Спорт және қимыл ойындары дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек



Дата14.12.2021
өлшемі16,6 Kb.
#126831

Спорт және қимыл ойындары — дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, Президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.

Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады

Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.

Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Волейбол ойыны аумағы 9×18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі-220см, қыздар үшін 210см болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі 65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі рет қолын тигізуіне рұқсат етілмейді .

Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу құқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Қарсыласынан екі ұпай артықшылықпен жоғары ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі кезеңде ұтқан команда жеңген болып есептеледі. Әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады. Шешуші кезеңдерде бір команда 8 ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады.

Волейбол елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат

Алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.

Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою [].

Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетгі жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар.

Орын ауысытыру дегеніміз — техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақган сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру эдістемесі

Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:

Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық

Әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;

Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда

Ұстау;

10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық -физиологиялық



Құрылымын зерделі тексеру;

Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатын

Арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;

Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-

Ала белгілеу;

Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;

Алдағы болатынспорт жарыстарыныңмақсатыменміндетін

Ойыншылар мен бірлесе отырып талқылау;

Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін

Жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;

Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы

Органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;

10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.

Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.



Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалағыс да болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет