3. Зерттеудің жұмыс бағдарламасы
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес жалпы концепциясының (тұжырымламасының) берілуі – зерттеудің жұмыс бағдарламасы.
3.1 Жұмыс бағдарламаның методологиялық бөлімі (зерттеу объектісі мен пәні, гипотеза және басқ.)
Жұмыс бағдарламасының методологиялық бөлімі келесілерді қамтиды:
- зерттеу проблемасы мен тақырыбын тұжырымдауды;
- зерттеудің объетісі мен пәнін анықтауды;
- зерттеудің мақсатын анықтау мен міндеттерін қоюды;
- негізгі ұғымдарды интерпретациялау;
- жұмыс болжамын тұжырымдау.
Проблеманы (тақырыпты) анықтау – бұл шешімін табуды талап ететін мәселе. Мәселелер технологиялық және ғылыми деп бөлінеді.
Технологиялық мәселе (білім беру жүйесіндегі) – білім беру кезеңдеріне қойылатын талаптар мен нақты білім беру жүйесіндегі қолданыстағы технологиялар деңгейлерінің арасындағы қарама- қайшылық.
Ғылыми (гносеологиялық) мәселе - білім беру (мысалы, математиканы оқыту әдістемесі) талаптары тұралы білімдер мен оны қанағаттандыратын әдіс-тәсілдерді білмеу арасындағы қарама-қайшылық. Мұндай проблемалар теорияларды, практикалық ұсыныстарды әзірлеу арқылы шешіледі.
Мысалы, ғылыми мәселе – теориялық негіздеу арқылы практикалық нақты мәселені шешу немесе практикалық ізденістің теориялық негіздерін жасау болуы мүмкін.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Объект – бізді қоршаған ортадағы (материалдық әлемдегі) нәрсе, құбылыс немесе процесс, мысалы, білім бер жүйесіндегі оқыту процессі.
Объект кеңауқымды аймақ, оны жан-жағынан зерттеуге болады, оны оңай анықтауға болады.
Объект – негізгі ұғым, өйткені ол жүйенің бір бөлігіне қатысты және одан кейін кішігірім міндеттер туындайтын ғылыми таным саласы.
Объект-ол зерттелетін нысан, зерттеудің теориялық өрісі.
Объектіні бір-екі сөзбен немесе сөйлеммен сипаттауға болады.
Зерттеу пәні – зерттеу объектісінің бір бөлігі, қасиеті немесе сипаттамасы. Зерттеу пәні жұмыс тақырыбымен тығыз байланысты, сондықтан оны жиі қайталауы мүмкін.
Пән - қосалқы ұғым (екінші реттегі ұғым), ол объектіні нақтылайды, зерттеу объектісінің бір нақты жағын, сапасын, қасиеттерін сурақтарын немесе проблемасын бейнелейді және көрсетеді.
Зерттеу пәні – объект ішіндегі кейбір аспектілер, белгілер, заңдылықтар, қасиеттер, байланыстар мен қатынастар. Зерттеу пәні «Не нақты зерттелуде?» деген сұраққа жауап береді, ол тақырыппен тығыз байланысты болғанымен, оны дәлме-дәл қайталамағаны дұрыс.
Пәнді сипаттау кезінде сипаттауға қатаң шектеу қоюдың қажеті жоқ, бұл дұрыс та.
Егер бастапқыда сұрақтар дұрыс қойылған болса және ұғымдар дұрыс ажыратылған болса, онда ғылыми жұмысты тұжырымдау мен жазуда қиындықтар болмайды. Зерттеу объектісі мен пәнін дәл айыра алу жұмыстың сауатты және кәсіби жазылғанының көрсеткіші бола алады.
Зерттеу объектісі мен пәнін нақты анықтау мақсатқа сәйкес зерттеу аймағын және оның кейбір аспектілерін анықтаумен байланысты.
Мысалы:
- математиканы оқыту әдістемесінде объект – математикадан білім беру жұйелеріндегі оқыту процессі, ал пәні – нақты математика саласы бойынша нақты білім беру сатысындағы оқыту процесі;
- математикада объект- дүниедегі белгілі бір қатынастар, объективті математикалық конструкциялар, пән – объектінің теориялық бейнесі, оның абстрактылы және идеалдандырылған бейнесі;
- физикада объект-плазмалық процесс, пәні – наноқұрылымдағы плазмалық процесстер.
- информатикада обект- жүйелер, пән – қандай да бір бағдарламалық қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |