Қармақшы аудандық білім



Дата31.08.2022
өлшемі28 Kb.
#148457
түріБағдарламасы
Байланысты:
Анықтама мұрагер
11а,ә таңдау тур малімет, алфавит номер, 12 жастан асқан оқушылар №29, 3-тоқсан, ВСРЗ 10 сынып геометрия каз, балжан, 9 с Б 472, 2 тоқсан бжб 8 ал, Айтыс сценари, дублер күні №29, буллинг 20022, мен және сен, Үйірме тақырыбы Жас гүлөсірушілер , 15 өлең

Қармақшы аудандық білім
бөліміне Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
әкімшілігінен


«Мұрагер» бағдарламасы туралы
Анықтама
Қармақшы аудандық №29 Т.Ізтілеуов орта мектепінде 2004-2005 оқу жылынан бастап Абдулхамит Райымбергенов , Сайра Райымбергенова , Ұ.Байбосыновалардың «Мұрагер» бағдарламалар қоры 25 домбырамен қамтамасыз еткен. 2004 -2005 оқу жылдары 1-2 сынып осы бағдарламамен жүріп келді, соңы 2009-2010 оқу жылынан бастап барлық бірінші сыныпқа келген балалар осы бағдарламамен жүріп келеді. Биылғы оқу жылында 186 оқушы осы мұрагер бағдарламасымен білім алуда.
Бағдарламаның мақсаты Ұлттық педагогиканың негізіне сүйене отырып, домбыра тартып үйренудің жаңа коллевті әдістемесін үйрену , қазақтың салт-дәстүрлерін , ою -өрнегі, аңыз күйлері, сал-селілері , күйшілері , айтыскер ақындармен жыршы жыраулармен , сүйлейлер тарихымен сусындатып, сонымен бірге 1 сыныптағы барлық оқушылар ұлтық аспапта ойнауды меңгеріп шығады 1 сыныпта халық әні «Еркемайды» ойнаудан бастайды .2 сыныпта халық күйі «Келіншекті» ойнап үйренеді
Сынып жоғарылаған сайын шығармаларда күрделене түседі
Бағдарламаның ерекшелігі оқушыларға домбыраны нотасыз коллективті түрде үйрету .
6-шы сыныпта жыр термелерді үйреніп шығады
Қазіргі кезде оқушылар халық әндері «Еркемай», «Гүлдерайым», «Халаулым» , «Сәулемай», халық күйлері , келіншек, салкүрен, Құрманғазының балбырауын , термелерін еркін ойнай алады.
Қазіргі таңда бұл бағдарламамен мектебіміздің тәжірбелі мұғалімдері
Байқадамова Ләззат жұмыс өтілі 23 жыл, білімі жоғары, 1 санатты мұғалім
Алдамұратова Роза білімі арнаулы орта,еңбек өтілі 28 жыл, 1 санатты мұғалім. Екі пән мүғалімі де Мұрагер бағдарламасының облыстық, республикалық семинарларына жылына 1 рет қатысып тәжірибе алмасып тұрады.
2010-2011 оқу жылында мектеп базасында аудандық деңгейде мұрагер бағдарламасын насихаттау жөнінде семинар өткізіп,үздікке бағаланып, мұғалімдердің іс-тәжірбесін таратуға ұсынады.
2010 оқу жылының аудандық тамыз маслихатында, Ш.Төлепованың 80 жылдығында мектеп оқушылары ауданда өз өнерлерін көрсетіп, Қазақстан,Хабар телеарнасының өкілдері келіп, арнайы репортаждар түсірді Осы бағдарламаның нәтижесінде 7 сынып оқушысы Кажденбек Жанерке халық аралық «Бозторғай» байқауының 3 орын иегері ,8 сынып оқушысы Мұхамбетәлі Зухра Республикаық «Бозторғай» байқауының дипломаты,8-ші сынып оқушылары Құрманбекова Гүлдәрі Нұрғалиева Назерке облыстық «Бозторғай» байқауының 1 орын иегерлері атанды.
Биылғы 2013-2014 оқу жылында 9 сынып оушысы Мырзағалиев Ә Облыстық Дельфилік сайыстың терме жаныры бойынша 2 орын , 9 сынып оқушысы Құрманбекова Г Облыстық «Бозторғай» байқауының 1-ші орын иегері, Халықаралық «Бозторғай» байқауыныңи 3 орын иегері. 4 сынып оқушысы Қадірова Ғ Аудандық дәстүрлі әндер байқауының бірнеше мәрте иегері.
Бағдарламаның нәтижесі бар. Жүз шайырдың мекенінде сол кісілердің ұрпақтары келешекте домбыра үнін әуелететініне сеніміміз мол.


Орындаған Л.Байқадамова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет