Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы. Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда болуы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі45,2 Kb.
#97726
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Курстық жұмыс.

Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Олардың терминдік, лексика-грамматикалық мәні контексте, сөйлем ішінде анықталады, өйткені сөз мағынасы әр қилы. Мектеп грамматикасында сездердің лексика-семантикалық мәні ережелер арқылы беріледі.
Зат есім заттың атын (кітап, ағаш, сүт), сын есім заттың сынын көрсетеді: ақ, қара, жақсы, үлкен, сары т. б. Сондай-ақ сан есім заттың санын (үшеу, екінші, бес, елу, отыз), етістік істің қимыл процесін білдіреді: айту, алу, көру, жүру т. б. Осындай тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан анықтайды (11, 5).
Екіншіден, барлық сөздерді белгілі-белгілі грамматикалық сөз таптарына телу, олардың өзді-өздеріне тән түрлену өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу қабілетін, өзге сездермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері – тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше, қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Ал, сөздердің, сөз таптарының грамматикалық жақтарын ескеру деген сөз – олардың грамматикалық сипаттарын анықтау дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы қажет.
Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі керек.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі. Сөз таптарының морфологиялық белгісі – әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты. Мәселен, зат есім түрленсе (септелсе, көптелсе, тәуелденсе), өзінің номинативтік мағынасынан айырылмайды, сын есім ондай емес, өзінің мағынасынан айырылып, субстантивтенеді. Сын есімде шырай категориясы болса, басқа сөз таптары олай емес. Етістікте шақ категориясы болса, басқа сөз таптарында ол жоқ. Басқа сөз таптарына жұрнақ қосу арқылы сан есім жасалмайды, тек өз ішінде лексика-грамматикалық топтарға бөлініп жатады.
Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесіне бейім тұрады. Мәселен, зат есім атау тұлғасында бастауыш болса, сондай формадағы сан есім мен сын есім көбінесе анықтауыш: етістік – баяндауыш, үстеу – пысықтауыш болады. Сөз таптарының сейлемдегі осындай функциясы – синтаксистік қызметі деп аталады. Бірақ мұнан олар басқа формаларда, тіркестерде тұрып, сөйлемнің басқа мүшесі бола алмайды деген қорытынды шығаруға болмайды.
Соңғы жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясына елеулі жаңалық енгізген ғалым С.Исаев болды. Ғалым қазақ тіл білімінде бұрын да термин ретінде жиі қолданылғанымен, мән-мағынасы күңгірт грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді іргелі грамматикалық ұғымдарды қазіргі лингвистикалық даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беру арқылы сөз таптастыру мәселесінде де барынша айқындық енгізді. С.Исаев ең алдымен, сөздерді түрлі топқа жіктеу барысында бұрынғы еңбектерде жіберілген ең басты қателік-тілдің лексикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстар мен грамматикалық қабаты деңгейіндегі құбылыстардың шатастырылып жүргендігіне байланысты орын алған қателікті түзеп, әрқайсысын орын-орнына қойып берді. Мысалы, бұрынғы зерттеулерде қазақ тілі сөздері алдымен атауыш сөздер, көмекші сөздер, кейде одағай қосылып, осылайша үшке бөлінуін ғалым Сол еңбектерде айтылатындай сөздердің семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне қарай емес, таза лексикалық сипаты, белгілеріне қарай жіктелуі деп тілдің лексикалық деңгейіне жатқызады. Оның дәлелдеуінше, алдымен, сөздерді жоғарыдағыдай үш топқа бөлуде морфологиялық белгілердің еш қатысы жоқ, өйткені атауыш сөздердің түрленетіндері (зат есім, есімдіктің бірқатары, етістік) бар, түрленбейтіндері (сын есім, сан есім, есімдіктің кейбірі, үстеу) бар, сол сияқты бұл құбылыс көмекші сөздерге де тән, яғни көмекші есім, көмекші етістік түрленсе, шылау, еліктеуіш сөздер түрленбейді. Сондықтан морфологиялық белгілер тілдегі сөздерді атаушы, көмекші, одағай деп бөлуге негіз бола алмайды (12, 285). С.Исаев лексикалық семантика мен грамматикалық семантиканы ажырату арқылы сөз таптарын «сөздердің грамматикалық (лексикалық емес) сипатына негізделген ортақ белгілері арқылы біріктірілетін грамматикалық топтары» ретінде таныса, жоғарыдағы үш сөз тобын (атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай) лексика-семантикалық сипаты, белгілері арқылы жіктелгендіктен, оларды тілдің лексикалық қабаты денгейіндегі құбылыс деп түсінеді. Көмекші есімдердің сөз табы ретінде зат есімнің, көмекші етістіктің лексикалық мағынасының бар-жоғына қарамастан етістіктің аясында қаралуы да ғалымның сөз таптарын грамматикалық сипаттағы топ, ал атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағайлар деп бөлінген үш топты лексикалық сипаттары топ ретінде тануының тағы бір дәлелі бола алады. (12, 286).
Сөздердi таптастыруға байланысты көптiң ойларына профессор М.Оразов «Көмекшi сөздер» деген еңбегiнде айтып, С.Исаевтың пiкiрiне қосылады (13, 66-67).
С.Исаев сөз таптастыруда бірден-бір қажеті ұғым грамматикалық мағына ұғымын жан-жақты зерделеп, оны айқын қалыпқа түсірді. Грамматиканық мағынаны сөздің негізгі грамматикалық өзегі ретінде анықтай отырып, ғалым оны (грамматикалық мағынаны) жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын анықтаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына деп іштей үшке беледі. Ғалым және сөз таптастырудың белгілі үш принципі негізінде осы үш грамма-тикалық мағына (семантикалық принцип негізінде жалпы грамматикалық мағына, морфологиялық принцип негізінде категориялық грамматикалық мағына, синтаксистік принцип негізінде қатыстық граматикалық мағына) жатқанын айтып дәлелдеді.
Сонымен, С.Исаев және М.Оразов сөздерді таптастыруда семантикалық принцип морфологиялық принцип және синтаксистік принципті негізге ала отырып қазақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетті.

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Үстеу

  6. Етістік

  7. Еліктеу сөздер

  8. Шылаулар

  9. Одағай

  10. Модаль сөздер

Ғалымның модаль сөздерді де жеке сөздерді де жеке сөз табы ретінде қатарға қосуы сөз таптастыру мәселесіндегі жаңалық болды (12, 290-293; 13, 66-67).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет