Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі25,92 Kb.
#91811
1   2   3
Байланысты:
Сөз энергетикасы

Қауіпті контент. Балалар жасына сәйкес келмейтін контентті тұтынуы мүмкін.

  • Интернетке тәуелділік. Компьютерде ешқандай бақылаусыз отыра берген оқушы интернетке тәуелді бола бастайды.

  • Бейтаныс адамдармен араласу. Алаяқтар әлеуметтік желіде баламен сөйлесіп, оның сеніміне кіруі мүмкін.

  • Киберқудалау. Көбіне ата-ана немесе балалар отбасы туралы мәліметті жариялап жатады. Алаяқтар кейін сол ақпаратты пайдаланып, түрлі себеппен бопсалауы мүмкін.








    Светлана Богатырева, отбасы және балалар психологы:


    Алғашында біразы карантинде айналысатын жұмысын ойлап, белсенді болып, төтенше жағдай тез бітетініне сенді. Карантин тағы ұзарған кезде адамдар түрлі күйге түсе бастады: я қорқыныш сезімі, я мазасыздық байқалады. Көбіне адам үйдегілерге шектен тыс ашулануы мүмкін, әсіресе өтпелі кезеңдегі балалар бұрын көңіл-күйі түскенде достарымен сыртқа шығып кетсе, қазір бәрі бір аквариумның ішіндегі балықтар сияқты күй кешіп отыр.
    Күйзеліске тағы бір себеп – онлайн оқыту. Қазір – ата-анаға да, оқушыға да қиын кез. Салдарынан адамды түсініксіз эмоция билеуі мүмкін. Мұндайда адам кімге, қайда жүгінерін білмейді. Дегенмен бірер кеңес айтайын.
    Бұрын осыған ұқсас жағдайды қалай өткергеніңізді еске түсірген дұрыс. Мысалы, 90-жылдары қазіргіге ұқсас дағдарыста не көмектескенін еске алыңыз. Қандай нақты әрекетіңіз сол жағдайдан шығуға ықпал етіп еді, қазір сол тәжірибеге сүйенуге болады.
    Отбасының әр мүшесіне ыңғайлы болатындай күн тәртібін енгізу керек. Балалардан да көп нәрсе талап етпеген дұрыс. Олар да адаптацияда жүр. Төртінші тоқсанның бүкіл сабағын игермесе, дұрыс оқи алмаса, жазалаудың қажеті жоқ.
    Арамызда баяғыша жұмыс істеп жүргендер бар. Олар депрессияға ұшырамауы мүмкін. Ендеше, жұмысы тоқтап, үйде жатқандар да бір іспен айналысқаны дұрыс. Тайм-менеджментте жұмыстың уақыт күттірмейтінін бірінші орындау керек болса, қазіргі жағдайда әуелі тез шаршатпайтын істі таңдау қажет. Ересектер баланы оқытуға көп күш жұмсап, тез шаршаса, сол энергияны толтыратын, өзіне ұнайтын бірнәрсемен айналысуы керек. Карантинде біразы бұрын кейінге қалдырып жүрген жұмысын істеп жатыр. Сізде де оқылмаған мақала, кітап бар шығар?
    Карантинде қанша мүмкіндік болса да, ештеңе істемей, бұрынғы өмірін еске алып, жата бергісі келетіндер бар. Адамның ештеңеге зауқы соқпауы оның эмоциясының жағдайға реакция бермегенін білдіруі мүмкін. WhatsАpp-тағы чаттардан түрлі ақпарат, сілтеме келеді, қараған сайын адамда үрей, қорқыныш, мазасыздық пайда болады. Осы кезде “бәрі жақсы болады” деп, жағымсыз эмоцияны бірден басып, ұмытып кету дұрыс емес. Әрине, агрессия туса, айналадағыларға оны көрсетудің қажеті жоқ. Дегенмен сол кездегі эмоцияны пайдалы нәрсеге жұмсауға болады. Айталық, ашу-ыза еденді тез жуып тастауға ықпал етуі мүмкін.
    Карантин кезінде баланың түрлі эмоцияға бейім болуы – қалыпты жағдай. Тек ата-ана олардың көңілін көтеру үшін түртпектей бермеуі керек. Бала ашуланса, көңіл-күйі түсіп жыласа, мінез-құлқы өзгерсе, әркез оның жағдайын сұрап, әңгімелесіп отыру керек. Мазасызданып тұрған адамның жағдайын сұрасаңыз, көңіл-күйі бірқалыпқа түседі. Бұл – психотерапевтер жеке қабылдау кезінде көп байқайтын жағдай. Бала қатты агрессияға бой берсе, груша немесе жастықты ұруына болады. Бала үрейленсе, мазасызданса, назар аударып, арқасынан сипап, сабырға шақыру керек. Кейде оған көрпеге оранып, өзімен-өзі жатуға да мүмкіндік беру қажет. Бала карантин жағдайында өзінен кішкентайлардың қылығын жасауы мүмкін. Мұндайда балаға көмек беріп, шыдай тұру керек. Егер бұл жағдай жиі қайталанса, бейжай қалдырмаған жөн.
    Бала ата-ананың айтқанын емес, істегенін істейді. Дәл қазір балаңыз қиын жағдайда не істеу керек екенін, жағымсыз эмоцияны қалай жеңуге болатынын, өмірден қалай жарасым табуға болатынын сізден үйреніп жатыр. Сондықтан әуелі өзімізді тәрбиелеп, содан кейін балаларымызға ситуациядан шығуға көмектескеніміз дұрыс.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет