Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік



Дата25.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#4489
Балабақша: «№26 сәбилер бақшасы» МҚКК

Педагогтың аты-жөні: Қ.И.Утетилеуова

Лауазымы: логопед

Санаты: жоқ

Білімі: жоғарғы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

естиярлар тобы

Білім беру салалары: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен таныстыруды жалғастыру, қыстағы орман тіршілігімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы, қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Қыс мезгілін басқа мезгілдерден айыра, айырмашылығымен ерекшеліктерін баяндау білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әңгіме оқып беріп оның мазмұнымен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру.

Түзетушілік: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, грамматикалық түрде жүелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың басқа тіршілік жаңға мейірімділікпен қарауға деген

қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың

қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға

үйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: Қыстайтын құстар, қарға, сауысқан, ұлпа қарлар,

Көрнекілігі: ойыншық торғай, құстар суреті, слайд, ұлпа қар, тірек-сызба,

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Ғажайып сәт: Қонаққа Дымбілмес келеді.

Шаттық шеңбері:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.


Қызығушылық танытады
Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды


Ұйымдастыру - іздестіру


  1. Логопедпен әңгімелесу:

  • Бүгін ауа-райы қандай?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыста неше ай бар?

  • Олар қандай айлар?

-Ия, қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.

Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.



  1. Ғажайып сәт: Есік қағылып Дымбілмес келеді.

Дымбілмес: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.

  • Ой, балалар сендерге қызық емес пе не?

Логопед: Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда.

  1. Суретпен жұмыс

(Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау).

  • Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт

  • Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.

Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.

Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.

Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

  1. Әңгіме оқып беру: Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.

  2. Әңгімені талдау.

  • Балалар , әңгіме не туралы?

  • «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?

Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.

- Кім оған көмекке келді?

- Көрдің бе Дымбілмес, құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек

6. Жұмбақтар

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,

Шықылықтап тұрмайды.


Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс (сауысқан)


Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз

  1. Торғай, үкі, тоқылдақ туралы тақпақтар

Торғай,торғай,тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Момақансып отырып ап.


Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Тоқылдақ орманды емдейді.


  1. Тыныс алу жаттығулары: Ұлпа қарларды үрлеу.

  • Балалар мына ұлпа қардың түсін айтындаршы!

Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ,

Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп


  1. Д/ойын: «Бұл қай кезде болады?!»

  2. Фонетико- фонематикалық жаттығу:

ақ-ақ қар аппақ,

ық-ық-суық,

ыс-ыс-қыс,

аз-аз-аяз



  1. Ойын: «Не артық?»

Мақсаты:Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.

Шарты:Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.


Сұрақтарға жауап береді

(Балалар таңырқай қарайды)

Тындайды


Әңгімелеседі

Суретті қарайды

тындайды
сұраққа жауап береді

Әңгіме тыңдайды


Талдайды


Жұмбақ шешеді

Тақпақтар айтады

Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстар жасайды

Ойын ойнайды

Фонетико- фонематикалық жаттығуларды

жасайды


ойын ойнайды


Рефлексивті - түзетушілік


Қорытындылау.

Логопед: Балалар, осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер.Ел байлығы-жер байлығы.Осы байлығымызды аялайық.

Дымбілмес: Рахмет сендерге, берген мәліметтеріне, мен енді құстарды аялап, қамқорлық жасайтын боламын! Сау болыңдар,балалар !

Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке»

Дымбілмеспен қоштасады

Жылулық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қыс туралы, орман тіршілігі туралы,қыстайтын құстар түрлерін, немен қоректенетіндерін біледі

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты

«Құстар»





Құстың

атауы


Қайда тұрады?

Көлемі

Жүннің түсі.

Құйрығының пішіні мен ұзындығы

Тұмсығының көлемі мен пішіні.

Немен қоректенеді?


Адам өміріндегі табиғаттың маңызы.




1.Сыртқы келбеті (дене мүшесі)



2. Қыстап қалатын және жыл құстары




3. Қайда тұрады?



4. Немен қоректенеді?



5. Балапандар қалай шығады?




6. Адамға тигізетін пайдасы?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет