Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын сұрастыру. Зиянды әдеттері: Болған деттер — балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.
Аллергиялық әсерленулер –тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына.
Отбасындағы жағдайы. «Сізбен бірге кім тұрады?», «Ауырғаныңызда немесе қажеттік жағдайда Сізге кім көмек көрсетеді?». Күнделікті тіршілігі. Оянғаннан ұйықтағанға дейін күні қалай өтетінін сұрау керек. («Күніңіз қалай өтеді?»). («Алдымен қандай тіршілік жасайсыз, сосын не істейсіз?») Жұмыс жасау мен демалысы. Әлеуметтік — психологиялық анамнезі (мінез — құлқы, сана-сезімі, рухани жағдайы, ой-өрісі) – науқас туралы жеке тұлға ретінде маңызды және қажетті мәлімет анықталады. Соңғы 6 айдағы еңбекке қабілеттілігі.
Бассүйек нервтер қызметін бағалау БСН І жұбы — иіс сезу нерві: Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
Науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру, дәрігер науқастың оң жағына орналасады; Науқасқа көзін жұмуды және бір саусағымен мұрынның бір жартысын қысуды өтінеді, ашық жартысына дәрігер хош иісті затты жақындатады; Иісті сезуін сұрау және бұл қандай иіс екенін сұрау;
Екінші бөлігіне ауыстырып қайталайды;
БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нервіқызметін тексеріп бағалау:
көру қабілетін тексеру;
көру аймағын тексеру
Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай:
а) көру қабілетін тексеруді жүргізу; көру қабілетін арнайы кесте арқылы – Сивцев кестесі; Бөлме жарық, науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады;
Науқас бір көзін жапқышпен жабады, дәрігер әр қатарды көрсетіп науқасқа әріптерді атауды сұрайды; Осы әдіспен екінші көзін тексереді, қорытындыны бағалау;
БСН ІІІ, ІV, VІ жұптары – көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтері қызметін тексеріп бағалау:
көз саңылауын бірдейлігі мен ені – птоз-қабақтың түсіп тұруы;
көзалмасының орналасуын экзофтальм-бадыраң көз- шарасының шығып тұруы;
энофтальм – шүңірек көз –шарасының кіріңкі болуы;
көз қарашығының пішіні (дұрыс – дөңгелек, дұрыс емес); көлемі (үлкейген, кішірейген, екі жақата бірдей, бірдей емес) қарау;
Көз алмасы қимылының көлемін тексеру: дәрігер науқасқа қарсы отырып, оның иегін саусақтарымен ұстайды; дәрігер балғашаны 20см қашықтықта ұстап, оны оңға, солға, жоғары, төмен және науқастың мұрын ұшына қозғап алып келеді;