Тегі: Бокаева
Аты: Амангул
Әкесінің аты: Бегенбаевна
Туған күні: 03.10.71
Туған жері: Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы. Жамбыл 41
Жұмыс орны: «Бейнеу санаторлық бөбекжайы»КММ
Лауазымы: Тәрбиеші
Тіл – сөйлеу құралы
Тіл мәдени қазынаның қайнар бұлағы. Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл-тәуелсіздіктің тұғыры. Тіл-татулықтың тірегі. Тіл-халықтың жаны,рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысым. Ұлттың қуаты тілінде.Тіл-әр ұлттың жан дүниесі болғандықтан оны ұлтымыздың болашағы балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін, балалардың қазақша ойлауын, қазақша сөйлеуін қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыруымыз керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөз құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса назар аудару керек. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға,жаттауға арналған материал оның даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болған жөн. Баланың тілін дамытуда негізгі-көркем шығарманың мәні зор, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітапшаларды көрсетіп мазмұнын айтып беру керек. Мысалы: «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Бақа», «Мақта қыз бен мысық», шығармаларын ұсынуға сондай-вқ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры қылып өткізуге болады. 5-6 жастағы балаларға кітаптан ертегі, әңгіме оқып беріп, оқылған шығарманы 15-20 минут тыныш тыңдай білу керек. Бүгінгі таңда баланың тілін дамыту балабақшада басты назарда болып отыр. Баланың тілін дамыту оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады. Тіл дамыту, Көркем әдебиет, Қоршаған орта мен таныстыру, Сауат ашу және жазу негіздері арқылы. Баланың тілін дамытуда тек қана ертегі, өлең, әңгіме мен шектелмей жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал – мәтел түрлерін сабақ жоспарында енгізген жөн. Мысалы: тіл шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың көбінесе «Р» дыбысымен «И» дыбысын «Ш,С» дыбыстарын шатастыру жиі байқалады. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мен баланың тілін дамытуда балаларды ауызша сөйлеуге, сөз дыбыстарын дұрыс айтуға, сабақта естігендерін есте сақтауға, ертегіні әңгімелей білуге үйретіп келемін. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын ойлату арқылы көптеген жетістіктерге жеңуге болады.Ойын кезінде балалардың сөздік қорлары молайып диалогты сөйлеуге үйренеді. Баланың ой-өрісін дамытуда, айналадағы адамдармен бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауда адамгершілікпен кішіпейілділік сияқты адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруда ойын түрлері пайдалану маңызды.
Балалардың тілін дамыту
Сөз дыбыстарын дұрыс айту
Баланың тілін дамыту, сөйлей білуге үйрету
Ауызша сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Сабақта естігенін, балалардан сұрау
Затты бақылауға дағдыландыру
Табиғатты бақылау
Сөйлеу арқылы дем алып, дем шығару
Заттың атын (гүл, жапырақ, т.б) сөздерін үйрету
Түр-түс, пішін білдіретін сөздерді үйрету
3-4 сөзден тұратын айтып үйрену
Балалардан қайталап сұрау
Серуенде көргенін айту
Ертегіні кейіптендіре білу
Балалардың түсінігін байқау
Сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалау
Нәтижесі
Сөзді дұрыс айта білу, нақты сөйлеу, мақал-мәтел айта білу, ертегіні әңгімелей білу және кейіптендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |