Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы


-бап - Конвенцияның қолданылуын аумақтарға тарату



бет27/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
38-бап - Конвенцияның қолданылуын аумақтарға тарату
      1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға бере отырып, кез келген мемлекет халықаралық қатынастар үшін өзі жауап беретін және осы Конвенцияның әрекеті қолданылатын аумақты немесе аумақтарды көрсете алады.
      2. Кез келген қатысушы мемлекет ЮНЕСКО-ның атына жіберілген мәлімдеменің соңында осы Конвенцияның қолданысын сол мәлімдемеде көрсетілген кез келген басқа аумаққа таратуы мүмкін. Конвенция осындай аумаққа қатысты депозитарий сондай хабарламаны алған күннен бір ай кезең өткен соңғы айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Алдыңғы екі тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлімдеме сондай өтініште көрсетілген кез келген аумаққа қатысты ЮНЕСКО-ның атына хабарлама жіберу арқылы қайтарып алынуы мүмкін. Мұндай қайтарып алу депозитарий сондай хабарламаны алған күннен бір ай кезең өткен соңғы айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет