Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов



бет1/5
Дата11.11.2023
өлшемі123,08 Kb.
#190967
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО


ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
8-Дәріс. Дереккөздер, зерттеу объектісі мен пәні, гипотеза
Академиялық жазу


6В01501-Математика, 2 курс
Оқытушы: Қағазбаева Ә.К., п.ғ.д., профессор,
e-mail: aspet-k@mail.ru

Негізгі сұрақтар:
  • Ғылыми ақпараттың негізгі дереккөздері

  • 2. Дереккөздерді зерделеу
    3. Зерттеудің жұмыс бағдарламасы
    3.1 Жұмыс бағдарламаның методологиялық бөлімі (зерттеу объектісі мен пәні, гипотеза және басқ.)
    3.2. Жұмыс бағдарламасының процедуралық бөлімі (зерттеудің принципті жоспары, эмпирикалық материалдарды жинақтау мен талдаудың негізгі процедуралары)

1. Ғылыми ақпараттың негізгі дереккөздері
Ақпарат дереккөздері деп қандайда мәліметтерді қамтитын құжатты айтады.
Құжаттарға негізгі ғылыми ақпарат көздері бола алатын әртүрлі басылымдарды жатқызады.
едакциялық-баспалық өңдеуден өткен, баспа немесе рәсімдеу арқылы алынған, баспа арқылы дербес ресімделген, шығыс мәліметтері бар ақпаратты таратуға арналған құжат.
Ғылыми ақпарат көздері ретінде көпшілікке арналып жарияланбаған құжаттар қызмет етеді: диссертациялар, арнайы сақтаудағы қолжазбалар, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің есептері, ғылыми аудармалар, шолулық-талдау материалдары. Басылымнан бұлардың айырмашылығы, олар көпшілікке және жиі қолданысқа арналмаған, тек қолжазба ретінде сақталады немесе аз данасы ЭЕМ-ның көмегімен шығарылады.
Барлық ғылыми ақпараттардың құжаттық дереккөздері алғашқы және қосалқы деп екі топқа бөлінеді.
Бастапқы құжаттарда бастапқы мәліметтер, ғылыми зерттеулердің тікелей нәтижелері (монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, диссертациялардың авторефераттары және т.б.), ал қосалқы құжаттарда бастапқы құжаттарды аналитикалық және логикалық өңдеу (анықтамалық, ақпараттық, библиографиялық және басқа да осыған ұқсас басылымдар) нәтижелері болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті ақпаратты барынша алуға болатын жарияланымдар ғылыми зерттеулер үшін ең үлкен қызығушылық тудыратын басылымдар. Олар ғылыми-танымдық, оқу, анықтамалық және ақпараттық басылымдар.
Бастапқы және қосалқы ғылыми ақпараттар басылымдарының түрлері тұралы алдыңғы дәрістерде айтылып (қолжазба, басылымдар, интернет дереккөдері және.т.сс.), кейбіреулерінің сипаттамаларына толық тоқталып кеткенбіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет