Тексерген: Есим Ж. Е жоспары: Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру. 12 жылдық білім беру міндеті мен мақсаты



Дата16.02.2022
өлшемі254,72 Kb.
#131964
Байланысты:
12 жылдық білім беру Жұмабай Айдана Нұрымханқызы
ТЖБ, Қашықтықтан оқыту технологиясы пед. шеберлік Жұмабай Айдана, Videopad редакторының мүмкіндіктеріҚМЖ 4- сынып

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері

Орындаған: МТ-18-1 тобының студенті Жұмабай Айдана
Тексерген: Есим Ж.Е
ЖОСПАРЫ:
1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру. 12 жылдық білім беру міндеті мен мақсаты
2. 12 жылдық білім беруде қарастырылып отырған мәселелер
3. 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
12 жылдық білім беру жүйесі
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
өзін-өзі дамытуға;
өз ойын еркін айта білуге;
өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат:
Оқытудың 12 жылдық
білім беру жүйесі
  •  12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі идеасы үлгісімен таңдалынып алынды.
  • 12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.
  • 12 жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.



12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі міндеті — адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
бірінші саты:
Бастауыш (1-4 сынып) сыныптардың педагогтары оларды= оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі
үшінші саты: 11-12 сыныптар болашақ мамандық таңдауды негізге алады
екінші саты:
5-10 сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу
  • жаңа білім технологияларының енгізілуі;
  • оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;
  • терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
  • оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
  • өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;
  • білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:
Оқытудың 12 жылдық
білім беру жүйесіндегі бейінді
оқыту ерекшеліктері.
  •  Баға қойылмайды, ауызша бағаланады
  • Денсаулығын сақтау (сергіту сәті,психолог, медбикелердің жұмысы)
  • Шығармашыл (зерттеуге оқыту пәні)
  • Өз бетінше білім алу (зерттеу пәнінің әдістері)



Қорыта келгенде, əр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет. Сонымен қатар білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дəстүріне, мақсатына, өндірісі мен мəдениет сұранысына бейімдеу керек.
Назарларыңызға
рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет