Сөзылмалы бүйрек шамасыздығының емі


Білезік – буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі



бет7/8
Дата19.04.2024
өлшемі1,99 Mb.
#201051
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлибек бөж2

Білезік – буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі

Терең рефлекстер.

Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы


Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.

Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.

Тізе рефлексі – тізені тізе тобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.

Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы

Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы

Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функцияларын зерттеу тәсілдері.

Мишық қызметін тексеру.

Жүрісті тексеру. Науқас бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, жұмып, алға, артқа жүреді. Мишығы зақымданған науқас екі аяғының арасын ашып, шайқалып жүреді. Мишықтың табаны зақымданса, науқас екі жағына теңселіп жүреді; жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қисая кетеді, қырымен жүре алмайды.

Мишық зақымдалған кездегі науқастың жүрісі.

Саусақ-саусақ сынамасы.

Сырқат қолын созып тұрып саусағымен дәрігердің саусағын немесе оның қолындағы неврологиялық балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сынама науқастың көзі жұмулы және ашық күйінде жүргізіледі. Мишық зақымданғанда науқастың саусағы сыртқа қарай ауытқи береді.

Диадохокинез әдісі.

Науқас екі қолын алға қарай созып, саусақтарының арасын жылдам темпте супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданғанда бұл қимылдар баяу білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында бұл құбылыстар басымырақ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет