Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы, Хромтау қаласы.
№1 Хромтау орта мектебі
Математика пәні мұғалімі
Нурмаханова Жайнагул Кәдірқызы
Математика пәнінің сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақасты:
1.Рационал сандарды көбейту тәсілдерін меңгерту
2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды өзара сыйластыққа,өз ойларын ашық айтуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтижесі: 1. Таңбалары әртүрлі сандарды және теріс сандарды көбейтуді біледі
2. Рационал сандарды көбейту тәсілдерін есеп шығарғанда қолдана алады
Сабақтың түрі: СТО стратегиялары, түсіндіру, практикалық жұмыс
Сабақтың типы: Жаңа білімді игеру
Сабақтың формасы: Ұжымдық,топтық,жұптық және жеке жұмыс
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Ой қозғау. Сұрақ-жауап
2. Жеке жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
3. Мағынаны тану.Топтық жұмыс.
4.Жұптық жұмыс.Карточкамен жұмыс
5. Сергіту сәті.
6. Жеке жұмыс. Тест сұрақтарымен жұмыс
7. Рефлексия «Мақсат ағашы»
8. Үй тапсырмасы
Негізгі әдебиет:
1.Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика» 6 класс Алматы «Атамұра»2015
2. Интернет ресурстары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
ресурс
|
Кіріспе
(3-5 мин)
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Топқа біріктіру
|
Оқушыларды сандар жазылған қағаздарды таңдап алу арқылы
4 топқа бірігеді.
|
|
парақшалар
|
Тұсау кесер
(5-10мин)
|
Ой қозғау
Рационал сандар қандай сандар? Күнделікті өмірде қандай жағдайда қолданамыз?
Мысалы: Сүңгуір 1 секундта -3 метр тереңдікте болады. Ол 2 секундта, 5 секундта неше метр тереңдікке сүңгиді?
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Оүб
|
Сұрақтар жазылған парақтар
|
Негізгі бөлім
(15-20)
|
Мағынаны тану
Жаңа білімді меңгерту сұрақтары:
1.Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту ...
2. Екі теріс санды көбейтуді Л.Эйлер қалай түсіндірген?
3. Екі теріс санды көбейту..
4.Көбейткіштер саны тақ немесе жұп болғанда таңба қалай өзгереді?
5. Көбейткіштердің бірі нөл болса...
Есептер шығарту:№565,566,567
|
Топтық жұмыс
Оқушылар берілген сұрақтарға оқулықтан жауап іздеп, мысалдарын топта талқылайды
Топ басшысы өз тобынан бір оқушыны тақтаға шығарады, қалған оқушылар топта бірігіп орындайды. Тақтада жұмыс жасаған оқушы қателескен жағдайда, топ тарапынан көмектесуге, қатені дұрыстауға мүмкіндік беріледі.
|
Топтарды формативті бағалау
|
Оқулық
|
Жұптық жұмыс. «Емтихан алушы» ойыны
Кеспе қағаздарға жазылған есептер беру
|
Оқушылар «Мұғалім – оқушы» ролін атқарып, бір біріне сұрақ қояды, рольдер алмасып отырады.
|
Оқушылар бір-бірінің білімдерін толықтырады, бір-бірін бағалайды.
|
Оқулық,жұмыс дәптері,кеспе қағаздар
|
Сергіту сәті
Оқушыларды сергіту мақсатында жай әуен қосады,бірге іс-қимыл орындайды
|
Жай әуен ойнатылып, оқушылар орнынан тұрып, сөздерге байланысты қимыл жасайды.
|
|
АҚТ
|
Жеке жұмыс
Тест сұрақтарымен жұмыс
|
Оқушылар жеке тапсырмалар орындайды, жұпта бір -бірін тексертеді
|
ОүБ
|
Тест сұрақтары жазылған парақ қағаздар
|
Қорытынды
(5-10 мин)
|
РЕФЛЕКСИЯ
«Мақсат ағашы»
Өткен сабаққа кері байланыс жасау.
Оқушылар өздері сабақта не түсінгендерін стикерлерге жазып,ағаштың қасына жабыстырады.
|
Үйге тапсырма
|
Үй тапсырмасын хабарлайды, тапсырманы қалай орындау керек екенін түсіндіреді,нұсқау береді
|
Күнделікке жазып алады
|
Тақта, бор
|
Достарыңызбен бөлісу: |