Уақытша еңбекке қабілетсіздіктің орташа мерзімдері: онша айқын бауыр – клеткалық жетіспеушілік белгілері жоқ аурудың жеңіл қайталауында – 4-5 апта, айқын бауыр – клеткалы жетіспеушілік белгілері бар аурудың ауыр қайталауында 2,5-3 айға дейін.
МӘСК жолдама беру көрсетпелері:портальдық гипертензия, төменгі және орташа дәрежелі бауыр – клеткалық жетіспеушілік бар бауыр циррозы.
Прогнозы. Бауыр циррозындағы патологиялық процесс қайтымсыз болып келеді, бірақ барлық ем – алдын алу шараларын сауатты іске асыру науқас адамның компенсациялы күйін анағұрлым созуға мүмкіндік береді. Жағымсыз болжам көрсеткіштері: 1) билирубиннің 300 мкмоль/л жоғары болуы; 2) альбуминнің 20 г/л төмен болуы; 3) ХҚҚ – 2,0 төмен (немесе протромбин индексі < 60%).
Профилактикасы. Бауыр циррозындағы профилактикалық шараларға этиологиялық факторларды жою немесе шектеу, созылмалы гепатит пен бауырдың майлы дистрофиясын емдеу, ауыр астенияда жұмыстан босату, бауырға жағымсыз әсер ететін өнеркәсіп факторлар мен дәрілерді жою жатады.
Қант диабеті. Қауіп факторлары. Жіктелісі. Клиникасы. Диагностика және емі. Қант диабетінің асқынуы. Күндізгі стационарға, ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.
Қант диабеті-инсулин секрециясы бұзылысы нәтижесімен, созылмалы гипергликемиямен көрінетін метаболикалық аурулар тобы.
Қауіп фактор: тұқым қуалаушылық, нәрестенің туғандағы салмағы 4кг және одан жоғары, семіздік, бір жұмыртқалы егіздер.
Классификация: 1тип; 2тип; инсулинтәуелді қант диабеті; инсулинтәуелсіз қант диабеті;компинсерленген қант диабеті; декомпинсерленген қант диабеті;
Клиника:шөлдеу, ауыздың құрғауы, полидипсия, полиурия.
Диагностика:негізгі диагностикалық шаралар: таңертеңгілік аш қарынға және тамақ қабылдағаннан 2сағаттан соң гилкемияны анықтау (глюкометрмен); зәрдегі кетон денелерді анықтау; ЖҚА; ЖЗА; ЭКГ;
Қосымша диагностикалық шаралар: С-пептидті анықтау; Іш қуысы ағзаларының, қалқанша безінің УДЗ-і. Қандағы кетон денелерін анықтау.