- Сан есімдердің басқа сөз таптарынан ерекшелігі-басқа сөз таптарынан жасалмауы, бұл қасиеті оның стильдік мәнінің тұрақтылығын айқындай түседі. Сан есімнің эмоционалдық – экспрессивтілігінің қуаты халықтың әдеби тілдік қорындағы тұрақты тіркестер құрамында келіп, функционалдық стильдердің әрқайсысында дүниетанымдық, елтанымдық, символдық сияқты стилььдік күш-қуатымен ерекше көзге түседі.
- Мәселен, публицистикалық стильде сан есім белгілі ситуативті және контекстегі мәтіндердің кейбір нақты мәліметтерін көрсету де ерекше сөйлеу экспрессиясының қайнар көзі болып табылады. 2 миллион адам қазақша жазып, оқи алады, 40 000 адам орыс мектебінде білім алуда. Республикада 500 мың адам тіс ауруымен ауырады
Сан есімнің стилистикалық қызметі - Есептік сан есімдердің ішінде лексика-семантикалық және грамматикалық жағынан бір сан есімнің қолданылуының стильдік ерекшелігі сан алуан. Күнәсіз бәйбішемен болады араз, Жастың көңілі жылымас ол өзіне аз. Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай, Бір жерге қосыла ма қыс пен жаз (Абай).
- Ауыз әдебиеті үлгілерінде батырлық жырларда эпикалық сан есімдер жиі кездеседі. Алты қанат ақ орда, алты құлаш ақ найза, алты қарыс азулы алысқанмен арыстан батырдың сыртқы “дизайндық” көркінің моделі сандық жүйемен бейнеленген.
- Сан есім басқа да сөз таптары сияқты эмоционалды - экспрессивті қызмет атқара отырып, стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізуге күш алады. Мысалы, публицистикалық стильде сан есімдердің оқырманды, тыңдарманды толқыту әсер беру қызметі ерекше БАҚ жаңалықтарында Бүгін Алматы қаласында қылмыс тіркелді оның 70-і анықталды, 30 қылмыс ашылмай қалды деген хабар экспрессивтік қызмет атқарып тұр
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |