Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иeci Ж



Дата15.09.2017
өлшемі246,73 Kb.
#33541
Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иeci Ж.Аймауытов көркем шығармашылықпен бipгe өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікралысуларға да батыл араласып, жазу өнepi жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған. Оның қазақ әдебиетінің өзекті жақтарын қозғаған мақалаларының жалпы саны жиырмадан асады. «Жаңа батырдың» қалай қойылғаны» («Қазақ тілі», 15.03.1922) сияқты шағын хабардан, «Мәшһүр аға» (1927) деп басталатын М.Ж.Көпеевке жолдаған хаттарынан бастап, «Мағжанның ақындығы туралы» («Лениншіл жас», 1923, №5) атты әйгілі шығармашылық портреті секілді сынның түрлі жанрларында, формаларында жазылған мақалаларда қаламгердің нәзік әдеби-эстетикалық болмысы анық көрінеді. Өз ойларын ашық айта білген, жазушы енді бірде түрлі жағдайларға байланысты кей мақалаларын бүркеншік аттармен де жариялаған (А.Ж., Жанақ, Желкек, Екеу, Юсіпбек, Төртуыл).

Ж. Аймауытов «әдебиет - өнер» деп бөледі. Сондықтан да «Өнер азды-көпті еркіндік тілейді. Қазақ әдебиеті көгерсін, гүлденсін десек жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сыңаржақ кетпеу» (Әдебиет мәселесі «Ақжол», 1.04.1925) керек. Бұл жолдарда Жүсіпбектің әдеби ойларының негізін түп қазығы жатыр. Осы ойын ол тағы бірде таратынқырап, «Әдебиеттің күшеюіне, қаламшыларға азды-көпті еркіндік керек. Мүйіздеп қысымшылық көрсете бермеу керек» («Еңбекші қазақ», 1927, 8-9 тамыз), - деп түсіндіреді. Демек, әдебиет - сөз өнері, «өнер істеп үйрететін - шеберлік» (Көркем әдебиетті саралау. «Ақжол», 17.04.1925). Оған таптық тұрғыдан қысым жасауға болмайды. Осы негізгі ой оның әдебиет жайлы білдірген пікірлерінің орталық өзегіне айналып, өн бойынан байқалып отырады.

«Елесте» төңкерістен кейін қазақ әдебиетінде өpic алған келеңсіз жағдай аяусыз сыналады. Бірінші жақтан баяндалатын әнгімеде бас кейіпкер жазушының өзі бip мақала жазып тастау керек болып, столға отырғанда қаламы жүрмей, не жазарын, қалай жазарын білмей қиналып отырады. Бip кез қалғып кеткен екен, кез алдына «кеудесі портпел қолтықтап, аптомобел мінген кеудесіндей кердеңдеп басып, бip жігіт сап ете түсті». Елес: «Төңкерістен бepi не жазып жүрсіңдер?» – деп жазушыны тергеуге алады. Оның берген жауабында сол кез әдебиетінің тақырыптық, идеялық бағыттары көрініс тапқан: «Біз төңкерістің берген бостандығын, теңдігін жазамыз. Төңкеріс жолында құрбан болған ерлерді өлең қыламыз. Ортақшылдар жолын, Кеңес өкіметін мақтаймыз.

...еңбекшілерді тап күресіне шақырамыз; әйелдер теңдігіне арнап жазамыз. Жастарды оятамыз, жұртты оқуға үндейміз. Байды, жуан жұдырықты түйрейміз... Ескі молдаларға, дінге, ескі әдет-ғұрыпқа қарсы сөздер де жазылады» (Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар

жинағы. ІІ-том, 67-бет). Бұл жауапқа көңілі толмаған Елес: «Содан бepi қақсап келе жатқан жарапазандарың осы ғой» – деп, наразылығын білдіреді. Нені жазу керектігін жазушыға айтады. Елестің айтқандарынан Жүсіпбектің әдебиетке қатысты көзқарастары көрінеді. «Күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қара боран сөз мезі қылғандай болған жок па? Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы! Алты жылды айғаймен алдыңдар, тым болмаса енді ойлансаңдаршы! Енді бip өмірге, тұрмысқа келетін сөз жазсаңдаршы! «Біздер – жастар – көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жаншып тастап кетеміз, жанып тұрган отпыз, жалынбыз, біз қоймаймыз, біз кеңелтеміз, біз қарық қыламыз...» дей бергеннен не тамады? Мұнын бәpi ет пен терінің арасындағы жел емес пе?..» (сонда, 68-бет) – деп, сол кездеп құр айғай, ұраншыл әдебиетті сынайды. «Төңкеріс жасасын» деп ұрандатқан, жалаулатқан құрғақ сөздердің әдебиет емес екендігін айтқан.

