Көкпекті ауданы Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының 2016 жылы І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту



бет1/3
Дата10.06.2017
өлшемі284,52 Kb.
#18951
  1   2   3
Көкпекті ауданы Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының 2016 жылы І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары
Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КМҚК Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің 2013 жылғы 6 тамыздағы №234 қаулысымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылған.Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы КМҚК 2013 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. Орталықта мемлекеттік тілді оқыту бойынша 0,5 көрсеткіште 2 оқытушы қызмет етеді.

2016 жылы 107 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді оқуға тартылды. Мемлекеттік қызметкерлер жеделдете оқытудың 5 деңгейлік жаңа кешендік бағдарламамен оқытылады, әрбір деңгейдің оқу мерзімі 8 ай, яғни 120 сағат. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қысқа мерзімді екі айлық «Тілашар» курсы ұйымдастырылған. Курс Көкпекті және Самар ауылында оқытылуда. Жалпы тілашар курсында 115 тыңдаушы оқытылуда. Өзге ұлт өкілдернің саны -17 Ауданымызда 2016 жылы өткізілген ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық сынаққа ішкі істер қызметкерлері мен күзет қызметкерлері қатысты. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамызындағы № 209 қаулының 2 пунктін орындау мақсатында, «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы аясында Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқыту орталығында 2015 жылдың 01 қазан айынан бастап ағылшын тілін үйрету курсы ашылды. Бүгінгі күні 5 топта 134 мемлекеттік қызметкер мен қатар ағылшын тілін оқуға ниет білдірушілер де оқытылуда. Қазақ тілі және ағылшын тілі курстарын оқуға ниет білдірушілер қатарында Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы және орталық аудандық ауруханасы, «Шуақты Шұғыла» балабақшасы және де аудандық почта қызметкерлері. Жалпы 45 қызметкер. Биылғы жылы қазақ тілі және ағылшын тілі курстарына жазылу жұмысы жалғасуда.



Орталықта 1,5 көрсеткіште ағылшын тілінен 2 оқытушы жұмыс қызмет етеді. Ағылшын тілі курстарына арналған «Beginner» and «Elementary» levels кітаптарына тапсырыс берілді. 2016 жылдың 15 сәуірінде ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Полиглот» викторина түрінде ашық сабақ өткізілді. Биылғы жылдың маусым айында Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу және қазтест жүйесі бойынша дигностиқалық тестілеу өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет