Әож 372. 8: 51-057. 874 12 жылдық бастауыш сыныптарда математиканы оқытудағы дидактикалық ойындардың ролі



Дата30.04.2017
өлшемі125,12 Kb.
#15259
ӘОЖ 372.8:51-057.874

12 жылдық бастауыш сыныптарда математиканы оқытудағы дидактикалық ойындардың ролі


Алиева К.С., ҚР білім беру ісінің үздігі, аға оқытушы

Мустафаева Б.А., магистр

Ділдабекова Ұ., С102-18 оқу тобының студенті
Еліміздің егемендік алуына байланысты үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алдағы қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуі, алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Сондықтан білім беру жүйесін қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттардың бірі – оқушылардың бойындағы білімге деген қызығушылығын дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы дамыту .

Ойын – бала үшін нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса , ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған 1-сыныпты оқыту кезеңінде ерекше мән берілуі тиіс.”Ойын баласы ” деп есептелінетін бұл жастағы шәкірттер оқу-білімге қызығуымен қатар өзіндік еңбектің қарапайым түріне үйренеді, айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады. Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына қарай ойын әдісін орнымен қолданудың маңызы зор. Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық ынтымақтары нығаяды .

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері – ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады.

Ойын әдістерін қолдана өткізген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горкийдің “Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады”,- дегені мәлім.

Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру – ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан – жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның ролі ерекше.

Дидактикалық ойындардың түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті, қажеттерді дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. 1-сынып балалары үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.

Айта кететін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағдайға салса шынайы ойындық , яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде, оқыту мен тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойынды пайдалану әдісіне де ,ойын түрлерін таңдап талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді:

1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы қиындық оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі;

2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацианы қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік түғызады.

6. Ойын – есептер. Ойын есептер балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация, ой мен практикалық іс - әрекетті талап етеді және математикалық білімді меңгеруге, оларды қолдана білуге дағдыландырады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:


  1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

  2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

  3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

  4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

  5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылым бойынша ойындарды мынадай түрге жіктейді:

  1. Сюжеттік – рөлдік ойындар.

  2. Жаттығу ойындар.

  3. Драмалық ойындар.

  4. Шығармашылық ойындар.

  5. Әдеби – музыкалық ойындар.

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін 12 жылдық білім беруде, яғни оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

12 жылдық білім беруде математика сабақтарында ойын есептерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, есептеу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызық өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға тәрбиелейді. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да білдіреді . Ойын оқу пәндерін мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берер сөзсіз.

Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе, тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттрады. Сондықтан мұғалім әр сабақта ойын есеп түрлерін қолданса, оқушының ынтасын арттыра толықтырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

12 жылдық білім берудің 1-сынында математика бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлімінің мазмұны мектепке дейінгі кезеңде қоршаған дүниеден балалардың байқаған қарапайым түсініктерін жүйелеуге, тереңдетуге, кеңейтуге және математиканы оқытудың алғашқы сатысына қажетті, әрі баршаға тән мәре сипатындағы дайындықты қамтамасыз етуге ықпал жасайтын материалды қамтиды,ал оның екінші бөлімі – математикалық объектілердің тізімін, яғни қарапайым ұғымдар, іс-әрекет тәсілдерін және олардың құрылымдары мен ретін анықтайды.

Бағдарламаның “Таным әліппесі ” – дайындық кезеңінің мазмұны басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, баланың ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшуін іске асыруға, оқушы өмірі мен режиміне бейімделуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Басты мақсат: іс-әрекеттің субъектісі – тұлға қалыптастыруда және оны дамытуда нақты нәтижелерге жетумен бірге, математиканы оқытудың практикалық негізін жасау , яғни қарапайым түсініктер қалыптастыру.

Математиканы оқыту процесінде балалардың білім, білік және дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл – ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланысты болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ дүниеге біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, табиғат құбылыстарының өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық ойындар. Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданалы.

1-сынып оқушыларына арналған математикадағы ойын түріндегі және қызықты тапсырмалар бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұлар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, оларды математикаға ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде (жады) процестерін дамытады, өмір тәжірибесін бір жерге келтіруге үйретіп,нерв жүйесін демалдырады.

”Таным әліппесі” тақырыбына арналған дидактикалық ойындарда заттарды санау, ұзындық бойынша заттарды салыстыру, әр түрлі заттарды өлшемі, түсі, пішіні, белгілері бойынша салыстыру, кеңістік және уақытқа қатысты түсініктер, қозғалыс бағыты, заттар жиынтықтарын біріктіру, бөліп алу, фигураны бөліктерге бөліп алу, кесінді ұзындықтарын салыстыру, өлшеу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды. «Таным әліппесі» тақырыбына арналған дидактикалық ойындардар түрлеріне тоқталайық:

Ою-өрнек құрастыру” ойыны

а) Дидактикалық мақсат: Оқушыларды санауға, затты түсіне, формасына және құрылысына қарай ажырата білуге үйрету.

ә) Ойынның жабдығы: 10 фигураның жиынтығы. Олар 2 қызыл дөңгелек, 2 сары және 2 жасыл үшбұрыш, 2 қызыл және 2 көк квадрат.

б) Ойынның мазмұны: Мұғалім бір оқушыға магнитті тақтаға өрнек құрастыруды ұсынады, ал басқа оқушылар партаның үстінде құрастырады. Осы мақсатпен мынадай тапсырма беріледі: магнитті тақтаның ортасына (парта үстінде немесе бір парақ қағаздың бетіне) қызыл дөңгелекті орналастыру, дөңгелектің жоғарғы және төменгі жағына 2 сары үшбұрышты, оң және сол жағына 2 жасыл үшбұрышты орналастыру. Енді сол өрнекке қарап, оқушылардың басқаша өрнек құрастыруын ұйғарады: дөңгелек ортасында , 2 қызыл квадратты жоғары және төменгі жағына, ал 2 көк квадратты оң және сол жағына орналастыру керек. Сонан соң оқушылардан фигуралардың санын , түсін сұрай отырып, өрнектегі фигураларды санату керек.

Балықтар үшін аквариум құрастыру” ойыны

а) Дидактикалық мақсаты: оқушылардың сандар және кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру.

ә) Оқыту құралдары: Күні бұрын әр түрлі көлемдегі он балықтың суретін дайындау (6 сары және 4 қызыл) және қағаздан жолақ қию керек. Осы құралдарды, сандарды нөмірлеуде, қосу және азайту амалдарын оқыту кезінде пайдалануға болады.

б) Ойынның мазмұны :Оқушылардың бірі магниттік тақтада жұмыс істейді. Басқа оқушылар партаның үстіндегі жолақтардан аквариум құрастырады. Содан соң аквариумға алдымен үлкен балықтарды, содан кейін кіші балықтарды жібереді. Мұнан соң қаншасы үлкен, қаншасы кішкентай балық, қаншасы қызыл, қаншасы сары балық, балықтың қаншасы аквариумның жоғарғы жағында, қаншасы төмен жағында жүзіп жүргендерін оқушыларға санатады. Балықтардың солдан оңға қарай, оңнан солға қарай, төменнен жоғары қарай, жоғарыдан төмен жүзіп жүргендерін байқап, оқушылар балықтардың қалай жүзіп жүргендерін сипаттауына болады.

Ойлан тап”ойыны

а) Ойынның мақсаты: 0 санын ажырата білуге үйрету.

ә) Оқыту құралдары: Буратиноның макеті, шие, бұтақтың суреті.

б) Ойынның мазмұны: Мұғалім күні бұрын қалталы полотноға бір бұтақта тұрған үш шиенің суретін іліп қояды.

- Балалар бұтақта қанша шие бар екен?

- Үшеу.

Осы кезде Буратиноның бізге қонаққа келе жатып бұтақтағы шиелерге көзі түсіп кетеді. Содан бұтаққа жақындап келіп, шиенің біреуін үзіп алады. Қане, балалар айтыңдаршы, бұтақта қанша шие қалды?



Оқушылар мысал құра бастайды, яғни “Екі бірсіз үш”деп айтып, тақтаға 3 - 1 2 түрінде жазып көрсетеді. Дәл осы кезде Буратино екінші шиені жұлып алады. Ал енді қаншасы қалды? деп, тақтаға 2 -1 1 түрінде жазып көрсетеді. Енді Буратино әрі-бері ойланып тұрып, қалған шиені жұлып алады. Енді қаншасы қалды?- деп сұрайды. Содан балалар бұтақта шие қалған жоқ деп жауап береді. Олай болса балалар шиенің қалмағанын білу үшін, Буратино бізге нөл деп аталатын санды алып келген екен. Нөл санын символика түрінде былай белгілейміз,- деп “0”санымен таныстыра отырып, “0”саны әр уақытта “1” санының алдында тұратынын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.

Көрші санды ата”ойыны

а) Дидактикалық мақсаты: Натурал сандар қатарын есте сақтауды қалыптастыру.

ә) Оқыту құралдары: Карточкаға жазылған сандар.

б) Ойынның мазмұны: Мұғалім бірнеше карточкаға жазылған сандарды балаларға көрсетіп, көрші сандарын атауды талап етеді. Мысалы, 2, 4, 8, 5, 7, 9 т.с.с. Бұл ойында балалар сандарды ұмытып қалмау үшін жиі қайталап отырған жөн.

Бір немесе екі ”ойыны

а) Дидактикалық мақсаты: 1 және 2 сандарды ажырата білуге машықтандыру.

ә) Оқыту құралдары: Суреттер, фигуралар,заттар.

б) Ойынның мазмұны: Мұғалім оқушыларға бір немесе екі сурет, фигура заттарды көрсетеді, ал оқушылар оларға сәйкес бір немесе екі кеспе цифрларын көрсетеді. Керісінше мұғалім көрсеткен бір немесе екі цифрларына байлынысты балалардан таяқшалар немесе суреттер көрсетілуі талап етіледі.

Үндемес” ойыны

а) Дидактикалық мақсаты: Сандарға 1-ді қосу және олардың 1-ді азайту амалдарын оқушыларға үйрету.

ә) Ойынның жауабы: 1-ді қосу және 1-ді азайтуға бе1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар.

б) Ойынның мазмұны: Тақтаға 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар ілінеді.

Мұғалім балаларға берілген плакаттардағы сандарға 1-ді қосу және олардан 1-ді азайту керектігін түсіндіреді. Мұғалім үндемей сандарды көрсетеді, ал оқушылар соған сәйкес қосу және азайтуды орындап, нәтижесін үндемей цифрмен көрсетеді.

Ақсүйек ”ойыны

Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: Белгісіз санды табуға арналған кесте.


2

3

4

5

6

7

8

9

2+5




















Ойын мазмұны: Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында “Ақсүйек” тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол “Ақсүйекті ” табар. Дұрыс шығарылмаса, көрмей аттап кетеді. Кім “Ақсүйекті” көп жинаса, сол ұтады. “Ақсүйек” жинаған бала мадақталады.

Бастауыш сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчествалық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады.

Оқу үрдісінде ойын есептерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын есептерін» түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану оқушылардың практикалық іскерліктерімен дағдыларын қалыптастырумен қатар пәнге деген қызығушылығын арттырады балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеруде рөлі зор.
Резюме

Роль дидактических игр при изучении математики в начальных классах 12-нем обучений.

Summary

The roie of didacticai games in study mathematics in primary schools of 12 year education.
Әдебиеттер

1. Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар немесе логикалық есептер. //Бастауыш мектеп, 2010ж.10-14б



2. Алиева К.С., Байдыбекова Е.У. Алты жасар балаларды оқыту және тәрбиелеудегі ойындар. –Шымкент, 1998ж.

3. Ахметов С. Қуыр-қуыр, қуырмаш. –Алматы: “Мектеп”, 1996ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет