Сөзылмалы бүйрек шамасыздығының емі


БСН ІХ–Х жұбы -тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері



бет4/8
Дата19.04.2024
өлшемі1,99 Mb.
#201051
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлибек бөж2

БСН ІХ–Х жұбы -тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері
  • 1 -дәм сезу қабылетін тексеру:
  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  • әр түрлі ерітінділерді –тәтті, қышқыл, ашшы; тұзды; науқасқа тілін шығаруды сұрау; ерітінділерді тілдің симметриялық аймақтарына (артқы 3/1 және алдыңғы 3/2 бөліктері) тамшылау;
  • сезіну деңгейін науқас жазба түрде көрсетеді немесе дайындалған трафареттерді белгілейді (дәмнің түрі мен кұштілігі).
  • дауысының өзгерісін тексеру – әңгімелесу кезінде дауыстың үнділігі (қарлығу, дауыстың шықпауы – сыбырлап сөйлеу – дауыс байламдары қызметінің бұзылысы) мен ашықтығын бағалау (маңқа дауыс тембрі – жұмсақ тіл мұрын-жұтқыншақты толық жаппайды)
    • Жоғарғы ми қызметі функцияларын бағалау.

    • Негізгі міндет – науқастың есінің жағдайын анықтау.

    • Есі анық - санасы анық, қоршаған ортаға адекватты реакциясы сақталған, сергек;
    • Есеңгіреу - ес жоғалтудың ең жеңіл сатысы; науқас енжар, ұйқышыл, сұрақтарға жауап бере алады, бірақ сұрақты бірнеше рет қатты дауыстап және қайталап айту керек;
    • Сопор - қатты дауыс және тітіркендіргіштерге көзін ашады, бірақ сөйлей алмайды;
    • Кома - сыртқы тітіркендіргіштерге реакция көрсете алмайтын ес-түссіз жағдай.

    Жоғарғы ми қызметінің функцияларын зерттеу тәсілдері

    Ориентацияны зерттеу.

    Ориентацияны зерттеу.


    1) Жекелік - науқастан аты-жөнін, мекен – жайын; мамандығын; отбасылық жағдайын сұрайды;
    2) Орындық – науқастан қазір қай жерде тұрғанын, бұл жерге қалай келгенін сұрайды;
    3) Уақыттық – науқастан қазір қай күн, апта, жыл, уақыт, жыл мезгілін сұрайды.

    Зейінді тексеру.

    Зейінді тексеру.

    • Науқасқа бірден оңға дейін санауды; апта күндерін; айларды тура және кері бағытта айтуды;
    • Әріптерден сөз құрастыруды;
    • Қағазда жазылған сандарды рет-ретімен қойып шығуды өтінеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет