Создание благоприятного психологического климата в детском коллективе и способы урегулирования конфликтов


Зерттеудің мақсатын анықтау мен міндеттерін қою



бет4/5
Дата11.11.2023
өлшемі123,08 Kb.
#190967
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО
kodi, ОЧАГОВЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. ИНФИЛЬТРАТИВНЫЙ ТУБЕРКУЛЕЗ. КАЗЕОЗНАЯ ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКА И ПАТОГЕНЕЗ., stud.kz-122706 (1), 2-лекция, 8.-Дәріс-ҒЗН-2МПКО, СИНОПСИС, СИНОПСИС, лекция 1, 3-4-лекция 2
Зерттеудің мақсатын анықтау мен міндеттерін қою. Зерттеудің мақсатын анықтау – бұл оның соңғы нәтижесіне бағыттылығы. Зерттеудің міндеттері – бұл зерттеу процесі барысында шешілуі керек нәрсе; жауап беруді қажет ететін сұрақтар.
Негізгі ұғымдарды иинтерпретациялау – негізгі ұғымдардың мағынасын түсіндіру, нақтылау. Ұғымдардың теориялық және эмпирикалық интерпретациялары бар.
Теориялық түсіндірме – түсіндірілетін ұғымдардың басқа ұғымдармен байланысын ашу арқылы олардың маңызды қасиеттері мен байланыстарының логикалық талдауы.
Эмперикалық интерпретация – негізгі теориялық ұғымдардың эмпирикалық мағыналарын анықтау және оларды бақыланатын фактілер тіліне аудару.
Ұғымды эмпирикалық тұрғыдан түсіндіру дегеніміз ұғым мазмұнының белгілі бір маңызды белгісін көрсететін және өлшеуге болатын көрсеткішті (индикаторды, факторды) табу.
Жұмыс гипотезаларын тұжырымдау. Гипотеза кез келген фактілерді құбылыстарды немесе процестерді түсіндіру үшін алға қойылған ғылыми болжам ретінде зерттеу мәселелерін табысты шешудің маңызды құралы болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы бір немесе бірнеше гипотезаға бағытталған болуы мүмкін. Келесідей гипотезалар түрлерін ажыратады: сипаттамалық, түсіндірмелі және болжамдық, негізгі және негізгі емес, негізгі және қосалқы, гипотеза-негіздер мен гипотеза-салдарлар. Әдістемелік зерттеулерде себеп салдар түрі қолданылады.
3.2. Жұмыс бағдарламасының процедуралық бөлімі (зерттеудің принципті жоспары, эмпирикалық материалдарды жинақтау мен талдаудың негізгі процедуралары)
Жұмыс бағдарламасының процедуралық бөлімі зерттеудің принципті жоспарын, эмпирикалық материалдарды жинақтау мен талдаудың негізгі процедураларын қамтиды.
Нақты ғылыми зерттеу іргелі жоспар бойынша жүргізіледі, ол зерттеу объектісі туралы ақпарат көлеміне байланысты құрылады. Жоспарлар зерттеушілік, аналитикалық (сипаттау) және эксперименттік болуы мүмкін.
Зерттеушілік жоспары зерттеу объектісі мен пәні туралы нақты түсініктер болмаса және жұмыс гипотезасын ұсыну қиын болса қолданылады.
Мұндай жоспарды құрудың мақсаты – тақырыпты (мәселені) нақтылау және гипотезаны тұжырымдау. Ол әдетте тақырып бойынша әдебиеттер жоқ немесе өте аз болған кезде қолданылады.
Сипаттамалық жоспар зерттеу объектісі мен пәнін анықтау және сипаттамалық гипотезаны тұжырымдау мүмкін болғанда қолданылады. Жоспардың мақсаты – осы гипотезаны тексеру, зерттеу объектісін сипаттайтын фактілерді сипаттау.
Эксперименттік жоспарына әдістемелік (нақты оқыту процесінде) эксперимент жүргізу кіреді. Ол ғылыми мәселе мен түсіндірме гипотеза тұжырымдалғанда қолданылады. Жоспардың мақсаты – зерттелетін объектідегі себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.
Бағдарламаның процедуралық бөлімі зерттеу әдістерін таңдауды негіздейді, осы әдістердің зерттеу мақсатымен, міндеттерімен және гипотезаларымен байланысын көрсетеді.
Белгілі бір әдісті таңдағанда, ол:
  • тиімді болуы, яғни алға қойылған мақсатқа жетуді және зерттеудің қажетті дәлдік дәрежесін қамтамасыз етуі керек;
  • үнемді болуы, яғни зерттеушіге уақытын, күшін және құралдарын үнемдеуге мүмкіндік беруі керек;
  • қарапайым, яғни тиісті білікті зерттеушіге қолжетімді болуы керек;
  • адам денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз болуы керек;
  • мораль және құқықтық нормалар тұрғысынан қолайлы болуы керек;
  • ғылыми, яғни берік ғылыми негізі бар болуы керек.

  • Студенттер ғылыми зерттеулерге арналған жұмыс бағдарламаларын жасамайды, бірақ олар ізденіс жұмысын дайындаудың жоспарын құруға міндетті.
    Магистрлік, дипломдық жұмыстың немесе курстық жұмыстың жоспары кіріспеден, бөлімдер мен бөлімшелерге (сұрақтарға) бөлінген негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет