31-бап - Қатысушы мемлекеттердің Тараптар конференциясына ұсынатын баяндамалары Қатысушы мемлекеттер екі жылда бір рет Тараптар конференциясына Хатшылық арқылы ЮНЕСКО-ның ресми тілдерінің бірінде осы Конвенцияның ережелерін орындау мақсатында өздері қабылдаған шаралар туралы барлық тиісті ақпаратты береді.
32-бап - Тараптар конференциясының Хатшылығы 1. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Тараптар конференциясының Хатшылығын қамтамасыз етеді.
2. Тараптар конференциясының өтініші бойынша ЮНЕСКО-ның Бас директоры Тараптар конференциясымен келісілген шарттарда Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің қызметін барынша ықтимал мүмкін көлемінде пайдаланады.
3. Конвенциямен байланысты шұғыл шығыстар 17-бапқа сәйкес құрылатын Ерікті қордан тиісті деңгейдегі қаражат шеңберінде ЮНЕСКО-ның кәдімгі бюджетінен немесе әрбір екі жылда айқындалатын олардың тиісті қосылуынан қаржыландырылады. Кәдімгі бюджет қаражаты есебінен Хатшылықты қаржыландыру қатаң түрде аз көлемде, бұл ретте Конвенцияны қолдау үшін ерікті түрде қаржыландыру жүзеге асырылатын болған жағдайда, жүргізіледі.
4. Хатшылық Тараптар конференциясы үшін құжаттама және оның алдын ала отырыстарының күн тәртібін дайындайды, сондай-ақ оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.