«Біреуің» жаңашыл болғанның жөні осы деп ескі әдебиетті отқа өртеу керек деп жүрсіңдер. Ескі әдебиетті, ескі мәдениетті отқа өртеп, енеден данышпан, енеден еңбекшіл болып туған кім бар еді? Киімшең туған қандай ұл?

Ескі әдебиет, ескі мәдениет байдікі, патшанікі екен. Оларды жоялық. Бeршi, кәне жаңа әдебиетіңді, жаңа өнегеңді! Осыны айтатын ақындар кімнің әдебиетімен суғарылып, жаңашыл бола қалды екен?.. Жаңаға ecкi сабақ, жаңаға ескі баспалдақ емес пе?» (сонда) – деп, өткендегінің бәрі ecкi, оларды үстем тап жасаған, барлығын өртеп-жойып, жаңа заманның жаңа әдебиетін жасаймыз деген пролеткультшылдардың бағытына барынша қарсылық білдіреді. Сонымен бipгe сол кездеп ақын-жазушылардың не болса, соны

жазып, мың құбылып, әдебиетті былғап жүргеніне «бүгін – идеалист, ертең – символист, бірсүгіні – футурист, тағы бірдеме «ист», әйтпесе әрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңі, өшті-қасты кегіңе, әлде күншілдігіне бола елдіктің айнасы – әдебиетті ұрыс-керіске, боғауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы!» (сонда, 68-69-беттер) – деп күйінеді.

Заманының әcepi болу керек. Жүсіпбектің «бipey «Асанқайғы», «Шортанбай» болып қазақтың ертегідей өткен күнін жырлап, «зар замандатып» жүр. Өткенді қайтару, өлгенді тірілту кімнің Қолынан келмекші? Тарих өзенін теpic ағызатын қандай «әулие»? Қай Құдай?! Бұ күннен түңіліп, өткенді көксеп, мәдениеттен қашырған қайдан шыққан пайғамбар?» (сонда) – дегенінде тарихты жазу дегеніміз, өткенді аңсаушылық, кертартпалық дейтін сол кездің саяси ұстанымынын салқыны байқалмай қоймайды.

Елестің «Жазушы кім! Ақын кім? Білесің бе? Олар – заманның айнасы. Елдің тұрмысын, өмірін, тілегін, арманын әдебиет айнасына түсіретін солар. Оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ болып қазаққа ұғымсыз, не болса соған еліктемей, шын өмірді, деректі өмірді неге жазбайсыңдар? Төңкерістен бepi қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? Тұрмысқа қандай өзгepic кірмеді?» (сонда, 69-бет) дегендері - шығарма нысаны боларлық тақырыптарды санамалай, нақтылай көрсеткен кейбір жерлерінде замана лебі байқалып тұрғанымен де, негізінен автордың өз пікірлері.

Әңгіменің соңында Елес жазушыға айтарын айтып болған соң:

- Енді осылайша жазасың ба? – деп алтыатарын суырып алды.

- Шамам келмейді ғой, жолдас!

Еңдеше, жазтаныңды қоясың ба? – деп ақырып, мылтығын кезеніп кеудеме тақады.

- Қояйын, қояйын... – дедім» (сонда, 70-бет) – деген біраз жағдайды аңғартар оқиғамен аяқталады. Оянып кетіп, көзін ашса, түс екен. Ж.Аймауытов төңкерістен кейінгі қазақ әдебиетіндегі келеңсіз ахуалды өнердің шарттылығын пайдалана отырып, түс көру, елес беру арқылы шебер суреттей алған. Ал түсті жоруға келгенде қазақтан шебер халық жоқ екендігі тағы да белгілі.

Ж.Аймауытов сол кездегі ұраншыл қазақ әдебиетіне көңілінің толмайтындығын ашық айтады. «Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазушылары көркем сөздің не екенін білмегендіктен, әйтпесе өнepi жетпегендіктен не болса соны жазып, баспаға түcipiп, көркем әдебиеттің құнын түcipiп барады. Дәмсіз, кенеусіз сөзбен қандай әдебиет болса да туғыза алмаймыз» (Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. V- том. Алматы. 1999, 204-205-беттер) – деп, жиырмасыншы жылдарда үстемдік құра бастаған пролетарлық әдебиетке қарсылығын білдіреді. «Көркем өлеңге құлағы үйреніп қалған қазақ су татыған өленді оқымайды. Ондай өлеңге мейірі қанбайды... Өлең еместі өлең деп, жұрттың алдына тартуымыз ұят» (сонда). «Көркем әдебиеті саралау» атты «Ақ жол» газетінде (17.04.1925) жарияланған мақаладан келтіріліп отырған бұл жолдар авторының эстетикалық талғамының жоғары екендігі, көркем әдебиетке биік талаптар қоя білетінлігі аңғарылады.

Mepзімді басылым беттерінде жарық көрген үгіттік-насихаттық сипаты басым бірнеше өлеңсымақтардан үзінділер келтіре отырып, «мұнда қандай сурет, қандай күш, қандай сезімге әсер берерлік жері бар?» – деп реніш білдіреді. Көркем «әдебиетті қорқытып жібермес

үшін» баспасөз бетінде сынды күшейтуге шақырады.

Ж.Аймауытов негізінен поэзиялық шығармалар хақында пікірлер білдірген. Сондай-ақ, әдебиеттің драма, аударма сияқты салалары бойынша да жазған сын мақалалары белгілі. «Қазақ тілі» (қазіргі «Семей таңы») газетінде «Жаңа батырдың» қалай ойналғаны» (15.03.1922) атты қысқа хабар «Төртуыл» деген лақал атпен шыққан. «Төртуылдың» Жүсіпбек екенін белгілі әдeбиетшi Қайым Мұхамедханұлы айтағақтайды (қараңыз: «Қазақ әдебиеті» 26.06.1992). «Театр кітабы туралы» мақала да Төртуылдың авторлығымен жарық көрген. Ал «Зұлхбире» спектакліне жазылған театр рецензиясы «Ақ жол» (14.11 1924) газетінде «Қызылбас» деген бүркеншік атпен басылыпты. Жүсіпбектің «Зұлхбире» пьесасының қойылымына көңілі толмайды. «Атақты трагедияны көріп, «жаны сусындап» қайтушылар да болған шығар. Өзіміз онша қанағаттанарлық әсер ала алмалық, мақтаулы «Зұлхбиреге» жарымадық» деп, шығарманың бірсыпыра кемшіліктерін  көрсетеді.

Әдеби аударма көркемдік принциптерінің күрмеуі көп, аса күрделі мәселелердің бipi ретінде бұрын да, қазір де әдебиеттану ғылымының күн тәртібінен түспей келеді. Орыс әдебиетінен көркем шығармалар көптеп аударыла бастаған жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Жүсіпбек бұған аса мән беpiп, құнарлы пікірлер айта білген. «Қайткенде аударма дұрыс балады?» деген басты сауалдың төңірегінде күні бүгінге дейін екіұдай пікір бой көрсетіп келеді. Бірінші пікір бойынша, сөзге сөз тауып, түпнұсқадан бұлжытпай, дәл аудару керек болса, екіншісі дәлме-дәл аудару керек емес, оқушының ұғымына лайықтап, қазақ тілінің ерекшеліктеріне қарай аударған жөн дейді.



Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянаулы ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907!1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед.техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған. 
Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. 
«Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеум.революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдыңғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеум.өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. Аймауытовтың үлкен проза саласындағы тағы бір елеулі еңбегі - «Күнікейдің жазығы» повесі. 
Ол «Жаңа әдебиет» жарналында жариланған. Кітап болып басылып үлгермеген. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел теңдігі, негізі кейіпкерлері - кедей қызы Күнікей. Аймауытовтың ырғақты прозасы - қазақ әдебиетінде ақ өлең үлгісін туғызуға жол бастады. Аймауытов драмалық шығармалар жазұға ерте талпынған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойынсауак үйірмелеріне белсене қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған. Аймауытовтың пьесаларының негізгі тақырыбы да халықтың азаттағы идеясы. Ол ескі өмірдің мешеу көріністерін сынай отырып, халықты оқуға, өнерге, білімге үндейді. 
Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады «Рәбиға», «Қанапия мен Шәрбануда», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесалаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Аймауытов - әдеби творчествосын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеғдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған. Өлең - үлкен проза мен драматургияға ден қойған жазушының алғашқы тәжірибесі сияқты. Бұлардың көбі ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңару идеясын жырлайды. 
«Нұр күйі» поэмасында анасынан соқыр боп тұған баланың өнерпаз, күйші болып өсуі, дәрігердің көмегімен көзінің жазылуы суреттеледі. Аймауытов «Интернационал», «Жас әскер» сияқты революция дәуірінде кең тараған күрес жырларын қазақшаға аударған. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген жазушы үлкен публицист есебінде де белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау-фельетондар, хат-хабарлар көп. 
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді. 
Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады. 
1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. 
Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды. 
Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе. 
Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді. 
"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады. 
Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды. 
"Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады. 
Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады. 
Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927—1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол "Қартқожа" романымен үндес. "Қартқожада" көтерілетін күрес, азаттық идеясы "Ақбілекте" одан әрі жалғасады. 
Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. 
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді. 
Қысқасын айтқанда, "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. 
Сол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры Ж. Аймауытовтың 1928 жылы жазылған "Күнікейдің жазығы" атты хикаятына да арқау болды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді. Шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді. 
Хикаяттың бас кейіпкері Күнікей кедей қызы болса да, еті тірі, пысық. ПІығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру. 
Жазушы осы тұста шегініс жасап, Күнікейдің өткен өміріне үңіледі. Қыздың өскен ортасы, отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума—байдың малын баққан момын адам. Шешесі Шекер — үй тұрмысын берік ұстаған ширақ әйел. Күнікейдің жаратылысы да ешкімнен кем емес. Өрелі, өнерлі жас болып өседі. Тұрмыстың ұсақ-түйек етекбастылығынан өзін жоғары сезінеді Арын таза ұстайды. Сөйтіп жүргенде арам ойлы қаскүнемдердің қастандығына тап болып, кеудесін ашу мен ыза, намыс пен кек кернейді. Өзі үшін күресе жүріп, ұзатылған жерінен қашып кетіп, сүйген жігітіне қосылады. Бақытына енді қолым жетті дегенде, сүйген жігіті Байман да опасыздық жасайды. Күнікейді ауру еткен осы жағдайлар болатын. 
Күнікейдің басынан өткен бұл жайларды жазушы сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығымен сабақтастыра суреттейді. Ескіліктің бұғауын бұзып, қыздың ұзатылған жерінен қашып шығуын, сүйгені Байманға қосылуын баяндау арқылы жазушы сол кезеңдегі адамдар санасында оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса шын бостандық жоқ, қазақ ауылына шынайы азат өмір жеткен жоқ еді. Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады. 
Өзін осылайша талантты прозашы ретінде танытқан Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 1918 жылы жазалған "Бетім-ау, құдағи ғой" атты әңгімесінен бастап, 1927 жылы жазылған "Ханалар тарихына" дейінгі аралықта өмірге келген "Елес" (1924), "Әнші" (1925), "Боранды болжағыш әулие" (1926) тәрізді әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты оймен өрнектеп жеткізе алатын тамаша прозашының қолтаңбасы айқын байқалады. 
“Боранды болжағьпп әулие" әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі. 
... Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз. 
Қыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау", — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі. 
Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады. 
Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған. 
...Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала. 
Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр. 
Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді. 
Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады. 
Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды. 
Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты. 
Бұл — ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар. 
Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды. 
Драмашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған. 1917 жылдың аяғында оның "Ескі тәртіппен бала оқыту", "Рәбиға" атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы "Ел қорғаны", "Мансапқорлар", 1926 жылы "Қанапия мен Шәрбану", "Шернияз" атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы — азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды. 
Жүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады. 
Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. 
Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты. 

Ж.АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЫ

        


Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты – бүгінгі таңдағы әдебиеттану мен сында өте жиі сөз бола бастаған күрделі теориялық тәжірбиелік мәні мол мәселе. Әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің негізгі міндеттерінің бірі.

Психологизм әр түрлі шамада эпос, драма, лирикаға бірдей тән. Ол әдеби материалдың мазмұнын құрай отырып, мазмұнды ашатын формалық шешімдерді де тауып береді. Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек. Осы тұста әдебиетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Дулатов сынды қаламгерлердің адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып бергендігін ерекше атауға міндеттіміз.

Қазақ прозасына аса мол үлес қосқан, оның үлкен жанрларын дамытып, шеберлікке жетілуіне көп күш жұмсаған жазушы Жүсіпбек Аймауытов еді. Жүсіпбек – алғашқы қазақ романының авторы. «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1928) романдары арқылы ол қазақтың ұлттық әдебиетін тұңғыш рет еуропалық романдар үлгісімен жалғастырды. Және бұл романдармен дәуірдің көкейкесті мәселелеріне үн қосып, жаңа заманның кесек ұнамды бейнелерін жасады.

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. Бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген. Ішкі Ресейдегі қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қыз-келіншектерін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің күшпен зорлап қосылған уақытша әйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяндай отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық зомбылығын шімірікпестен істей салуы – бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың орысқа дегенде дәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын құтырына түседі. Ж.Аймауытов өз романында мәселенің осы жағына баса назар аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дәл берген.

Ақбілек – сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын шығарма.

Сондай-ақ Ж.Аймауытовтың «Қартқожасы» – қазақ жасының өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын кең көлемде алып суреттейтін шығарма. Бұнда да қазақ ауылының төңкеріс алдындағы және әлеуметтік шиеленістер тұсындағы тіршілігі, одан кейінгі ұмтылысы қиыншылықтарымен көрсетіледі. Әсіресе, жазушы оң-солын айырмаған ауыл жасының тартыстар талқысында әлеуметтік жіктер мен тайталасты түсініп, қоғамдық әділетсіздіктің себеп-салдарына ой жіберуін нанымды ашады. Роман тарихтың осындай бір кезеңі, шытырман оқиғаларға толы тұсындағы қазақ ауылы өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай кең тұрғыда суреттей алуымен бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, оның 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақтардың әлеуметтік күреске араласуы, Алашорданың құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, қазан төңкерісі мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі боп кіреді. Шығарма кейіпкері Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар легінде есейіп, есін жинап ілгері басады, болашаққа қарайды.

Жазушы Қартқожаның өсу жолын нанымды суреттейді. Оның қаладан келген жастарды көруі, солардай боп орысша оқуға құмарлығы, ішкі толғанысы ғасыр басындағы әлеуметтік өзгерістердің әсерімен туады. Әділетсіздікті тануына 1916 жылдың оқиғалары көмектеседі. Әуелде күрестен тыс тұрған жасты майданның қара жұмысына алуға шақыру, одан бас сауғалау әлеуметтік күрестің ортасына тартады. Көтерілісшілермен бірге болу ол үшін мектеп болғаны даусыз. Солдат өмірі де Қартқожа үшін зор мектеп болады. Ол көрмеген ортада жаңа заман құқын қабылдағанының белгісі. Жүсіпбек кейіпкерлердің ішкі дүниесін, күйініш-сүйініш сезімдерін суреттеуге көбірек жүгінеді.

Романның соңғы бөлімінде төңкерістен кейінгі қазақ жеріндегі өзгерістер суреттеліп, автор кейіпкерін аласапыран оқиғалар легінде ұстайды. Өмір тартысы тудырған сұрақтарға жауап іздейді. Мысалы, «Разверстка» кезінде мал жинау науқанына байланысты жүзеге асқан зорлықты, асыра сілтеуді қоспасыз әңгімелей отырып, байлардың малын алудың бүкіл халықты тонауға айналғанын жазады. Белсенділердің қолымен жоспарсыз, ретсіз жүргізілген бұл науқанның 1920-1921 жылдары елді аштыққа жеткізгені жайлы ойлауға меңзейді. Жүдеу тартып, малы азайып, күн көрісі әлсіреп қалған ел суретін береді. Осының бәрі роман кейіпкерінің сезінуі арқылы өтеді. Жүсіпбектің реалистік өнері романдағы халық тұрмысының кең жасалған суреттерінен танылды. Әр құбылыстың ар жағында жазушының өмір сыры жайлы толғанысы сезілді. Тіршіліктің қиындығын ол қазақтардың әрекетсіз, бос белбеу өмірімен байланыстыра қарайды.

Бұл романдардан кейін Ж.Аймауытов «Күнекейдің жазығы» (1929) атты повесть жазды. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел тағдыры. Көшпелі қазақ ауылындағы қатардағы шаруа адамының тіршілігін сол ортадан шыққан әйел тағдыры арқылы бейнелейді. Ауылдағы әлділер мен әлсіздердің ара қатынасы, қоғамдық әділетсіздіктің мүсәпір адамдарды езіп, рухани тоздырып бара жатқаны үлкен суреткерлікпен ашылады. Осындай ортадан шыққан Күнекейдің әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, өзінің адамдық, азаматтық құқын қорғауға ұмтылуы, атастырған күйеуін менсінбей, сүйген жігітімен қашып кетуі – ескі салтқа берілген соққы сияқты елестейді. Шығармада бүгін ұмытыла бастаған қазақтың әдет-ғұрпының көп суреттері бар. Ол кейінгі ұрпаққа тарихи-этнографиялық мәліметтер бере алады. Көлемі шағын болғанымен, ондағы өмір суреттерінің байлығымен, характерлердің алуан түрлілігімен, шындықты шынайы бейнелеу шеберлігімен, жазушы позициясының анықтығымен «Күнекейдің жазығы» Жүсіпбек шығармашылығынан елеулі орын алады.

Жүсіпбек Аймауытов өзіндік бағып алып, түрлі бейнелеу тәсілдерімен байи түскен қазақ әдебиетінің әдеби процесінде өзіндік орын алатын қаламгер екені анық.



Әдебиеттер тізімі

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді. «Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы - прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.

Ж.Аймауытов - көп жыл ұмыт болып, туған халқымен кеш табысқан қайраткер, сондықтан да оның есімі кейінгі толық ұрпақ үшін аса қымбат. Бүгінде Баянауылдағы бір шаруашылық, орта мектеп оның есімімен аталуы - жазушыға көрсетілген құрмет белгісі. Павлодар облыстық қазақ драма театрының Жүсіпбек Аймауытов есімімен аталуы да өте құптарлық.

 

Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Ол әдебиетіміздің барлық жанрында аянбай еңбек етіп, артына өшпес  мол творчестволық мұра қалдырды, жаңа советтік әдебиеттің негізін қалаушылардың алдыңғы легінде болды



1937 жылы репрессия құрбаны болған халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Ж. Аймауытов творчествосы қайта құру саясатының арқасында елімен қайта қауышты. Әдебиеттің барлық жанрында дерлік қалам тартқан Ж. Аймауытов артына творчестволық мол мұра қалдырған үлкен дарын иесі

Аймауытов Жүсіпбек – қазақтың көрнекті жазушысы. Ол адамның жан-жүйесін (психологиясын) қазақта тұңғыш зерттеп, оқулық жазған қайраткер, ағартушы, шын мәніндегі ұстаз, 30-жылдар зорбалаңының құрбаны болған суреткер, драматург, ғалым. Оның шығармашылық еңбектері араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, соңғы жылдары ғана жарық көре бастады. Белгілі ғұлама ғалым Қирабаев Серіктің ұсынып отырған мынау зерттеу кітабында Аймауытов Жүсіпбектің осы қиын да күрделі тағдыры әңгімеленіп, өмір жолы, болмыс-бітімі, тыныс-тірлігі жан-жақты суреттеледі.



Ж. Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында аса бай құнды әдеби мұра қалдырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет