Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет6/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

№2.
Мәтінмен жҧмыс:
Қадыр - менің әкем. Еһ, шіркін дүние-ай десеңші. «Әке» деген сӛзді 
айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. 
Балалар менің әкем ӛйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін 
болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. 
Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Ӛйткені, ол майданға 
аттанғанда, мен екі жастамын. (Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол 
кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...) 
Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гӛрі басқадай 
болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім 
әкесіз жетім ӛскендігімнен де шығар. 
Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың ӛздері 
кейде «жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп, еске алып, 
армандап отырмай ма? Шіркін, менің әкем тірі болса деп, бала Қожа еріксіз 
әкесін есіне алып, сағыныш сезіміне беріліп кетті. Отбасында әке орны бӛлек, 
асқар тау ғой! 
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"
 
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. 
1. Қожаның әкесінің аты кім? 
2. Қожа әкесімен мақтана алмауына не себеп болды? 
3. Қожаның арманы қандай? 
4. Мәтін кейіпкері қандай адам? 
2-тапсырма. Мәтін бойынша тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
Ҥлгі: 
әке+м 
3-тапсырма. «Менің әкем» тақырыбында шағын әңгіме жаз. 
 
№3

 Қазақ дастарқаны
 
 
Қазақтар сүттен уыз, ірімшік, қатық, іркіт, сүзбе, қүрт, қаймақ, сары 
май, қымыз, саумал, шұбат, кӛже, малта жасаған.
Каспий, Арал, Балқаш, т.б. теңіз, кӛл, ӛзен суларының тӛңірегін мекендейтін 
халықтың дастарқанынан жыл бойы балық тағамдары да үзілмеген.


Ӛсімдік, жеміс-жидек, т. б. тағамдарды «жұмақтың асы, оны ішіп- жеу 
сауап» дегені - халқымыздаң олардың денсаулыққа пайдалылығын ертеден ақ 
білгені. Тарыдан сӛк, жент, жарма, ұннан бауырсақ, кӛмеш, таба нан, т. б. 
жасаған.
Қазақ халқы адамның жынысы, жасы, еңбегінің түріне қарай 
тамақтана білген. Күнделікті ішетін тамақ құрамында адам тіршілігіне ӛте 
қажетті элементтердің болуын кӛздеген. «Жаман ауруға жақсы ас»,- деп 
түйіндеген. Аурудың түріне қарай тағамдарды сұрыптаған. Айталық, ӛқпе 
ауруына қымыз, шұбат ішкізген. Суық тигенде құйрық май шыжғырып 
ішкізген. Қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжолов: « Болса денің, бойың сау- 
ақылың сау, ойың сау»,- деп тамаша тұжырымдаған.
Қазақ халқы денсаулыққа қажет жағдайлардың бәрінің ішінен «Ас- 
адамның аркауы» деп тағамның қасиетін ӛте жоғары бағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет