Терминологиялық сөздік, терминологический словарь — белгілі бір тілдегібірсалаға арналмай, жалпы терминдерге арналып келді. Мысалы: "Атаулар сөздігі" (1931 ж.) "Қазақ тіліндегі терминдер" (1936 ж.), "Терминология сөздігі" (1948, 1950 ж.). Бұларда Қазан революциясынан бергі уақытта қалыптасқан термин сөздерді жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделген. 1950 жылы бергі кезенде экономика мен мәдениеттін, ғылым мен техниканын дамуына байланысты әрбір ғылым, білім саласының терминдері өз алдына жеке сөздік ретінде шыға бастады. Солардын алғашқыларының бірі — С. Арзымбетовтың "Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі" (1952, 1955 ж.). Кейін тіл білімі, әдебиеттану, музыка, металлургия, таукен ісі, математика, физика, астрономия, педагогика, экономика, философия т. б. салаларға байланысты 30-ға жуық Терминологиялық сөздіктер жарық көрді. ғылым мен техника, өнер, білім алаларға байланысты 30-ға жуық Терминологиялық сөздіктер жарық көрді.