Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас пайда болып, оқытудың
жаңа технологиясы ӛмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге
асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен ӛзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты
сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік және кӛптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер ӛзгертіліп, білім берудің тиімді деп
танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең
үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани ӛсуіне
жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, ӛз әрекетіне ӛзгеріс
енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың
үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,
ӛзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
Оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын
қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс
түсінік қалыптастыру.
Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда
жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сӛзге аса мән беріп курста оқыған
модуль туралы қысқаша тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: