және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан
тыс қабылдамауына кӛңіл бӛлу керек.
Белсенді сӛйлеуде пайдаланылатын сӛздер біртіндеп енгізілуі керек және
жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сӛздікті толықтыру фразалық
сӛйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.
Мағыналы мәтінді, тақпақтар, ӛтірік ӛлеңдер, санамақтардың екпін мен
мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет. Айтылу жағынан сӛйлеуін
жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сӛйлеуін жетілдіру үшін
мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:
– оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сӛздерді дұрыс айту;
– кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -
бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;
– қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар;
– сӛйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша
шығармашылық тапсырмалар;
– жеке сӛздер, сӛйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін
ӛзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар;
– рӛлмен оқу.
Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып,
оқушыны тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке
ұмтылуға оң ықпал етуге тиіс.
Қорыта айтқанда, жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға
тәрбиелейді.Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және кӛп қырлы
болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.
Білім мазмұнын жетілдіру үрдісінде мұғалімге оқушылардың білімді ӛздігінен
меңгерудің әдіс-тәсілдерін игертуді, оның дамытушылық жақтарына
басымдылық беруді қарастырады. Білім берудің жаңарған моделінде оқушының
«дайын білімді алушы» қалпынан оның танымдық процестегі «белсенді
субьект» қалпына кӛшуін қамтамасыз ететін коммуникативтік белсенділігін
күшейтуге мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: