрі: ТТ мазмұнының ұйымдастырылу тиімділігі мен реттілігін анықтайтын құрал. Жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі): Бір жауабы дұрыс тапсырмаларды таңдау. Осыған орай мына нұсқау нақты берілуі тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет