VII. Қорытындыережелер 35-бап - Федеральдық немесе унитарлы емес конституциялық жүйелер Федеральдық немесе унитарлы емес конституциялық жүйесі бар қатысушы мемлекеттерге қатысты мынадай ережелер қолданылады:
(а) құқықтық заңды тұрғыда федеральдық немесе орталық заңнамалық органдары орындайтын осы Конвенцияның ережесіне қатысты федеральдық немесе орталық үкімет федеративті мемлекеттер болып саналмайтын қатысушы мемлекеттер сияқты міндеттерді атқарады;
(b) орындалуы федерацияның конституциялық жүйесіне сәйкес заңнамалық шаралар қабылдауға міндетті емес мемлекеттің құрамына кіретін жекелеген штаттардың, облыстардың, провинциялар немесе кантондардың заңды құзырына қарайтын осы Конвенция ережелеріне қатысты, федералдық үкімет көрсетілген ережелерді қабылдауға қатысты өз ұсыныстары туралы сол штаттардың, облыстардың, провинциялар мен кантондардың құзырлы билік органдарын хабардар етеді.