Байланысты: Заманхан Ақниет 203 топ Лексикология Семинар -14pptx
Көздеген мақсаты мен ғылым мазмұны жағынан маңызды, әрі елеулі сөздіктердің бірі 1954 ж. шыққан 50000 сөзді қамтитын "Орысша-қазақша сездік" (жалпы редакция басшысы — Н. Сауранбаев). Аударма сөздіктің тағы бір түрі — әр түрлі ғылымдар саласында қолданылатын аталымдар тізілімінен тұратын екітілді (көптілді) салалық терминологиялық сөздіктер. Алғашқы терминологиялық сөздік 1931 жарық керді (Атаулар сөздігі, Қызылорда, 1931). 1952 жылдан бастап салалық аударма терминологиялық сөздік ұдайы шығарыла бастады. Шет тілден қазақ тіліне тәржімалануы негізінде жасалған екітілді Аударма сөздіктің де практикалық маңызы үлкен. Лексикография сапасында "Арабша-қазақша түсіндірме сөздік" (Н. Оңдасынов, А., 1989); "Парсыша-қазақша сөздік" (Н. Оңдасынов, А„ 1974); "Ағылшын-қазақ сөздігі" (С.Ахметова, М.-А., 1960); "Қазақша-ағылшынша сөйлесу" (Ж. Қалиев, Ә. Есентемірова, А., 1966); "Немісше-қазақша сөздік" (М. Тәттімбаева, А., 1977) типтес сөздіктер бар. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты 1989—1990 ж. арасында көптеген екітілдік, көптілдік, терминологиялық, екітілді фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер жарық көрді. Аударма сөздіктер екінші тілді оқып-үйренуге, тілдерді оқыту, үйрету процесінің тиімді жолға қойылуына, сондай-ақ тәржіманың ғылым -практикалық жұмыстарының жоғары деңгейде қалыптасуына игілікті ықпап етеді