38 Н. Д. Оңдасынов атындағы мектеп –гимназиясында 2018 2019 оқу жылында педагог – психологтың инклюзивті оқушылармен атқарған жұмыстарының есебі



Дата11.01.2020
өлшемі16,87 Kb.
#55697
Байланысты:
Инклюзивті отчет орыс тобы

38 Н.Д. Оңдасынов атындағы мектеп –гимназиясында 2018 - 2019 оқу жылында педагог – психологтың инклюзивті оқушылармен атқарған жұмыстарының есебі.
01.09.2018ж тізім бойынша инклюзивті оқушылардың саны қазақ тобында 7 оқушы болды.

26.09.2018 ж Инклюзивті оқушылардың саны 1 оқушы.



14.11.2018ж Инклюзивті оқушылардың саны 2 оқушы.

12.12.2018ж Инклюзивті оқушылардың саны 1 оқушы.

24.01.2019ж Инклюзивті оқушылардың саны 1 оқушы.
01.09.2018ж тізім бойынша инклюзивті оқушылардың саны орыс тобында 12оқушы болды.

19.10.2018 ж Инклюзивті оқушылардың саны 2 оқушы.

14.11.2018ж Инклюзивті оқушылардың саны 2 оқушы.

12.12.2018ж Инклюзивті оқушылардың саны 1 оқушы.

24.01.2019ж Инклюзивті оқушылардың саны 1 оқушы.
ПМПК қорытындысы бойынша психологтың түзету дамыту сабағынан босатылды 2 оқушы: Айтжан Алуа 6 «С» сынып, Құлмұрат Арман 8 «Е» сынып; Ибрагимов Тимур 4 «З» сынып оқушысы ата-анасының өтініші бойынша психологтың түзету дамыту сабағынан босатылған.

Ақпан айында 15 оқушы.

Осы оқушылармен жеке диагностикалық және топтық жұмыстар өткізу үшін сабақ кестесі құрылды. Әр оқушыға жеке диагностикалық сабақтар30-35 минуттан, аптасына 2 рет барлығы 60-70 минут. Топтық жұмыстар 40 минуттан, аптасына 2 рет барлығы 80 минут.

Балалардың жасын, даму деңгейін ескере отырып , топқа бөлу және жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Қажетті көрнекі құралдар анықталып, дайындалды. Оқушыларға бір-бірімен қарым –қатынасындағы , тәртібіндегі қиыншылықтарды түзету және сауықтыру арқылы қолдау жасалып, көмек көрсетілді.

Оқушылармен түзету – дамыту жұмыстары жүргізіліп отырылды. Оқушылардың таным әрекеттері дамыту, олардың жеке ерекшеліктері бойынша жұмыстар жасалды. Оқушылардың таным әрекеттеріне байланысты «Мюнстерберге», «Анаграмма», «Бурдон» тесті, «10 сөз» әдістемелері жүргізілді. Оқушылардың таным әрекеттерін анықтай отырып, түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу негізге алынды.

Зейін тұрақтылығына байланысты «Бұзық телефон», «Түгендеу – шатастыру», «Не өзгерді?» ойын жаттығулары жүргізілді. Ес процестерін дамытуға, қысқа мерзімдік естің көлемін дамытуға «Мен қапқа салдым», «10 сөз», «Әңгіме құрастыру», «Геометриялық фигуралар» т.б әдістемелер жүргізілді.

Ойлау процестерін дамытуға байланысты «Төртінші артық», «Штур», «Талдап қорыту», «Артығын тап» т.б ойын жаттығулары жүргізілді.

Оқушылардың қиял процесіне байланысты «Жүгіру ассоциациясы», «Гүл ойыны», «Әңгіме құрастыру» жаттығулары жүргізіледі.

Ақпан айында эмоциялық еріктік сферасын дамытуға, өзіндік бағасын, белсенділігін дамыту мақсатында ойын жаттығулар жүргізілді.

Оқушының сөздік қорын, сөздік ерекшеліктерін дамытуға, шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты пазлдармен, құрастырмақ ойындармен жұмыстар жасалды.


Колчин Максим - таным әрекеттері түзету – дамыту сабақтарының нәтижесінде , есте сақтау, ойлау қабілеттері, қабылдауы жақсы көрсеткіштер көрсетуде.. Оқушымен жұмыс жасау барысында баладағы өзгеріздер айтарлықтай байқалады. Оқушының жұмыс істеу қарқыны жақсы. Ойын жақсы қорытындылап, ашық жеткізе алады.

Анарбеков Сырым - оқушының танымдық әрекеттері жақсаруда. Оқушының қабылдауы, есте сақтау қабілеттері жақсы. Оның іс - әрекетін бақылау барысында мінез – құлық реакциясында айналадағылармен қарым – қатынаста негативті әсер жоқ. Оқушының оқуға қызығушылығы, сабақтарға жауапкершілікпен қатынасы жақсы деңгейде.

Есенова Аяла - қабылдауыжақсы, таным әрекеттері жақсы. Тапсырмаларды орындауда қосымша түсіндірулерді қажет етпейді. Оқушының моторикалық дамуы жақсы.Оқушының зейіні тұрақты.

Педагог-психолог:А.Н.Дербисбекова

А.Б.Тлеуқұл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет