Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Тілдік семантика, мәдени семантика



Дата17.10.2019
өлшемі132,68 Kb.
#50142
Байланысты:
Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері

Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Тілдік семантика, мәдени семантика

« Сөз мәдениетінің этикалық аспетісі » ұлттық этикалық ұстанымдардың, жалпыадамзаттық этикалық құндылықтардың этикалық нориаларды құрайтыны, ал этикалық нормалар дейтініміз қарым-қатынастың әртүрлі жағдаятына тән тілдесу ережелерінің жиынтығы болып табылатыны айтылады. Сөз этикасы дүниетанымдық компонеттерден, этикалық компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі ұғым.

« Сөз мәдениетінің этикалық аспетісі » ұлттық этикалық ұстанымдардың, жалпыадамзаттық этикалық құндылықтардың этикалық нориаларды құрайтыны, ал этикалық нормалар дейтініміз қарым-қатынастың әртүрлі жағдаятына тән тілдесу ережелерінің жиынтығы болып табылатыны айтылады. Сөз этикасы дүниетанымдық компонеттерден, этикалық компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі ұғым.

Сөз этикасының дүниетанымдық бөлігі адамзаттық құндылықтар жөніндегі ұғым, түсініктерден тұрады. Тілдік тұлғаның сөз әрекеті адамгершілік, ар-ұят, жауапкершілік, парыз, ізгілік, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, ақиқат тәрізді жалпыадамзаттық құндылық пинциптеріне бағынады. Тілдік қарым-қатынаста, сөйлеушінің саптаған сөз өріміне осы принциптер негіз болады.

Қарым-қатынасқа осы принциптерді ұйытқы етіп алушылық қазақтың байырғы ұлттық сөз өнері дәстүрінде, әсіресе шешендік сөз өнерінде айрықша орын алғандығын айқын аңғаруға болады: тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ; сөзді шын тоқтатады, суды шым тоқтатады.

Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау, қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы ұлттық реттеуші ереже.

  • Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау, қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы ұлттық реттеуші ереже.
  • Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар арасындағы қатынас саласы». Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі. Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып саналады. Оның мəдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол — қатынас, сөйлеу əдебі мəдениетінің элементі; 2) ол — тіл элементі, ал тіл болса — мəдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен оның сақтаушысы. Ұлттық мəдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде (мысалы, сəулет немесе киімі) ғана емес, сөйлеу əдебінің формаларында да көрініс береді. 

Мәдени семантика салт, наным, сенім, рәсім т.б. тәрізді атаулардың мазмұнында ұшырасады. Қазақ тұрмысында нанды аса қастерлі тағам деп ерекше қасиет тұтады. Дәм-тұздың атасы нан деп біледі. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса жүретін мәдени коннотациялық мағына әуелде дәм-тұзды киелі санайтын наным-сеніммен байланысты. Нан ұрсын, дәм-тұзын аттамау, дәм-тұз ұрсын, дәм тартты, дәм тартпады, дәмнен үлкен емес, нанды баспайды, таспен атқанды аспен ат т.б. дегендер нан-тұзды киелі деп танумен байланысты. Сөйтіп, нан-тұз, тұз-дәм зұлымдыққа қарама-қарсы қойылады. Зұлымдық дәм-тұздан аса алмайды, зұлымдықтың бетін дәм-тұз қайтарады деп білген.

  • Мәдени семантика салт, наным, сенім, рәсім т.б. тәрізді атаулардың мазмұнында ұшырасады. Қазақ тұрмысында нанды аса қастерлі тағам деп ерекше қасиет тұтады. Дәм-тұздың атасы нан деп біледі. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса жүретін мәдени коннотациялық мағына әуелде дәм-тұзды киелі санайтын наным-сеніммен байланысты. Нан ұрсын, дәм-тұзын аттамау, дәм-тұз ұрсын, дәм тартты, дәм тартпады, дәмнен үлкен емес, нанды баспайды, таспен атқанды аспен ат т.б. дегендер нан-тұзды киелі деп танумен байланысты. Сөйтіп, нан-тұз, тұз-дәм зұлымдыққа қарама-қарсы қойылады. Зұлымдық дәм-тұздан аса алмайды, зұлымдықтың бетін дәм-тұз қайтарады деп білген.

Байырғы қазақ қоғамындағы дәм-тұз адамдарды біріктіреді, ал қазан елдің бүтіндігін, бірлігін сақтайды деп білген. Жауласқан, кектескенде дұшпанның қазанын қақ айыру, қазан сындыру серті болған. Бұл семантикалық таңба дұшпанды бірлігінен, бүтіндігінен айыру деген мағынаны білдірген. Қазіргі кез білім, ғылымның заманы деп, мифологиялық санаға қатысты әртүрлі жол-жоралғы, салт-дәстүр, ритуал т.б. қоғамдағы орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Ритуал, жол-жоралғы, салт-дәстүр адамдарды қоғамдастырып отырады, салт-дәстүрі ортақ болғандықтан, бірін-бірі жақын тартады.Салт-дәстүр, жол-жоралғыны білмеген, мойындамағандарды қоғамдастықтан «бөтен» деп санайды. Тілдік қарым-қатынас мәдениетінде мұндай факторды елемеу коммуникативтік сәтсіздікке ұшыратады. Сондықтан мәдени-тілдік құзыреті жоғары тілдік тұлға тілдік коммуникацияда мифологиялық санамен байланысты факторларды да бағдарға алуға тиісті векторлардың бірі деп қарайды.

  • Байырғы қазақ қоғамындағы дәм-тұз адамдарды біріктіреді, ал қазан елдің бүтіндігін, бірлігін сақтайды деп білген. Жауласқан, кектескенде дұшпанның қазанын қақ айыру, қазан сындыру серті болған. Бұл семантикалық таңба дұшпанды бірлігінен, бүтіндігінен айыру деген мағынаны білдірген. Қазіргі кез білім, ғылымның заманы деп, мифологиялық санаға қатысты әртүрлі жол-жоралғы, салт-дәстүр, ритуал т.б. қоғамдағы орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Ритуал, жол-жоралғы, салт-дәстүр адамдарды қоғамдастырып отырады, салт-дәстүрі ортақ болғандықтан, бірін-бірі жақын тартады.Салт-дәстүр, жол-жоралғыны білмеген, мойындамағандарды қоғамдастықтан «бөтен» деп санайды. Тілдік қарым-қатынас мәдениетінде мұндай факторды елемеу коммуникативтік сәтсіздікке ұшыратады. Сондықтан мәдени-тілдік құзыреті жоғары тілдік тұлға тілдік коммуникацияда мифологиялық санамен байланысты факторларды да бағдарға алуға тиісті векторлардың бірі деп қарайды.

Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құралдармен байланысты.Мақал-мәтелдер белгілі бір құбылысқа «жаман»/«жақсы» деп баға береді, адамдарға ақыл-кеңес береді, сақтандырады: Жауды аяған жаралы қалады, Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің; Жал-құйрығы қалың деп, Жабыдан айғыр салмаңыз. Тәртіпке шақырады: Әкесі тұрып ұлы сөйлегенннен без, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без;Көңілді тыныштандырады: Орнында бар оңаларБатар күннің атар таңы бар; Сақтандырады:Жаман айтпай жақсы жоқ; жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында; ауру – астан, дау – қарындастан.

  • Тілдік тұлға үшін мәдени-тілдік семантиканың аса күрделі түрі фразеологимдер, паремологизмдер тәрізді тілдік таңбаның мазмұн межесіндегі құралдармен байланысты.Мақал-мәтелдер белгілі бір құбылысқа «жаман»/«жақсы» деп баға береді, адамдарға ақыл-кеңес береді, сақтандырады: Жауды аяған жаралы қалады, Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің; Жал-құйрығы қалың деп, Жабыдан айғыр салмаңыз. Тәртіпке шақырады: Әкесі тұрып ұлы сөйлегенннен без, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без;Көңілді тыныштандырады: Орнында бар оңаларБатар күннің атар таңы бар; Сақтандырады:Жаман айтпай жақсы жоқ; жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында; ауру – астан, дау – қарындастан.

Барлық фразеологизмдер, барша мақал-мәтелдер этномәдени семантика бола бермейді. Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдеби, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық ерекшелікті (спецификаны) танытатын компоненттер болады.«Адам қартаймайтын шайтан емес қой» деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ ұғымында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей жамандық көрме, ақ сақалды сары тісті болдейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.

  • Барлық фразеологизмдер, барша мақал-мәтелдер этномәдени семантика бола бермейді. Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, моралі, әдеби, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін ұлттық ерекшелікті (спецификаны) танытатын компоненттер болады.«Адам қартаймайтын шайтан емес қой» деп қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ ұғымында қарттық үлкен құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай жол беру жағы мықтап ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке жеткізсін, жағың түспей жамандық көрме, ақ сақалды сары тісті болдейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет