Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді


Карантин кезінде ата-ана бала психикасын неден қорғауы керек?



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,92 Kb.
#91811
1   2   3
Байланысты:
Сөз энергетикасы

Карантин кезінде ата-ана бала психикасын неден қорғауы керек?


Ата-ана мен бала карантинде қандай психологиялық проблемаларға ұшырауы мүмкін? Бала онлайн сабақ кезінде кибершабуылға тап болмай ма? Мұндай жағдайлардан қалай сақтану керек? Отбасы және балалар психологы Светлана Богатырева мен құқық қорғаушы Халида Әжіғұлова ата-ана карантин кезінде балаға қалай көмектесуі керек екенін айтып берді.

Адамдар интернет ресурстарды көп пайдалана бастағандықтан буллинг те интернетке ауысты. Ең сорақысы – ол балалар арасында ғана емес, ересектер арасында да бар. Күнделікті жанжалдар енді ортақ чатта да жалғасып, кибербуллинг пайда болды. Біраз ата-ана үлкендермен баланың көзінше ұрсысып жатады. Бала оны қалыпты жағдай деп қабылдап, өзі де интернетте біреуге дөрекі сөйлеуі мүмкін.


Ата-ана баласының интернеттен не көретінін біліп жүруі керек. Олар түрлі ресурсты қолданады, сөйлеседі, видео көреді. Балаға кибербуллингтің не екенін түсіндіру керек. Кіммен сөйлесетінін сұрап, бейтаныс адамдардың хатына жауап бермегені дұрыс екенін айту қажет. Кейде балалар компьютерде ойнап отырғанда бейтаныс қолданушыдан күмәнді хаттар келуі мүмкін. Бала бұған ашуланып, жауап жазады. Мұндай кезде балаңызға хатты скриншот жасап, дәлел ретінде сақтауды, сосын сол аккаунтты блоктау керек екенін айтыңыз. Содан кейін осы сайттың әкімшілігіне шағымдануға болады.
Интернетте бейтаныс адамның хатына жауап беріп, бірнәрсені дәлелдеудің қажеті жоқ. Себебі кибербуллердің мақсатын білмейміз. Балаңызға оның желідегі достары біртүрлі хаттар жазса, ақылға сыймайтын өтініш айтса, оны бірден үлкендерге жеткізу керек екенін түсіндіріңіз. Бала ата-анасының көңіл-күйін сезеді. Сондықтан оның жағдайын біліп, жиі әңгімелесіп жүру керек. Егер ол кибербуллингке ұшыраса, баланы жазғырудың немесе қорқынышты ештеңе болмағандай реакция көрсетудің қажеті жоқ.
Баланы кибербуллингтен қорғау үшін “Касперский лабораториясынан” түрлі қолданбаны пайдалануға болады. Мысалы, телефонға ойын мен қосымшаларды жүктеуді шектейтін қолданбаны енгізіңіз. Баланың жүрген жерін көрсететін және телефонының заряды қанша екенін айтатын қолданбалар да бар. Бала басқа жерде жүрсе, сізге бірден хабар келеді. Сонымен қатар баламен интернетті, телефонды қолдану уақытын ақылдасу керек. Онымен қандай да бір желілерде не себептен отыратыны туралы әңгімелескен артық етпейді. Кез келген адамға фото, видео жібере бермеуді де ескертіңіз. Алаяқтар жай фотоның өзін түрлендіріп, басқа мақсатқа қолдануы мүмкін. Ересектер де балалардың фотосын әр жерде жарияламағаны жөн.
Кибербуллинг суицидке, есірткі сатумен айналысуға, балалар порносы мен жезөкшелікке себеп болуы мүмкін. Елімізде TikTok желісіне қатысты оқиғалар тіркелді. Ол – 2015 жылы шыққан танымал видеохостинг. Қолданушылардың 60%-і – 16-24 аралығындағы жастар. Бірақ 2018-2019 жылдары осы желіде жезөкшелікпен, порнографиятүсірумен айналысатын топтар пайда болған. Оның ішінде белгілі бір дінді үгіттейтін ұйымдар да бар. Мұны көрген бала оның қаншалық қауіпті екенін сезбеуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар сақ болуы керек.
Интернеттің балаға қандай қаупі болуы мүмкін? Беске бөліп қарастырайық:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет